СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мәтінді пішімдеу, тізімдер. Web-бетте графиканы орналастыру, түстер.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу, тізімдер. Web-бетте графиканы орналастыру, түстер.  Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларға Web-бетте мәтінді пішімдеуге, графиканы орналастыруды үйрету.  Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық-технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.  Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.  Сабақтың түрі: дәстүрлі  Сабақтың типі: аралас сабақ  Сабақтың жоспары:  I Ұйымдастыру кезеңі.  II Үй тапсырмасын сұрау.  III Жаңа тақырыпты меңгерту.  IY Жаңа тақырыпты бекіту.  Y Үйге тапсырма беру.  YI Бағалау.  Сабақтың барысы  I Ұйымдастыру кезеңі.  • Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу  • Оқушының назарын сабаққа аудару  II Үй тапсырмасын сұрау 1. Сайт дегеніміз не? (web-серверде жататын беттердің html пішіміндегі жинағы)   

Просмотр содержимого документа
«Мәтінді пішімдеу, тізімдер. Web-бетте графиканы орналастыру, түстер.»

Күні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу, тізімдер. Web-бетте графиканы орналастыру, түстер. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға Web-бетте мәтінді пішімдеуге, графиканы орналастыруды үйрету. 
Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық-технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: дәстүрлі 
Сабақтың типі: аралас сабақ 
Сабақтың жоспары: 
I Ұйымдастыру кезеңі. 
II Үй тапсырмасын сұрау. 
III Жаңа тақырыпты меңгерту. 
IY Жаңа тақырыпты бекіту. 
Y Үйге тапсырма беру. 
YI Бағалау. 
Сабақтың барысы 
I Ұйымдастыру кезеңі. 
• Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу 
• Оқушының назарын сабаққа аудару 
II Үй тапсырмасын сұрау 1. Сайт дегеніміз не? (web-серверде жататын беттердің html пішіміндегі жинағы) 
2. Web-сервер дегеніміз? (бұл осы беттерді пайдаланушылар сұратуы бойынша беретін, Интернетке үнемі қосылып тұрған компьютер) 
III Жаңа тақырыпты меңгерту. 
Web- беттердің дизайнын тиімді ету шарттарының бірі – тақырыптарды дұрыс пайдалану. Ірі тақырыптардың көптігі беттеріңнің оқылуын қиындатады, ал тақырыптарға кедей беттердің көрінісі жұпыны және оларға қабылдау қиын болады. Тақырыптар газет немесе журналдағыдай бетте берілген ақпаратты құрылымдауға көмектеседі. 
Редакторда тізімдермен жұмыс істеу тізімдерді Word-та қолдануға ұқсас. 
Web-беттермен графикалық жұмыс жасау. Web-беттермен графикалық жұмыс істеген кезде ең негізгі мәселенің (проблеманың) бірі болып, браузер бетінде пайда болған бейне суреттердің жылдамдығы файлдардың алатын жады көлеміне байланысты. Графикалық форматтар көбінесе сол форматпен байланысқан кеңейткіштер арқылы аталады. Ал олар өз алдына күтпеген қиындықтарға әкеледі. Осындай форматтарға BMP, GIF, EPS, TIF, JPEG, WMF және т.б. жатады. Бірақ та Frontpage тілінде Web-беттермен жұмыс істеген кезде біз көбінесе екі түрлі бейне суреттерді ғана қолданамыз, олар: JPEG және GIF. Олардың екеуі де қысылған және Web-беттермен жұмыс істеген кезде ең жиі қолданатын графикалық форматқа жатады. Web-беттерге бейне суреттерді қойған кезде және егер олар сақталмаса, осындай бетті жабу немесе сақтау кезінде Frontpage олардың әрбіреуін тиісті сайт үшін сақтауды сұрайды. Frontpage GIF және JPEG форматтардан бөлек файлдарды автоматты түрде GIF форматта сақтайды. Ал егер сіз бейне суреттерді JPEG форматта сақтағыңыз келсе, онда Web-бетті сақтағанға бұрын Image Properties (Бейне қасиеттері) диалогтық терезеде сол форматты көрсету керек. 
JPEG форматы (Joint Photographic Experts Group – фотосурет бойынша біріккен эксперттік топ) — бұл масштабталған, қапталған, жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасын аз ғана түсіретін формат болып табылады. Электрондық формада графикалық суреттерді бір форматтан екінші форматқа ауыстырған кезде бейнелер өзінің анықтығын біраз жоғалтады. Сол себепті, JPEG форматы жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасы жағынан да жоғары болғандықтан Web-сайттар үшін ең қолайлы. JPEG форматы фотосуреттер үшін және түсі 256-дан асатын бейне суреттер үшін өте қолайлы. 
1. FrontPage Редакторын іске қосыңдар; 
2. File→Open командасын орындап немесе инструменттер панеліндегі Open батырмасын шертіп, Web-торабымызды ашыңдар. 
3. Екі рет мауыспен шерту арқылы үй бетін – index файылын ашыңдар. 
IY.Жаңа тақырыпты бекіту
Y.Үйге тапсырма беру.Мәтінді пішімдеу, тізімдер. Web-бетте графиканы орналастыру, түстер. 
YI.Бағалау.