СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мәтін тақырыбына байланысты сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

 4 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Мәтін тақырыбына байланысты сабақ жоспары»

Сабақ жоспары

Күні: 20.09.2016

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 4 «В»

Тақырып: Мәтін.Мәтіннің түрлері.

Мақсаты:

Білімділік:мәтінжәне мәтіннің түрлері туралы топтастырылған ұғылым қалыптастыруға мүмкіндік жасау, мәтіннің түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.

Дамытушылық:Оқушылардың байқампаздығын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жаттығулар арқылы дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу,танымдық процестерін ойын арқылы дамыту.

Тәрбиелік:кезеңдердің тапсырмаларын орындау арқылы ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, дана ұстаздарымызды қошеметтеп, сол кісілер сияқты дана болуға баулу. Тақтамен жұмыс арқылы ұқыпты таза болуға үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Сайыс сабағы

Пәнаралық байланыс: Дүниетану сабағы,әдебиеттік оқу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, практикалық, көрнекілік, сөздік әдіс.

Көрнекі құралдар:презентация,қима қағаздар,мадақтау қағазы,бейнебаян,баннер,әуен.



Сабақ барысы/ход урока/course of the lesson


І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Психологиялық дайындық
Қатар - қатар тізіліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп
Түп - түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа - нақ
Дайындалдық бәріміз
1 – қатар жай отыр,
2 – қатар тез отыр,
3 – қатар сен де отыр.
Сабақ бастар кез боп тұр.
Амандасу.
-Қайырлы күн оқушылар!Добрый день дети!Good afternoon children!Қалдарың қалай?Как дела у вас?How are you? Бүгінгі сабаққа дайынсыңдар ма?.Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды» — деген қазақтың мақалы бар. Олай болса, бүгінгі сабаққа барлығымыз белсенді қатысып, өзімізді сабақта жақсы көрсетейік.

2.Ми гимнастикасы. Ширату.

1. Күннің шығуы – жаңа күннің атуы

2. Мектептегі 45 минут –1 сабақ

3.Мемлекеттің бас қаласы –Астана

4. Тіл қылыштан өткір.

5. 22 қыркүйек-Тілдер күні.

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау.
-Оқушылар,сабағымыздың басты кезеңіне кіріспес бұрын,қазір бір ауызша сұрақтарға жауап берейік!Тақтаға назарымызды саламыз,амалдарды орындап,жауаптарына байланысты әріптер алып отырамыз.

Сөзді тап.
Жауабы:Брейн

Сұрақтар:

  1. Мәтін дегеніміз не?Өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады.

  2. Мәтіннің қандай түрлері білесіңдер? Әңгімелеу,сипаттау,пайымдау.

  3. Әңгімелеу мәтіні деген не? Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады.

  4. Сипаттау мәтіні деп қандай мәтінді айтамыз? Зат немесе құбылысты суреттеп сипаттайтын мәтінді сипаттау мәтіні деп атаймыз.

  5. Пайымдау мәтіні деген не? Оқиға,құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады.


ІІІ.Негізгі кезең.
-Бүгін біз «Брейн-ринг»ойынын ойнаймыз. Брэйн-ринг (ағылш. brain — ми) - телевизиялық зияткерлік ойын. Бірінші рет эфирге 1990 жылы 18 мамырда шықты.Қостанай қаласында 2011 жылы математика пәнінен «Брейн-ринг» ойыны Дарынды балаларға арналған «ОЗАТ» мектебінде өтті.
Ережесі:
Үш топ арасындағы жарысқа негізделген ойын. Әр топта 9-10 ойыншыдан болады. Топтар қарама-қарсы орналасқан үстелдерде жайғасады.Үстел үстінде бір белгіден болады. Ортада жүргізуші топтарға арналған ортақ сұрақ қояды. Жауап беру құқығын белгіні бірінші көтерген топ алады. Жауап қате болса, қарсы топқа ойлануға 10 секунд және жауап беру кезегі беріледі. Сұрақтың құны белгісі бір сөз.Ойында жеңіп шығу үшін топтар өздері ұтып алған сөздерін қосып бір нақыл сөз шығару керек.


Топ ережесінұсыну.

  • Тәртіпсақтау;

  • Ой қосу;

  • Біреудің ойын тыңдау;

  • Ашуға жол бермеу;

  • Топты қолдап отыру.

(Жұмыс барысында тәртіп бұзған оқушыға ескерту беріледі.)

Ойын барысында белсенді ат салысқан ойыншыларға жетондар таратып,сабақтың соңында жетондар арқылы бағалаймын.Ал енді барлықтарыңызға іске сәт!

1-тапсырма.

Кітаппен жұмыс.9-жаттығу,29 бет.Суреттерге қара.Оқиға неден басталды?Оқиға қалай өрбіді?Ары қарай не болды?Немен аяқталды?
Бұл мәтіннің қандай түріне жатады?Дұрыс айтасыздыр,әңгімелеу мәтіні.Әңгімелеу мәтіні неше бөліктен тұрады?
Әңгімелеу мәтіні

-Бәрекелді,бірінші болып дұрыс жауап берген топ «Қарағым» сөзін ұтып алды.Жарайсыңдар!Ойынымызды жалғастырамыз!Келесі тапсырмаға назар аударайық!

