СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мақала: білім беру жүйесін жаңарту жағдайында екінші тілді оқытуда инновациялық әдістерді қолдану

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елімізде білім беру жүйесін жаңарту жағдайына көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз.

Просмотр содержимого документа
«Мақала: білім беру жүйесін жаңарту жағдайында екінші тілді оқытуда инновациялық әдістерді қолдану»

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕКІНШІ ТІЛДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Г.Н. Зейнолдина

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Өскемен қаласы әкімдігінің «№29 орта мектеп» коммуналды мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы


Елімізде білім беру жүйесін жаңарту жағдайына көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс 1, б. 2. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы.

Қазіргі таңда мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық техналогияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

Оқу үрдісіндегі болып жатқан жаңалықтың өзі мұғалім қауымынан талап етіп отырған бетбұрыс, ол сындарлы оқытуға негіздеу болып табылады. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған 2, б.11.

Бастауыш сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада креативті ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауда ықпалы зор. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар оқушының креативті ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», «салыстырыңыз», «түзетіңіз», «дәлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына қарай бөліңіз» деген тапсырмаларды ұсынуды қажет етеді 3, б.9.

Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

Сыни тұрғыдан  ойлау бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау, көбінесе, қарсы пікір айтуға баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үрдісі төмендегі мәселелерді қамтиды:

  • дәлелдеуді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

  • ақпараттар жинауды; т.б.

Сыни тұрғыдан ойлау – бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау – бұл саналы мағынаны іздеу, өзінің көзқарасымен ғана шектелмей, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуь оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді 4, б. 21.

Қазіргі таңда күнделікті сабақ жоспарын – ҚМЖ (қысқа мерзімді жоспар) деп атап жүрміз. Бұл жоспар – бірнеше кезеңді қамтиды.

Бірінші кезең – қызығушылықты ояту кезеңі. Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі артады, оқушыларды сабаққа психалогиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып,оқушыларды сабаққа тарту. Бұл кезеңде: топқа бөлу; қызығушылықты ояту мақсатында – бейнебаян көрсету, әуен тыңдату, суреттер арқылы сөйлету жүзеге асады.

Екінші кезең – тұсау кесер. Бұл кезеңде оқушыларды жаңа сабаққа дайындау мақсатында сыни тұрғыдан ойлау тапсырмалары көптеп жүреді. Сабақтың тақырыбы оқушылармен бірге ашылды.

Үшінші кезең – мағынаны ашу. Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білу, өзара оқыту, т.б. Осы тәсілдерді қолдану кезеңінде ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін-өзі өзектендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс-әрекетінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.

Төртінші кезең – «рефлексия» – ой толғаныс білім алудың қорытындылау кезеңі, оқушылар сабақ бойы алған білмдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін таңдау кезеңінде мұғалімнің білімділігімен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек деп ойлаймын. Өйткені, оқыту үрдісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекетіне әсер етеді. Л.В.Выготскийдің пікірі бойынша нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдылары дамитынына тоқталған.

Қазіргі таңдағы білім беру сапасын арттыруда әсер ететін факторлар мыналар:

  • Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;

  • Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;

  • Бағалау нәтижелерін ескере отырып оқытуды өзгерту;

  • Оқушылардың қызығушылығын арттыру;

  • Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  • Оқушылардың сыни тұрғыдан өздерін-өздерін бағалай алуы және өздерінің

оқуын қалай жақсартуға болатындығы түсіндірудің қажеттілігі5, б.32.

Қазіргі сабақтарда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде топтық жұмыстардың маңызы зор. Оқушылар бірлесіп үйренуге шағын топтармен, жұппен жұмыс жасағанда ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу бағытында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларын қорытып тұжырымдайды, ортақ жобаны дәлеледеп қорғап шығуға тырысады.

Шағын топтарда бірлесе жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстау қажет:

  • өзара сыйластық;

  • бір-біріне құрметпен қарау;

  • кезекпен сөйлеу;

  • тындау дағдысын үйрету;

  • ұтымды жұмыс істеу.

Шағын топтарды бірлесіп жұмыс істеуге үйренген оқушылардың жұмыстары нәтижелі болады, шыңдалады. Бірлесіп жұмыс жасағанда оқушылар мынадай жетістіктерге жетеді:

  • Оқушының, ең алдымен есте сақтау қабілетін жоғарлайды;

  • Сабақта өз бетімен бақылаусыз отырмай оқушы жұмысбасты болады;

  • Білімді өздігінен үйренуге деген қызығушылығы артады;

  • Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, әлеуметтік

жағдайына қарамай, олар бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап ынтымақтасады6, б.23.

Әрине, сабақты жоспарлау барысында: пәннің ерекшелігін, сыныптың жағдайын, оқушылардың білім деңгейлерін, жас ерекшеліктерін, оқу материалдарын ескере отырып, жоспарлаған маңызды.

Қорыта келе, менің мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым –оқушыларға  ұлттық педагогикалық тәрбие және білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша  жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп санаймын. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» деп Стронг айтқандай, ұстаздық білімділікпен қоса ізденпаздықты, дарындылық, ұйымдастырушылық, тағы да көптеген құндылықтарды талап ететін маман иесі. Шығармашылық қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Н.А.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012.

2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

3. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы, үшінші басылым. «НЗМ» ДББҰ, 2012.

4. ОрақоваА.Ш., Жартынова Ж.А., Қойлық Н.О. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Алматы: ҚР ББЖ ҚБАРИ, 2014.

5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ”Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары ” Алматы, 2001ж

6. Қ.М.Нағымжанова ”Инновациялы – креативті технологиялар” Өскемен, 2005ж.