СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.

Мақсаты: 1. Білімділік: Балалардың  ертегіні сахналаудағы   

білімдерін  кеңейту.

2. Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілетін, ойын     

 дамыту.

3. Тәрбиелік: Балаларды бір-біріне деген достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: Теледидар мен дивиди арқылы сахналау.

Көрнекі-құралдар: киімдер, бет-бейне, суреттер, ойыншықтар,  

 

Просмотр содержимого документа
««Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау»

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.

Мақсаты: 1. Білімділік: Балалардың ертегіні сахналаудағы

білімдерін кеңейту.

2. Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілетін, ойын

дамыту.

3. Тәрбиелік: Балаларды бір-біріне деген достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: Теледидар мен дивиди арқылы сахналау.

Көрнекі-құралдар: киімдер, бет-бейне, суреттер, ойыншықтар,

Үлестірмелі қағаздар.

Іс-әрекет

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мативациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі





Релаксация




Қайталау




Жаңа сабақ




Тапсырмалар









Дидактикалық ойын:

Тірек-сызба арқылы

Жұмбақ жасыру:




Рефлексивтік түзетушілік





Бағалау

Аңдардың іздері арқылы ертегі әлеміне бару

Сәлемдесу:

Сәлем деймін, күнге мен

Сәлем деймін, көк аспан

Сәлем деймін апайға,

Қонақтарға, балаға.

Балалардың көзін жұмдырту, көздерін ашу. Ертегі әлеміндеғі ғажайыптарды көрсету.

Өткен ертегілерді қызықтыра қайталау.

Тәрбиешінің дивиди мен теледидар арқылы «Мақта қыз бен мысық» ертегісін түсіндіру.

Екі орталыққа бөлінуі: Мақта қыздың қатығы мен мысықтың құйрығы арқылы ІІ топқа бөліну


І топ. Мақта қыз бен мысықтың кейіпкерлерін жапсыру

ІІ топ. Мақта қыз бен мысықты сахналау. Тапсырманы тексеру.

«Үй жануарларын ата»

Басында мүйізі бар, үстінде киізі бар. (сиыр)

Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау (жұмыртқа)

Бүгін сабақта не өттік? Қандай ертегі? Ертегінің қай кезеңі ұнады? Теледидардан көргендерін бе? Жапсырғанда ма? Сахналау кезенінде ме? Ғажайып қорапшаның ішінен сыйлық беру

Балалардың көңілді баруы

Балалардың сәлемдесуі





Таң қалуы






Балалардың қызыға жауап беруі

Балалардың тыныш ұйып тыңдауы



Балалар тапсырманы орындағанда қызығушылықта болуы







Балардың ойлануы

Балалардың толық жауабы

Өз меңгерген қабілетін дұрыс, анық жеткізу.






Балалар өз білімдерін өзі бағалау.


Күтілетін нәтиже:

Білу қажет: ертегідегі кейіпкерлеін атап, мазмұнын айта білу.

Қалыптасқан түсініктері:ертегі айту,сахналандыру түсініктері қалыптасады.

Орындаушылық қабілеті: кейіпкер бейнесіне ену, құрастыру машықтары

дамып , артады.






Мақта қыз бен мысық

Қазақ ертегісі


Мақта қыз бен мысық дос болады. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді.Қыз: «Келмесең, келме!» деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:

Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:

Ендеше, қатығыңды төгем! – дейді.

Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді Мақтақыз. Мысық Мақтақыздың сүтін төгеді, Мақтақыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық Мақта қыздан құйрығын сұрайды, мақта қыз қатығымды қайтар дейді.

Мысық сиырға барады.


-Сиыр, сиыр, маған қатық берші! – дейді. Сиыр:

Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші, - дейді.


Мысық ағашқа барып:

Ағаш, ағаш, жапырығыңды берші! – дейді.

Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, - дейді ағаш.


Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

Қыздар, қыздар, маған су беріңдерші! – дейді. Қыздар оған:

Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді.

Мысық дүкенге барады.

Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.

Маған жұмыртқа бер! – дейді дүкенші.


Мысық тауыққа барады.

Тауық, тауық, маған жұмырқа берші! – дейді.

Бізге жем әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, - дейді.


Мысық: «Енді қайттім?» - деп бара жатса, ін қазап жатқан бір тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

-Жаныңның барында айт, үйіңде не бар? – дейді Тышқан қорыққанынан:

Үйімде бір табақ тарым бар, - дейді.

Маған бір уыс тары бер! – дейді мысық.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді.

Мысық тарыны тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны дүкеншіге береді. Дүкенші сағыз береді, сағызды қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді. Жапырақты сиырға береді. Сиыр қатығын береді.Қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын қайырып береді.