2-тапсырма.

10-жаттығу.30 бет.Мәтінді оқып,онда не туралы айтылғанын анықтаңдар.Мәтінде не сипатталған?Қызғыштың қандай белгілері айтылған?Бұл әңгімелеу мәтіні ме,әлде сипаттау мәтіні ме?Сипаттау мәтіні.Сөйлем мүшелеріне талдау.( Синтаксистік талдау)
Махамбет Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңінде ақынның еліне,халқына деген сүйіспеншілігі, Отанына деген сезімі тамаша өрнектелген.Махамбет Өтемісұлы-қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
Сипаттау мәтінінің сызбасы:

Жемсау*-  көптеген омыртқасыз жануарлар (моллюскілер, құрттар, жәндіктер) мен құстардыңөңешінің кеңейген жері.

Қызғыш құс-пигалица- pewit.
 -Өте жақсы!Бәрекелді,бірінші болып тапсырмаларды орындаған топқа «оқу оқы» деген сөз тіркесі беріледі.
-Енді балалар,кішкене дем алу үшін сергіту сәтін жасайық.


Сергіту сәті.
-Ал енді балалар,қандай болмасын жарыста біз көп деген белестерден өтуіміз керек қой,солай емес пе?Сондықтан қазір біз жарыс мәресіне жету үшін мынау сергіту сәтін жасайық!
Жүгіріп келеміз, жүгіріп келе жатып тастан өттік.Жұдырықтарын түйіп ысқылайды
Құмнан өттік. Алақандарын ысқылайды
Судан өттік. Беттерін соғады
Кедергіден өттік. Орындарынан тұрып секіреді
Мәреге жетті. У-у деп қолдарын соғады

-Өте жақсы!Барлығымыз сергіп қалдық!Енді келесі тапсырмаға көшейік.


3-тапсырма.

23-жаттығу.35 бет.Өлеңнен пайымдау мәтінінің бөліктерін табыңдар.Өлеңнің екі жолын сөз құрамына талдау. «Бақа» сөзін септеу.

Бақа

-Бақа,бақа,балпақ,
Басың неге жалпақ?
-Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
-Бақа,бақа,балпақ,
Көзің неге тостақ?
-Қарауылды көп қарап,
Көзім содан тостақ

Пайымдау мәтіні

-Жарайсыңдар,балалар, бұл тапсырманы да аяқтадық.Бірінші болған топ «босқа» деген сөзді ұтып алды.Бәрекелді!


4-тапсырма.
Тірек сөздердің көмегімен ертегілердің аттарын тап.

  1. Қарлығаш пен дәуіт.

  2. Қарлығаштың құйрығы неге айыр ?

  3. Арыстан мен түлкі.

-Соңғы тапсырманы бірінші болып,әрі толық орындаған топ «жүрме» деген сөзді және «леп белгісін» ұтып алды.Бәрекелді,жарайсыңдар!


ІV.Негізгі кезеңді бекіту.

-Балалар,ойынды аяқтау үшін бізге әр топ ұтып алған сөздерін қосып,бір мақал құруымыз керек.
-Қане,барлығымыз ұтып алған сөздерімізді жинап көрейікші.
-Бірінші болып ұтып алған сөзден бастайық.(Қарағым)
-Екінші тапсырмада қандай сөз тіркесін ұып алдыңдар?(оқу оқы)
-Үшінші тапсырмада қандай сөз ұтып алдыңдар?(босқа)
-Төртінші тапсырмада қандай сөзді ұтып алдыңдар? (жүрме!)
Сонымен қандай нақыл сөз шықты? Қарағым,оқу оқы,босқа жүрме!
-жарайсыңдар,балалар,бұл нақыл сөз Мағжан Жұмабаев атамыздың «Қарағым» атты өлең шумағының бірінші тармағынан алынған нақыл сөз.
-Қанекей,Мағжан Жұмабаев атамыз туралы не білеміз?Кім айтады маған?
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.
-Осы нақыл сөз арқылы бізге Мағжан Жұмабаев не айтқысы келді?
-Дұрыс айтасыздар,бұл нақыл сөз арқылы Мағжан Жұмабаев атамыз сендерді жақсы білім алуға шақырған.Біздің асыл уақытымызды бос өткізбей,білім алып,кітаптар оқып сауатты адам болуға шақырған.

Қорытынды.

-Ал енді балалар,қазір біз тақтадағы ағашқа мәтінге байланысты ережелерді таратқан жапырақтарға жазуларыңыз керек.

  1. өзара байланысқан сөйлемдер

  2. оқиғалар хабарланады, сипатталады, дәлелденеді

  3. ат қоюға болады

  4. басталуы, негізі, соңы болады

  5. жоспар құруға болады

V.Үй тапсырмасы.Жасырылған сөзді тауып,сол сөзді қолданып мәтін құру.Жауабы:Сағат.





VI.Бағалау.Жетондар арқылы бағалау.
-Сабаққа қатысқандарын үшін рахмет!Сау болыңыздар!