Сабақтың мақсаты: | М.Мақатаевтың өлеңдерін оқыту. «Елім барда», «Анау –аспан, мынау -бақ» өлеңдерінің тақырыбын, идеялық мәнін ашу.Оқушылардың өздігінен ізденіп, тақырыпты аша білуге,мәнін түсіне білуге жол ашу. Поэзияны түсіне білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
|
Күтілетін нәтиже: | Барлық оқушы: М.Мақатаев туралы мағлұмат бере алады,өлеңдерін қызыға оқиды. Өлеңдерін жатқа біледі. Көп оқушы: Мәнерлеп оқи отырып, оқушылар шығармашылықпен жұмыс жүргізе алады.Поэзияны түсіне алады, өлең туралы өз көзқарастарын білдіре алады.
|
Сабақтың әдісі: | Топтық оқыту,Дискуссиялық сұрақтар, Венн диаграммасы, Сатылай кешенді талдау, Кейіпкерге хат.Бес жолды өлең.
|
Қызығушылықты ояту Мағынаны тану Сергіту сәті Сабақты бекіту Ой толғаныс | «Дискуссиялық сұрақтар» әдісі.Жауаптары .Ия,жоқ 1. М. Мақатаев 1931ж. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді. 2. «Қайырлы түн» өлеңі оқу, білім туралы жазылған. 3. Мұқағалидың ұрпақтары бар. 4. Мұқағали поэма жазбаған. 5. Ақынның жары Лашын Әзімжанова. 6. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты Мұхаметқали. 7. Ақын жоғары білім алған 8. Ақын орыс ақындарымен жақын араласпады. 9. Ақын өлеңді 20 жасынан бастап жаза бастады. 10. Жарық көрген кітаптары бар. 11. Мұқағали ақын «Аққулар ұйықтағанда» дастанын Ғ. Мүсіреповке оқып бергенде, ол кісі алтын қаламын сыйға тартқан. 12. Ақын өте жуас, момын адам болған. 13. М. Мақатаев шығармаларды қазақ тілінде сөйлетті. 14. Мұқағалидың 100 шақты өлеңдеріне ән жазылған. 15. Ақынның үш бақыты бар. 16. Мақатаевтың «Саржайлау» өлеңіне ән жазған композитор Н. Тілендиев. 17. Тараз қаласында М. Мақатаев атына көше, мектеп берілген. 18. Мұқағали өлеңге «Шекпен жауып қайтарамын» деген. 19. Мұқағалидың ата - анасы бар. 20. Мұқағали қазақтың ақын қызына арнап өлең шығарды.
Топтарға тапсырма беру. Постермен жұмыс. 1 - топ «Елім барда» өлеңін кітаптан мәнерлеп оқыту Өлең не жайында жазылған? Ақын Отанына, еліне деген ыстық ықыласын қалай жеткізген?, Сатылай кешенді талдау жасату. 2 - топ «Анау - аспан, мынау - бақ» өлеңі мен А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңдерін мәнерлеп оқытып, өлеңнің құрылысына талдау жасату. Өлеңде қыс көрінісі қалай суреттелген? Табиғатты адам кейіпінде суреттеу көріктеудің қай түріне жатады? 3 - топ Өлеңдердің құрылысына талдау жасау.
М.Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» өлеңін тыңдату. «Бес жолды өлең » стратегиясымен жұмыс. «Ел,аспан.бақ» сөздеріне бес жолды өлең құрау. «Кейіпкерге хат» әдісі.Оқушыларға ақынға арнап хат жаздырту.Өз армандары мен ойларын білдірту. | Оқушылар дискуссиялық сұрақтарға ия және жоқ деп жауап береді. Әр топ берілген тақырыптар бойынша постер қорғайды. Оқушылар ақынның өлеңін тыңдап,бірге қосылып айтады. Әр топ берілген тақырыпқа бес жолды өлең құрайды. Оқушылар ақынға арнап хат жазады.Бір – бірінің хатын бірі оқиды. |