Просмотр содержимого документа
«Луажщукдм ьжукьажукьмж. атмдлутм»
Күні 15.01.15 ж 17 – сабақ.
Сабақтың тақырыбы. Қызға - нәзіктік, ұлға - батылдық.
Сабақтың мақсаты: қыздар мен ұлдар арасындағы достық қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: ұл мен қызға тән қасиеттер жайлы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық: ерекшелігіне қарай олардың өз құрдастарымен қарым – қатынастарын дамыту;
Тәрбиелік: ұлды батылдыққа, қызды нәзіктікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:оқулық, дәптер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,оқушыларды түгендеу.
Тыныштық сәті.
«Нұрға бөлену»
Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Дәйексөз.
«Озар елдің қызы мінезді,ұлы өнерлі келеді»
Мақал
Мәтінмен жұмыс.
Ә.Хасенованың «Неге ұялды?» атты әңгімесін оқып беру.
Нәзікеннің бойынан қыздарға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Мұрат неліктен өз ойын жүзеге асыра алмады?
Дәптермен жұмыс.
Барлық тапсырмаларды орындау.
Сахналау
Диалогті оқып, талдау жасау ұсынылады.
Топпен ән айту
Сөзі мен әні Ғ. Жандыбаевтікі «Балалық» өлеңін айтады.
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен.
Көзімізді жұмып,еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік,қандай жақсы нәрселерді үйрендік,өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық.Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.Жайлап көздеріңізді ашуға болады.
Жүректен жүрекке.
Бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.