СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жыр алыбы-Жамбыл"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:Жыр алыбы-Жамбыл

Мақсаты:Жамбыл өлеңдерін  шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай бліуге баулу; оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру; ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілік , елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Мұғалім: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан , жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 170жас толып отыр.

Просмотр содержимого документа
«"Жыр алыбы-Жамбыл"»

Тақырыбы:Жыр алыбы-Жамбыл

Мақсаты:Жамбыл өлеңдерін шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай бліуге баулу; оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру; ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілік , елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Мұғалім: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан , жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 170жас толып отыр.

Балауса: Жүзге кеп бақыт тапқан -ақын Жамбыл

Дүниеге түгел кеткен -атың Жамбыл

Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің

Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл

Көтерген көкке төбе тірелгенше

Иеді көпшілікке басын Жамбыл

Айдана: Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе-мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап , жазу-сызуды білмес де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді. Кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды. Ол "Көрұғлы" ,"Мұңлық- Зарлық" ,"шаһнама ", "Қыз Жібек" сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.

Ақтоты: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.

Жамбыл қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауының етегінде 1846ж 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған. Жастайынан өлеңді қолма-қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйсінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.

Жібек: Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырлау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, "Халық поэзиясының алыбы" , "ХХ ғасырдың Гомері" ,"Жамбыл менің жай атым, халқым менің шын атым" деген ұлы тұлға. 1936ж "Ленин" орденімен, 1939ж "Құрмет белгісі" орденімен марапатталады. 1941ж КСРО Мемлкеттік сыйлығы берілді. Бақтыбай, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбетті жеңіп Жетісудың атақты ақыны атанды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері, дастандары бар.

Мұғалім: Жамбыл -жүз жасаған адам, соның 85 ж ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі.

Медет: "Халық-менің шын атым"

Жамбыл менін жай атым

Халық-менің шын атым

Жай- құйрығым, қанатым

Қазақстан -Отаным

Қалаған бақыт мұрасын

Кеңес- менің мыңдап жыл

Аңсап тапқан мұратым

Жаңқамды жауға бермеске

Отанға берген бір антым

Миллион-миллион барлық жан

Арыстан жүрек ер балам

Сарқылғанша тамшы қан

Қорған, шебін құратын

Жау мойынын жұлатын

Антым осы болатын

Бақыт: Балалар , амаңбысың, шырақтарым

Майысып көлге біткен құрақтарым

Жүрмесем есендесіп , тұра алмаймын

Ішінен асып ктсе бір аптаның

Қонаққа келді міне Жамбыл атң

Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам

Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған

Қуанып жастығына сенбей ботам

Білемін өмірлерің тұрған жайнап

Күндіз- түн жастық үшін жарық сайлап

Ай, жұлдыз, күннің көзі, желі менен

Бәрі де сендердікі, әлемге айғақ

Жардем: Менің пірім- Сүйінбай

Сөз сөйлемен сыйынбай

Сырлы, сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай

Сүйінбай деп сөйлесем

Сөз келеді бұрқырап

Қара дауыл құйындай

Екпініме кезіккен

Кетер ме екен жығылмай

Құлаштап бір кетейін

Көбін құсап тығылмай

Рамазан: Осынау жалпақ жалғанда

Жамбыл қартың талмады

Іздеуден шындық жүрегі

Бір уақыт та тынбады.

Жетпіс бес жыл өткенше

Дауылда ұшқан кептерше

Көз ұшында бұлдырап

Қуған шындық зарлады

Ұшқыр оймен ұмтылды




Арнат: Сонда да оған жетем деп

Кешусіз теңіз, асусыз

Таудан да зырлап өтем деп

Бөгеттен бірақ өте алмай

Шындыққа қуған жете алмай

Ұзақ жүрдім тепеңдеп

Айдана: Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты

Тоқсаннан әрі кетіп жүзге асты

Шебер сөз, асыл меруерт, шаттық күйі

Жамбылдан енді, сірә құтылмасты

Бұл Жамбыл көрген бұрын талау-таран

Кез болды енді оған алтын заман!

Кең жатқан байтақ ұлан шежіремін

Тарихтың домбырасын қолыма алам!

Балауса: Жасымнан атым аян Жамбыл едім

Сүрінбей қара өлеңге даңғыл едім

Самғасам сары түнде шалдырмайтын

Қарқырап қайран даусым қалды менің

Шалқыған самғап көкке қайран әнім

Кіргіздің талай жерде тойдыҢ сәнін

Жібек: Атаңнан балам ал балам

Арғымақ атқа мін балам

Ақ сақалым желбіреп

Артыңнан қарап мен қалам

Құлағында құлыным

Даусым жүрсің жырлаған

Алдайым арлы едің

Ата сөзің сыйлаған

Ақтоты: Хатыңды, балам, оқыдым,

Халінді білдім сапардан

Қуанып саған отырмын

Гвардеец атанған

Сұраншы, Саурық секілді

Болыпсың, балам, қаһарман

Қайтармай жаудан бетіңді

Қаптаған қолға қасарған

Бақыт:Ленинградтық өренім

Мақтанышым сен едің!

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін

Көпіріне қарасам

Көмкерген су көлемін

Өркеш-өркеш жарасқан

Шоқылардай дер едім...

Жібек: Тізілген таулары бар Жетісудың

Ішінде орман, тоғай біткен нудың

Дариядай тулап аққан сол таулардан

Көресің тамашасын аққан судың

Есепсіз тау суреті көз жетпейтін

Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін

Өрік,алма, алмұрт, жиде, жемістер көп

Бір татсаң аузыңнан дәм кетпейтін...

Мұғалім: Жамбылды ұлы ақын етіп түлеткен де, парасатты азамат етіп көкке ұшырған да, қос ғасырдың тізгінін қолына ұстатып абыз еткен де арғыдан келе жатқан ата салтымыз.

Біз мұның көрінісі ретінде жас кезінде Айкүміспен айтысынан көреміз.

Айкүміс пен Жамбылдың айтысы

Көрініс: "Баласы Алғадайды майданға шығарып салуы"

Мұғалім: Сиынып аруағына бабамыздың

Киесін ұққандаймыз даламыздың

Жырлары -шежіресі еліміздің

Сырлары- сағынышы санамыздың

Өлең сөздің туын ұстап жырлаған

Жамбыл бабам, жалын бабам, жыр бабам

Алатаудың ақ иығы Сүйінбай

Шыңға бастап, өзіңе ұстаз пір болған\

Ұстазыңның сән дәстүрін жалғадың

Шыңға шықтың, құламадың, талмадың

Қазақ деген халық барын әлемге

Жырларырмен таныттың сен, тарланым!