СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жануарларға деген мейірімділік сезім

Нажмите, чтобы узнать подробности

...............................................................................................................

Просмотр содержимого документа
«Жануарларға деген мейірімділік сезім»

Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні / Дата проведения: 24.09.2018

Тәрбиешілер / Воспитатели :

Білім беру саласы / Образовательная область: Таным,

Пән / Предмет: Жаратылыстану,

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Жабайы жануарлар әлемі

Тақырыбы / Тема: " Жабайы жануарларға деген мейірімділік пен сыйластық сезім»

Мақсаттары / Цели :

  1. 1. Тәрбиелік – воспитательная: Жануарларға деген мейірімділік пен сыйластық сезіміне тәрбиелеу., Музыканы сүйісіне тындауға тәрбиелеу., қоршаған орта және жануарлар туралы білімдерін кеңейту;

2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту., Музыкалық ойлауды дамыту., балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету; техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру; өз қиялдарын дамыта отырып кірпіні қиып алуға, оны ұқыпты жапсыруға үйрету, . Тілдерін дамыту

3. Оқыту – обучающая : Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы  түсініктерін қалыптастыру., Музыкалық есту өкілдіктерін байыту, есту бойынша тапсырмаларды орындау., Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Тапсырманы орындау

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.Интерактивті тақтамен жұмыс, интеграция.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : Бояу парақтары, тыңдау арқылы интерактивті ойын.,ақ қағаз, түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы .

Көп тілділік полиязычие: Орман/ лес forest ,Кірпі/ Ежик - Hedgehog Сазгер/ композитор- composer,жануарлар- животные- animals.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

ғажайып сәт:

Қонаққа кірпі келеді. Балалармен амандасады,(балаларда кірпімен амандасады,кірпінің келгеніне қуанады)

Кірпі: балалар сендер менің қайда өмір сүретінімді білесіңдер ме?(балалардың жауабы)

олай болса күзгі орманға саяхатқа шығып келейік.Мен сендерге ормандағы жануарлармен таныстырамын.

Тәрбиеші: балалар орманға немен барамыз?(балалардың жауабы: паровозбен) Жарайды, паравозбен барайық .Олай болса бір-біріміздің артына тіркесейік те жолға шығайық.(Балалар бір-бірінің артынан тіркесіп ұстайды) Ту-ту-ту! кеттік.

2.Негізгі бөлім

Тәрбиеші: балалар біз орманға келдік, Күзгі орман не деген әдемі еді ия балалар?Балалар жануарлармен табиғат тығыз байланыста деп ойлайсыңдар ма? ия балалар жануарларда табиғаттың бір бөлшегі, сондықтан біз жануарларды аялай, қорғай білуіміз керек., ал кірпі бізді орманмен, орман жануарларымен таныстыр.

Кірпі: балалар сендер білесіңдер ме, Орманда қандай жануарлар өмір сүреді?

Балалар орманда өмір сүретін жануарлары атайды(қасқыр, түлкі,аю,қоян т.б)

Олар қалай өмір сүреді? Не жейді? Үйлерін қалай атаймыз?

Тәрбиеші: біз бұл сұраққа жеке-жеке жауап береміз, Алина сен айтагой жабайы жануарлар не жиді?

Алина: жабайы жануарлар өз тамақтарын өздері тауып жиді, орманда көптеген жеміс-жидектер болады, соларды да жиді,

Айдос ормандағы жануарларда үй болама? (Айдостың жауабы) дұрыс балалар ормандағы жабайы жануарлар өздеріне үңгірден апан, жасап алады екен.

Енді интерактивті тақтаға қараңдар, суреттермен жұмыс.Тақтада жануарлар және олардың өмір тіршілігі туралы суреттер болады.(балалар сурет бойынша әңгіме айтады.

Ойын: "Үй жануарлары және жабайы жануарлар"

Мақсаты: Балалар үй жануарлары мен дала жануарларын ажырата білуге үйрету.

Шарты: ойынның шарты бойынша, үй жануарларын айтқанда қолдарын шапалақтау керек, жабайы жануарларды айтқанда аяқтарымен топылдату керек.

Балалар ойынды ойнайды.

Көп тілділік полиязычие: Орман/ лес forest ,Кірпі/ Ежик - Hedgehog Сазгер/ композитор- composer,жануарлар- животные- animals.

