Сабақтың басы 1.Қолдану Уақыты: 5 мин | «Төрт арқа» түйістіру әдісі арқылы оқушылар топтарға бөлінеді (+ сергіту сәті, себебі соңғы сабақ) Үйымдастыру: амандасу, оқушыларды түгендеу Үй жұмысын тексеу барысында сынып балаларын топтарға бөлу. Уақыты: (6 мин)  Бағалау: өзара дәптермен алмасу Жұмыс түрі: жұптық «Ой қозғау» «Үш конверт» әдісі Мұғалім топтарға конверт ішіндегі сөздерді, және көрнекілік ретінде литосфералық тақталар атты картаны ұсынады. Тапсырма №1. 6- сыныпта өткен алған білімдеріне негізделіп, конверт ішіндегі қажетті сөздерді, суреттерді пайдаланып тірек-сызба құрыңыздар. /материктік/ мұхиттық/ Наска/ Солтүстік Америкалық/ Тынық тақтасы/ Үнді-Аустралия/ Африкалық/ Оңтүстік Америкалық/ Еуразиялық/  Жұмыс түрі: топтық жұмыс Әрі қарай мұғалім оқушылардың назарына ғаламторға шығу арқылы «Тақталар қозғалысы» атты бейне-ролик көрсетеді. Бұл бейнеден қандай мағлұматтар алдыңыз? Тақталар қозғалысы қалай жүзеге асады? Оқушылардың жауаптарын ала отырып, мұғалім оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтайды. Бағалау критерийлері 6- сыныпта өткен тірек-білімдеріне негізделіп, конверт ішіндегі қажетті сөздерді, суреттерді пайдаланып тірек-сызба құрады. Дескрипторлар | Оқулық, дәптер Мультимедиа, ғаламторға шығу http://hotaccident.net/zemletryasenia-online.html |
Сабақтың ортасы 2. Талдау Уақыты: 15 мин | Мұғалім 3 топқа тақырыпшаларды бөледі. топ: ЛТ қозғалысы қалай жүреді? топ: ЛТ қозғалысы қандай болады? топ: ЛТ қозғалысы кезінде пайда болатын жер бедерінің пішіндері Бағалау критерийлері Атлас карталары бойынша литосфералық плиталардын шекараларын көрсетеді, тақталардың жылжу жылдамдығын және себебін анықтайды. Дескрипторлар Атлас бойынша литосфералық тақталарды атап, көрсетеді; Астеносфера бойымен жылдық жылдамдығын көрсетеді; Тақталардың жылжу v әртүрлі болу себептерін түсіндіреді. Тапсырма № 2 ЛТ шекараларын шекараларын көрсете отырып, тақталардың жылжу жылдамдығын кестеге түсіріп, материктік және мұхиттық тақталардың жылжу жылдамдығының әртүрлі болу себептерін анықтаңыз.  Тапсырма № 3 Магма астеносферада үздіксіз қозғалыста болып, ЛТ қозғалыс дрейфін тудыратыны белгілі. ЛТ қозғалысының үш бағытын анықтаңыз. Бағалау критерийлері Литосфералық қозғалыстардың түрлерімен танысу Дескрипторлар ЛТ қозғалысының үш бағытын анықтайды; Тақырыпқа қатысты терминдер анықтамасын дұрыс жазады; ЛТ қозғалысының үш бағытын көрсететін сызба жасайды. Көмекті қажет ететін оқушыға арналған ЖҰМЫС АЛГОРИТМІ: Мәтін және 52, 53, 54–ші суреттердің негізінде ЛТ қозғалысының үш бағытын көрсететін сызба жасаңдар. Сызбаны сандық деректер, қысқаша түсіндірмелер, қосымша шартты белгілер және элементтермен толықтырып анықтаңыз. Дивергенция, конвергенция, ығыспалы орын ауыстыру, рифтинг және спрединг сөздеріне анықтама беріңіз.     Тапсырма № 4Ұсынылған суреттерге қарап, «Жер қыртысының құрылымы» мен физикалық картаны пайдаланып тақталар арасында тақталар қозғалысының түрін анықтап, жер бедерінің пішінің анықтаңыз.  Бағалау критерийлері ЛТ қозғалысы кезінде пайда болатын бедер пішінін анықтайды Көмекті қажет ететін оқушыларға ЖҰМЫС АЛГОРИТМІ: Тақталардың атауын табу; Терминдерді сәйкестіру; Физикалық картаның көмегімен жер бедерінің пішінің анықтау; Суреттермен жұмыс жасау. | Тақырыптық карталар, д/ж физикалық картасы, оқулық |
Сабақтың соңы Жинақтау Уақыты: 10 мин Бағалау Уақыты: 3 мин | «Өрмекшінің өрмегі» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді. (20-25 сұрақ) Жұмыс түрі: ұжымдық жұмыс  «Нысана» әдісі Жұмыс түрі: өздік жұмыс  Үй жұмысы: Литосфералық плиталар теориясына сәйкес, келешекте материктердің кескіндемесі өзгереді. Алған білім мен «Жер қыртысының құрылымы» картасы негізінде «ХХІІ ғ. материктердің кескіндемесі» атты өз сызба- суреттеріңді/ карталарынды ұсыныңдар.   Зияткерлігі жоғары оқушылар үшін балама тапсырма: Литосфералық тақталар қозғалысының салдары қандай? Берілген сілтеме бойынша http://zeml.info/сейсмология-онлайн атты картасын пайдаланып соңғы тәулік ішінде жер сілкінісі байқалған аймақтарды атаңыз, литосфералық тақталар қозғалысымен байланыстырыңыз. | Ғаламтор Сілтеме: http://zeml.info/ |