СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ж?ректен-ж?рекке" ?йірмесіні? та?ырыбы: "Ар-?ждан – адамды? ?лшемі"

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ар-?ждан, намыс, ?ят, абырой туралы д?рыс, жа?ымды к?з?арас ?алыптастыра отырып, олар?а адалды? пен ?ділдік, ?дептілік пен сыпайылы?, кішіпейілділікпен мейірімділік, ізгілік пен имандылы? ?асиеттерді? б?рі ар-?ят, ?ждан тазалы?ынан туындайтыны туралы т?сінік беру.

Просмотр содержимого документа
«"Ж?ректен-ж?рекке" ?йірмесіні? та?ырыбы: "Ар-?ждан – адамды? ?лшемі"»

«Жүректен-жүрекке» үйірмесінің отырысы


28.12. 2015ж.

Тақырыбы: «Ар-ұждан – адамдық өлшемі»

Өткізілу формасы: дөңгелек үстел

Мақсаты: Ар-ұждан, намыс, ұят, абырой туралы дұрыс, жағымды көзқарас қалыптастыра отырып, оларға адалдық пен әділдік, әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділікпен мейірімділік, ізгілік пен имандылық қасиеттердің бәрі ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайтыны туралы түсінік беру.

Міндеттері: 
- адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін аша отырып, адам өмірін реттеуші, адами абзал қасиеттердің өлшемі екенін таныту. 

- «Ар-ұждан» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

- ар тазалығына жету үшін өз әркетін талдап кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы адамдық биігіне өздігінен көтерілуге, ар-ұждан тазалығына баулу. 

- өмірлік әрекетіне, өз мінез құлқына сараптама жасап, өзіндік бағдарын анықтай алу, мүмкіндігін дамыту. 

Барысы: 

Пікірлесу сұрақтары
1. «Ар»; «Намыс»; «Аброй»  сөздерінің мағынасын ашу

2. «Ақылды болсаң, арыңды сақта, 

Ар-ұждан керек әр уақытта» нақыл сөзі оқылады, мағынасы талданады. 

3. «Ар-жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті және басқаларды анытайтын адамгершілік ұғымдардың мәнін ашу.

4. Адамның іс-әрекетін ақиқат, шындық пен әділдік жөніндегі ұғымдарын талдау.

5. Ар-парыздың бақылаушысы, адам өмірін реттеуші екенін дәлелдеу. 

6. Адамның өз кемшілігін білуі не үшін қажет?

7. Ар-ұждан адамға табиғаттан берілетін қасиет пе?

8. «Ар-намыс» «қадір-қасиет» «бедел» деген сөздердің мағынасы?

9. Ар-намыс –азаматтың немесе заңды тұлғаның қоғамдағы қатынасын анықтайтын және  жеке тұлғаға берілетін әділ баға деп есептеуге бола ма?

10. «Қадір-қасиет – жеке тұлғаның ішкі өзі-өзін бағалауы, өзінің қасиеттерін, қабілеттерін, дүниетанымын, парызының орындалуын және өзінің қоғамдағы орнын түсіне білу» деген пікірге келісесің бе?

11. Намыс жеке тұлғаның субъекті бағасын анықтайды ма?

12. «Ар-намыс, қадір-қасиет адамның  жоғарғы қоғамдық құндылығы» деген пікірді талдау.

13. Адамның ар-намыс, қадір-қасиеті сезімі мен санасы бір — бірімен біріккен, бірақ оларды бір-бірінен бөліп қарауға болма ма?

«Ұят-жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық. Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар-адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді. Адамдық пен ар-ождан, әдептілік пен сыпайылық – сатылмайтын қымбат асыл тас.