Сергіту сәті:
Ормандағы аю, қонжық, ұялардан бал іздеді.
Мойындарын оңға бұрды, мойындарын солға бұрды,
Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.
Оңға бір, солға бір, ағаштарды байқап көрді.
Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.
Оңға бір, солға бір, қуанғаннан билей берді

Кірпі: балалар сендерге орманға саяхаттаған ұнады ма? (балалардың жауабы)

3.Қортынды

Олай болса орманға саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.ол үшін паровозға мінейік бір-біріміздің артымыздан тіркесіп жүрейік Ту-ту -ттуу кеттік(балалар бір-бірінің артына тіркесіп, музыка залына кіреді)





















Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні / Дата проведения: 24.09.2018

Тәрбиешілер / Воспитатели : Садвокасова В.А,

Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық

Пән / Предмет: Жапсыру

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Жабайы жануарлар әлемі

Тақырыбы / Тема: " Саңырауқұлақ терген кірпі»

Мақсаттары / Цели :

  1. 1. Тәрбиелік – воспитательная: Жануарларға деген мейірімділік пен сыйластық сезіміне тәрбиелеу., Музыканы сүйісіне тындауға тәрбиелеу., қоршаған орта және жануарлар туралы білімдерін кеңейту;

2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту., Музыкалық ойлауды дамыту., балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету; техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру; өз қиялдарын дамыта отырып кірпіні қиып алуға, оны ұқыпты жапсыруға үйрету, . Тілдерін дамыту

3. Оқыту – обучающая : Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы  түсініктерін қалыптастыру., Музыкалық есту өкілдіктерін байыту, есту бойынша тапсырмаларды орындау., Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Тапсырманы орындау

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.Интерактивті тақтамен жұмыс,

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : Бояу парақтары, тыңдау арқылы интерактивті ойын.,ақ қағаз, түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы .

Көп тілділік полиязычие: Орман/ лес forest ,Кірпі/ Ежик - Hedgehog Сазгер/ композитор- composer,жануарлар- животные- animals.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші: балалар паровоздарымызға мінейік, енді топқа қарай жүрейік (балалар-бір бінінің атына тіркесіп топқа келеді)

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

Кірпі: балалар сендерге бүгінгі күзгі орманға саяхат ұнады ма?Нелерді кездестірдіңдер?

Балалардың жауабы.

2.Негізгі бөлім

Тәрбиеші: балалар кірпі бізді саяхатқа апарды,Орманды көрсетті, ормандағы жануарлармен таныстырды. Қандай жануарлар мекендейді екен? Жануарлардың қимылын салайықшы, "Түлкі" , "Қоян","Қасқыр", "Аю" аңдары қалай жүреді екен,?(балалар жануарларды қимылмен көрсетеді) Тамаша!өте жақсы!

Енді біз кірпіге арнап достарын салып , жасырып берейік.

(балалар қуана келіседі) ол үшін бізге керек құралдар алдарыңызда жатыр,олар ақ парақ,түрлі-түсті қағаздар, желім керек. Мына суретке назар аударыңыздар, ненің суреті екен?Дұрыс кірпінің,кірпі арқасына саңырауқұлақ теріп алып ты , енді осы суретке қарап , бізде кірпінің суретін салайық, оны мұқият қияйық, балалар қайшы ұстағанда абай болыңдар, бір жерлерің ді кесіп алмаңдар,Ал енді жұмысты бастаңдар! балалар жұмысқа кіріседі.Қиналған балаларға қол ұшын береміз.

Сергіту сәті:"Саусақ жаттығуы"

Саусақтар шынжыр болады

үзілмейді тартсаңда

Ал піл келіп шынжырды

үзіп кетті басқанда

тұмсығымен доп іздеп,

ойнағысы келіп тұр,

Достық үшін пілге мен,

гүл слағым келіп тұр.

Ойын:"Ормандағы аю" балалар ойынды ойнайды.

Көп тілділік полиязычие: Орман/ лес forest ,Кірпі/ Ежик - Hedgehog Сазгер/ композитор- composer,жануарлар- животные- animals.

Тәрбиеші: кірпі сенің бүгінгі бізге көрсеткен саяхатың үшін көп рахмет, міне балалардың саған арнап жасаған силығын қабыл ал.(кірпі силыққа риза болып, балаларға рахметін айтып, қоштасып кетеді.

3қортынды

Балалар біз бүгін қайда бардық? орманда сендерге не ұнады? кірпіге не жасп бердіңдер?(балалардың жауабы) Балалар бүгінгі сабаққа жақсы ат салысқандарың үшін көп рахмет. Кәне бәріміз орнымыздан тұрып, ризалығымызды білдіріп, қол шапалақтайық.