СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

М. Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылық қа баулу. Оқушыларға ақынның қаламынан туған «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңдерінің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Оқу формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ- жауап (диалогтік оқыту), топтастыру, топтағы белсенді әрекетті дамыту үшін (сыни тұрғыдан ойлау), бақылау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау), жеке тапсырма, (талантты және дарынды балаларды оқыту)

Көрнекіліктер: Оқулық, стикерлер, көрнекі құралдар      

Просмотр содержимого документа
«М. Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері»

Мерзімі: 15.11.2017ж.

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылық қа баулу. Оқушыларға ақынның қаламынан туған «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңдерінің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Оқу формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ- жауап (диалогтік оқыту), топтастыру, топтағы белсенді әрекетті дамыту үшін (сыни тұрғыдан ойлау), бақылау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау), жеке тапсырма, (талантты және дарынды балаларды оқыту)

Көрнекіліктер: Оқулық, стикерлер, көрнекі құралдар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Шаттық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер тілеу

арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Үйге берілген Ахмет Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін жатқа сұрау.

  • Үй тапсырмасын бекіту

(Мұғалімнің дайындаған деректерімен толықтырылып, жинақталады)

 ІІІ. «Ой қозғау» стратегиясы

- Балалар, бүгін біз сендермен жерлес ақын Мағжан Жұмабаевпен және оның «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерімен танысамыз.

Таныспас бұрын осы жерлес ақын жайында кім не біледі?

Жұптық жұмыс

1.М. Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы

2.Қосымша мәліметтер

3. «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқыту.

«Блумның сұрақ қою өлшемі»

Білім бойынша: Өлеңнің негізгі тақырыбы не?

Түсіну: Ақынды толғандырған тіл тағдыры екеніне көз жеткіз

Қолдану: Бұл өлеңнің бүгінгі күндегі маңыздылығы неде?

Талдау: Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршеңдігін дәлелдеп көріңдер.

Жинақтау: Мемлекеттік тіл туралы сұхбат жүргізу.

Баға: Өлең мазмұны сендерге қалай әсер етті?

- Өте жақсы, ал енді тілге байланысты мақал – мәтел айтып көрейікші.

4. «Мен кім?» өлеңін мәнерлеп оқып, өлеңдегі жалынды сөздерге мән беріңдер

-Арыстан, жолбарыс, күн, жалын сөздерінің нені, қандай қасиетті бейнелейтінін айтыңдар.

5. Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман туралы

Түсіну

-Ұлт деген сөзді қалай түсінеміз?

-Тілі, діні, жері, мәдениеті бір адамдар тобы.

«Табиғаттың өз тілі бар» дегенге сенетін, қазақ әдебиетіне ғажап өнерін алып келген дара ақынның өлеңіне тоқталу.

1.Мәнерлеп оқу

2.Өлеңнің өміршеңдігі

Сұраққа жауап бере отырып, ақынның мақсаты атадан қалған асыл мұра сөз өнерін ұрпаққа жеткізу екенін айта отырып, ақын осыдан 100 жыл бұрын көтерген тіл мәселесі туралы айта келе ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі, үмітінің өміршеңдігін дәлелдейді

Қолдану

3.Сөздік жұмысы

Ерікке ұмтылған – тәуелсіздікке

Ұшқыр жаны кісенде – қазақ тілі тәуелді

Қос қанат — көне тіл, баба тіл

Нұрлы жұлдыз – жарық сәуле

Салыстыру.

«Шығамын тірі болсам адам болып» «Мен кім?»

Екі ақынның ой-арманының үндестігін табу.

Талдау

Топтық жұмыс (талдау)

4 шумақ, 16 тармақ, 3 бунақ,11, 12 буынды қара өлең ұйқасы

Эпитет – Алтын күн (Нұрлы жұлдыз)

Ұшқыр жаны,қыран құс, жауыз тағдыр.

Тіл – Аманат – Өсиет – Парыз.

Тапсырма

1.Қазақ тілі жайлы өлең оқу

2.Мақал-мәтел айту

Жинақтау

«Бабам тілі — мәңгілік» атты тақырып бойынша ақын ойына өз пікірлеріңмен үлес қосыңдар. (шағын мәтін жазу)

Бағалау

-Мәуелі бәйтерек қай кезде жеміс береді?

(ел еңбегін бағалап, ұрпағы мақтан еткен кезде)

Синтездеу  кезеңі: Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман

Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

«Қазақ тілі» өлеңін жаттау

«Мен кім?» өлеңін мәнерлеп оқу

«Ана тілі — ардағым» тақырыбында шағын шығарма жазу

Практикалық жұмыс

 Оқушыларға «диалог оқу» әдісімен манерлеп оқу. Оқушы жырдағы бейнелерді кесте ішіне орналастырады.

Мағжан поэзиясында жиі кездесетін 12 бейне бар. Олар: күн, түн, ай, толқын, жұлдыз, көк, таң, күншығыс, күн батыс, жер, жел, от. Ең жиі кездесетін  үштікке- күн, жел, жер.

 Үйге тапсырма беру: «Мен кім?» жырын жаттау