Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар.Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады.Біз оны көрмейміз,бірақ маңайыңда екенін сеземіз. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көреміз, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сеземіз.Тіпті басын шұлғып,ырғалған шөптерді байқаймыз.Бізді үнемі қоршап тұрады.Бізбен мен бірге жүреді. Барма жоқпа оны анық білмейсің Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.Ол не? (ауа) Топтық жұмыс .Кластер жасау. -Ауа туралы не білесіңдер? -«Ауа» туралы білетінімізді топтастырып жіберейікші. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Айырмашылығын тап ойыны. Мақсаты: Заттардың себеп-салдар байланысын анықтау, Жер ғаламшары мен Марс (Қызылжұлдыз) ғаламшарларын салыстыру. Оқулықта берілген ғаламшарлардың суреті бойынша әңгімелеу. Сұрақтарға жауап беру. Жетекші сұрақтар: - Жер ғаламшары мен Қызылжұлдыздың түстері қандай? - Ғаламшарлардың қайсысы қызыл түсті? - Жер туралы не айта аласың? -Қызылжұлдыз ғаламшары неліктен қызыл түсті деп ойлайсың? - Қызылжұлдызда тіршілік бар ма? Неге олай ойлайсың? - Оқулық кейіпкерлерінің қайсысын Қызылжұлдызға жіберер едің? Неліктен? - Скафандр не үшін қажет? Ойыңмен бөліс. ҚБ. Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы. Оқулықпен жұмыс Ауаның құрамы. Мақсаты: Ауа құрамын анықтап, ауада қандай зат көбірек кездесетінін сипаттау. Жетекші сұрақтар арқылы ауаның құрамымен танысып, олардың атауларына назар аудару. Сұрақтар: Диаграмма неге ұқсайды? Торттың ең үлкен бөлігі қайсысы? Оны қалай атайды? Ауадағы оттек қайдан пайда болады? Оттекті фотосинтез үдерісі кезінде өсімдіктер бөледі.) Дем шығарғанда қандай газ бөлінеді? Ауадағы басқа да газдар қалай пайда болады? ҚБ. Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы. Жұптық жұмыс От пен ауа. Мақсаты: Оттың жану себептерін анықтау. Оқушылар жұптасып, оқулықта берілген суретті талдайды. Суретшінің қандай қате жібергенін анықтап, оттың қай кезде жанатынын және қай кезде жанбайтынын сипаттайды. Әр жұп өз ойларымен бөлісіп, қорытынды шығарады. Кесте толтырады. Отты тұтандырады | Отты өшіреді | | | | | | | Дескриптор: 1. Отты тұтандыратын заттарды дұрыс анықтады. 2. Отты өшіріетін заттарды дұрыс анықтады. ҚБ. «Жұлдызшалар» арқылы тапсырманы бағалау. Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Оттың жануына ауа қажет деген болжамды қалай дәлелдеуге болатынын анықтау, оттың жануы үшін ауа қажет екенін түсіну. Ресурстар таратылады: Үш балауыз шам тәрелкелердің дәл ортасына бекітіледі, бір литрлік және үш литрлік құтылар. Зерттеудің болжамын анықтау: -Оттың жануына ауаның қажеті бар ма әлде жоқ па екендігін болжау; - Оттың жануына ауаның қажетін дәлелдеу. Зерттеу жұмысын оқушылар жұптасып жүргізеді. Зерттеу жүргізуге нұсқаулық: - Балауыз шамдарды жағып, екі балауыз шамның үстіне бір уақытта бір литрлік және үш литрлік құтыларды қойып, біреуін ашық қалдырады. - От жану үдерісін бақылайды. Саралау: Ынтасы жоғары оқушылар жұбына немесе жеке оқушыға бұл тәжірибені басқаша жасау жолын құрастыру ұсынылады. ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен дене жаттығуларын орындау, билеу. Мұғалім-оқушы диалогі. Ойлан. Мақсаты: Ауаның құрамы неліктен өзгеріске ұшырайтынын анықтау. Жетекші сұрақтар арқылы ауылды жерлер мен өнеркәсіп орындары бар жерлерде тыныс алудың маңызы туралы ой қорытады. Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады. 49-жұмыс парағы. «Ауаның құрамы», 51-б. Ауа неден құралады? Диаграммада берілген орынға сәйкес келетін газ атауын жазады; диаграммадан тірі ағзалар тыныс алғанда жұтатын газды анықтайды да, осы жерді қызыл түспен бояйды; адамдар мен жануарлар дем шығарғанда бөлінетін газды жасыл түспен бояйды. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: Құрамының өзгеруі. Ауадағы газдың көлемін көбейтетін заттардың атауын сәйкес шеңбердің тұсына жазып шығады. 50-жұмыс парағы. «От», 52-б. Орналастыр. Оқушылар отты тұтандыратын жағдайларды тауып, сызбаның сәйкес бағандарына жазу. Дескриптор: Оқушылар: Отты тұтандыруға қатысты суреттерді анықтайды; Отты өшіруге қатысты суреттерді анықтайды; Сызбаның сәйкес бағдарына тиістісін жазады. Қауіпсіздік ережелері. Оқушылар үйде өрт шығудан сақтайтын қауіпсіздік ережелері туралы сөйлемдер құрап, оларды жазып қояды. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы. |