Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні / Дата проведения: 04.09.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Көркем әдебиет
Тақырыбы / Тема: "Мақал-мәтелдер"
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная : Халық ауыз әдебиеті жанрымен таныстыру. Балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын тәрбиелеу. 2.Дамытушылық – развивающая : Есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Оқыту – обучающая : Екі-үш мақалды жатқа айта білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер
Көп тілділік полиязычие: мақал-мәтелдер-пословицы- proverbs
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Өзі аппақ,дөңгелек,есігі бар терезесі жоқ ол не? (киіз үй)
(балалар жұмбақтың шешуін табады)
Олай болса жаулауға саяхатқа шығайық.Ол үшін бәріміз орнымыздан тұрайық,атқа мінейік те шауып барайық.(топты бір айналып орнымызға отырамыз)
Міне біз жайлауға ата-әжемізге келдік.
2.Негізгі бөлімі
- Балалар ата-әжеміз қайда тұрады екен? (жайлауда)
олар тұрып жатқан үйді қалай атаймыз?(киіз үй)
Киіз үймен таныстыру.Киіз үйдің іші немен безендірілген? дұрыс айтасыңдар, ою-өрнектермен безендірілген
Кім кәне қазақтың салт -дәстүрлерін біледі?(балалардың жауабы: бет ашар, бесік салар,тұсау кесу, сүндетке отырғызу т.б.)
өте дұрыс, жарайсыңдар!
Енді қазақ қалқының мақал-мәтелдерін айтайық. Ауыз әдебиеті дегеніміз осы ата бабаларымыз-дың салт дәстүрлері.
Мақал-мәтел
Отан оттан да ыстық.
Тепло родины своей,огня намного горячей.
Отанды сүю-отбасынан басталады.
Любовь к родине у семейного очога рождается.
Тазалық –денсаулық кепілі,
Денсаулық-байлық негізі.
Здоровье-богатство основа.
Денсаулық-байлық негізі.
Здоровье-богатство основа.
Осы мақалдарды қалай түсінесіндер ? балалар мақал-мәтелдердің мағынасын қалай түсінетінін айтады.
Ал сендер күнде таңертен қайда келесіңдер? (балабақшаға)
Олай болса балалар бәрің аттарыңа мініңдер, балабақшамызға барайық
Сергіту сәті:
Ормандағы бала қонжық,
Ағаштардан бал іздеді.
Мойындарын оңға бұрды,
Мойындарын солға бұрды.
Орман ішін аралады,
Ағаштарды шайқап көрді.
Аяқтарын көтеріп ап
Қуанғаннан билей кетті.
Жұмбақ шешу.
Жұмбақтың жауабын суреттерден тауып алу керек.
1.Қыстың қаңтар,ақпаның,
Кежейжеме сақтадым.
2.Алыстағы апаңмен,
оқудағы ағанмен.
Тілдестіріп тұратын,
Аттың табар ме ең ?
Жаңылтпаш
Түйе маған шұбат береді,
Щұбат маған қуат береді.
Көп тілділік полиязычие: мақал-мәтелдер-пословицы- proverbs
3.Қортынды
Балалар сендерге көп рахмет.Сабаққа өте жақсы ат салыстыңдар.Кәне бәріміз орнымыздан тұрып, бір-бірімізге қол шапалақтайық