СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

М.Мақатаевтың ғұмырнамасы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақты салған себебім аз да болса тәжірибеммен бөлісейін дедім.

Просмотр содержимого документа
«М.Мақатаевтың ғұмырнамасы»

Сыныбы:5 «а». күні:10.01.

Сабақтың тақырыбы«Мұқағали Мақатаевтың ғұмырнамасы

Сабақтың мақсаты: М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру; Ақынның қасиеті де киелі өлең-жырлары арқылы халқына қызмет етуін таныту; «Көп кешікпей көктем де келер еді», «Біздің көктем» өлеңі арқылы ақынның халықтық болмысқа ілтипатын көрсету, ұлттық өнегені ұғындыру, оқушылардың қиялдау қабілетін қалыптастыру, ойлау өрісін кеңейту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы

Көрнекілігі: Компьютер (ақынның портреті мен өлеңі жазылған.), кесте (ақынның өмір жолы), кітап көрмесі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын тексері

Үй тапсырмасы «Түнгі Алматы», «Алматнының аспаны» өлеңдерін жатқа айту.

Жаңа сабақ  

Қызығушылықты ояту

«Абай, Мұқтар бастаған елге әйгілі ұлы көштің» бұйдасын ұстамағанмен, бел ортасынан ойып тұрып өзіндік орнын алған ұлы ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен бүгінгі сабақта танысамыз. Бір сәт қиялға ерік беріп, ақынның өзін тыңдайық.

Ассоциация стратегиясы

Ақын образын сомдау

(Компьютерден М.Мақатаев портреті көрініп, «Менің анкетам» өлеңі диалог түрінде тыңдалады.)

Менің анкетам

-          Туған жерің?

-          Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

-          Туған жылың?

-          1931. Құрдасымын Шәмілдің.

-          Мекен жайың?

-          Мекен жайым - жер менің,

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.

Мұқағали Мақатаев өмір жолы

 

Уақыт

Оқиға

1931 жыл 9 ақпан

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген.

1941жыл

Әкесі Сүлеймен өзі сұранып соғысқа аттанады. Мұқағали 10жасынан бастап, соғысқа кеткен әкесіне арнап өлеңдер жаза бастаған.

1948 жыл

Тұңғыш өлеңі Нарынқол аудандық  газетінде басылды.

Өмір өткелдері

Ерте есейген балалық

Ауылдық кеңес хатшысы

Қызыл отаудың меңгерушісі

Комсомол қызметкері

Жеті жылдықмектептің мұғалімі

1954-62 жылдар

Қазақ радиосында диктор және педагогикалық қызмет атқарған.

1962 жыл

Алматы қаласына көшіп келеді.

1962-72 жылдар

«Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1972-73 жылдар

Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған.

1976 жыл 5 наурыз

Алматы қаласында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.

1985 жылдан бері

Қазақстан Жазушылар Одағы үздік әдеби шығарма авторларына берілетін М.Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған.

Шығармалары

 

Жылдары

Шығармалары

1962 жыл

«Аппасионата»

1964 жыл

«Ильич»

1966 жыл

«Армысыңдар, достар»

1968 жыл

«Қарлығашым, келдің бе»

1970 жыл

«Мавр»

1972 жыл

«Дариға-жүрек»

1974 жыл

«Аққулар ұйықтағанда»

1975 жыл

«Шуағым менің»

1976 жыл

«Өмір дастан»

1978 жыл

«Өмір-өзен»

1981 жыл

«Бәсіре»

1982 жыл

«Соғады жүрек» (таңдамалы 2 томдық)

1984 жыл

«Шолпан»

1988 жыл

«Қош махаббат»

1989 жыл

«Жырлайды жүрек»

2001 жыл

Ақынның «Аманат» жинағы Мемлекеттік сыйлық иеленді

  (Оқушыларға іштей өздері оқуға тапсырма беріледі.

Қорытынды

Ақын күнделігінен

14 ақпан 1976 жыл

«Егер бір кездерде менің өмірім, творчеством әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім: Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңдерім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда, ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай. Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Менің бүкіл жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңдерімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Егер мені содан таппасаңдар, онда менің ақын болмағаным.»

 «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы

Үй тапсырмасы:

Міндетті деңгей: Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығын оқып келу.

Мүмкіндік деңгей: Ақынмен сырласу (эпостолярлық жанрдағы шығарма)

Ақынның өздеріңе ұнаған өлеңдерін оқу, жаттау

Бағалау