СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаратылыстану "Көліктер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды суда,жерде,ауда жүретін көліктермен таныстырып білімдерін кеңейту.Жаратылыстану пәні бойынша қызығушылықты артыру.

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану "Көліктер"»

Екінші кіші тобының ұйымдастырылған конспекті.


Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

Өтпелі тақырып:

Пән:Жаратылыстану

Тақырыбы:Көліктер

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балаларды суда,ауда , жерде жүретін көлік түрлерімен таныстыру.

Дамытушық: Жолда жүру ережелері туралы білімдерін толықтыру.
Оқыту:   Жолда жүрген кезде міндетті түрде ережені сақтауға тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар: слайд-шоу көліктер,түсіндіру,сұрақ жауап көрсету, түсіндіру қайталау

Ресурстармен қамтамасыз ету:Машиналардың суреттері. Жол жүру ережелерінің суреттері. Ауыл мен қала көшелерінің  макеті мен суреттері.
Сөздік жұмыс: баған, аспалы,сым жол.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: балаларды шеңберге жинап «Бақыт гүлі» арқылы ыстық лебіздерін айтқызу.   
-Ал балалар осы сендер балабақшаға таңертең немен келесіңдер?     
-Жеңіл көлікпен.
- Иа барлықтарың көлікпен келеді екенсіңдер, ал сол машинаны неге сендер айдап келмейсіңдер?
- Біз әлі кішкентаймыз, жүргізу куәлігі жоқ, ұстап алса айып-пұл салады деген.    
-Дұрыс айтасыңдар біз ауылда тұрсақта жол жүру ережесін қатаң сақтауымыз Ілезде жеткізеді жерге қашық. (автомобиль)
Д/о «Кім жылдам» ойынын ойнайық ол үшін топ 3-ке бөліну керек, сосон жол жүру белгісін дұрыс құрастырып және мәнін түсіндіреміз.
-Дұрыс ал енді балапандар біз сендермен саяхатқа барамыз. Ол үшін алдымен саяхатқа шығатын көлікті таңдап алуымыз керек.
-Сендерге қандай көлік түрлері ұнайды?
-Қандай көлік түрлерін білесіңдер? /суреттермен жұмыс/т б
Осы сұрақтарға жауап алынған соң орындарымызға жайғасып отырамыз да….
Тыныштық сәті:  Баяу әуен үнімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеміз. Аялдамадан бәріміз үлкен туристік автобусқа мінеміз. Теміржол вокзалына жеткен соң, пойызға мініп портқа қарай жол тартамыз. Содан үлкен кемеге мініп, әуежайға көл арқылы жүзіп барамыз.Әуежайдан Қазақстан Ан-24 ұшағына мініп көк аспанды  бір айналып,мектеп ауласына ұшып келеміз. Көзімізді  ашып, қандай сезімде болғанымызды айтып бөлісеміз.
Негізгі болім:
М.Әлімбаевтің «Троллейбус» өлеңімен танысамыз.
Бағанға ілінген
Аспалы сым жолы бар,
Көшелерде жүгірген
Троллейбус жолығар.
Сым жолымен зулайды,
Басқа жаққа бұрмайды.
-Троллейбусқа кім мініп көрді? /суретімен таныстыра кету керек/
-Троллейбустың автобустан қандай айырмашылығы бар екен?
- Сым жолмен қалай жүреді?
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қанатымызды жаямыз,
Ұшақ болып ұшамыз.
Суда жүйткіп жүземіз.
Кемелерді түземіз,
Жол тәртібін сақтап,
Троллейбусқа мінеміз./қимылдарын көрсетіп жасаймыз/
Дидактикалық ойын: «Жолдан өте аласың ба?»
Шарты: екі топқа бөлініп ауыл мен қала көшелерінен өтеміз. 1 топ ауыл көшелерінен өтсе, 2 топ қала көшелерінен яғни бағдаршамға, жол белгілеріне қарап өтулері керек./одан кейін орындарын алмастырады/
Сабақты қортындылау:      
-Қандай көлік түрлерімен таныстық?    
-Көліктің маңызы қандай?
-Көліктің  зияндығын ата      
-жол жүру ережесін  не үшін сақтау керек?
-автобустан түскендене әстеу керек?
-жол бетіндегі ала жол кім үшін?
Қорытындысы:

Сонымен балалар біз көп нәрселермен таныстық, сабақ сендерге ұнады деп ойлаймын қазір енді осы өздеріңе ұнаған көлік түрлерін жапсырып сабақты аяқтаймыз.