СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

М.Шаханов. «Төрт ана»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушының өлендегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау,өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге,өзіндік пікір айта білуге,адамгершілік қасиеттерге баули отырып,сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.  

Просмотр содержимого документа
«М.Шаханов. «Төрт ана»»

Күні:15.11.2016ж

Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов. «Төрт ана»
Мақсаты: Оқушының өлендегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау,өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге,өзіндік пікір айта білуге,адамгершілік қасиеттерге баули отырып,сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.
Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң достым!
Қайырлы күн болсын
Тәуелсіздік туы
Мәңгі биік тұрсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
Ынтымақтастықты орнату "Сәлемдесу"
Топқа бөлу Топтың жұмысын ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру.Кластер құру
-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
-«Ынтымақ » сөзін түсіндіріп көр.
-«Алауыздық»дегенді қалай түсінесіңдер?
-Ертегіден өздеріңе сабақ ала алдыңдар ма? Оқу құралдарын реттейді. Шаттық шеңберіне тұрып бір біріне жақсы тілектер тілейді. Топқа бөлінеді. Түрлі - түсті қағаз қиындылары арқылы.
Қойылатын сұрақтар:
1. Ана деген кім?
2. Неге туған жерді анаға теңейді?
3. Туған жер неліктен ыстық?
Кластер бойынша жұмыс беру.
Топта талдату, кластерді толтырту. 
Сұраққа жауап береді
Кластерді толтырады.
Әр топтан көшбасшысы шығып ортада жазғандарын оқиды.
Негізгі бөлім: Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.Автордың өмірбаянына қысқаша тоқталу.Оқушыларға «Туған жер»әні бейнебаянымен тыңдалады. Оқушылар сол бейнебаяннан түсінгендері бойынша сабақтың тақырыбын ашады.
Инсерт әдісі бойынша «Не білесің?»
Сонымен адамға ең құдыретті де қажетті не деп ойлайсындар?Адамда өз анасынан да басқа құдіретті неше анасы болады екен? Олар неліктен құдіретті?
Назарларын оқулыққа аудару аудару.

Оқулықпен жұмыс. Сөздік жұмысын жүргізу.
Өлеңді жаппай тізбектей оқу. Сұрақ - жауап арқылы түсініктерін толықтыру. 
Жұппен жұмыс. Сұрақ - жауап арқылы бір-біріне түсініктерін толықтыру. 
Өлең жолдары бойынша бөліктерге бөліп топта талқылау. Әр топқа жеке тапсырмалар беру.Топ бойынша берілген бөліктерді талдату. Әр топқа бөліктер бойынша түсінгендерін ортада айтқызу.
Топпен жұмыс.
1-топқа «Бес жолды өлең»
2-топқа постер құру «Туған жерім,туған елім»
Сергіту сәті:
Төрт ана туралы білетіндерін айтады. 
Жаңа сөзбен танысады.
Өлеңді оқиды.
Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді. 
Әр топ мүшелері берілген тапсырмаларын орындайды. 
Ортаға шығып қорғайды. 
Өлеңді түсініп оқиды.
Қорытынды Кубизм тәсілі бойынша
I-топ. Талдау.(Өлең мазмұнына жоспар құру)
II-топ. Сипаттау. (авторға, өлеңге сипаттама беру)
Рефлексия. Сұрақ- жауап Не үйрендік? Не білдік?
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Туған жер,ел,тарих,дәстүр туралы шағын эссе жазу. Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды. Бірінші топ өлең мазмұнына жоспар құрады.
Екінші топ сипаттау бойынша кестені толтырады.
М.Шаханов жөнінде не білесің? Туған ел(қандай?) Отан (қандай)
Тақырып бойынша не үйреніп,не білгендерін бір- біріне сұрақ қою арқылы білімдерін бекітеді.
Бағалау. Өзін- өзі бағалайды,топтың мүшелері бағалайды, мұғалім бағалайды.