СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мақала "Жастар кәсіптік білімді игеруде"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл мақала Дала тынысы газетінде жарияланған. 

Просмотр содержимого документа
«Мақала "Жастар кәсіптік білімді игеруде"»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясы

«Жаңартылмалы энергия көздері» тақырыбындағы зерттеу сабағы

ДУЙСЕНБАЕВА АСЕМ АМАНЖАНҚЫЗЫ

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі, Киноиндустрия,механика және экономика кафедрасының арнайы пән оқытушысы

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес,

ол үнемі жаңаны табатын өнер»

Ж.Аймауытов

Мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы аясында барша Қазақстандық жұмыла іске кірісті.Осы орайда оқытушылар қауымы да ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тартып, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, сабақ беру жүйесін жаңғырту арқылы «білім культін» қалыптастыруға жаңашылдық енгізуді қолға алды.

1940 жылы КСРО ның № 405 бұйрығымен киноиндустрия мамандарын даярлайтын кинотехникумнан бастау алған, 77 жылдық тарихы бар ордалы оқу орны, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде, Елбасының бағдарламасын кеңінен тарату, насихаттау мақсатымен онкүндік жарияланып, колледждің үздік оқытушылары ашық сабақ берді. Міне,елімізде өткен ЭКСПО көрмесінің тақырыбымен ұштастыра алынған «Жаңартылмалы энергия көздері» тақырыбындағы зерттеу сабағы - әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуын, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамытты.

Электрорадиомонтаждау тәжірибесі бойынша студенттер дәнекерлеу үрдісі барысындағы қажет біліммен қаруланғандықтарын дәлелдей келе, ЭКСПО көрмесінің қызықты деректерін де жариялап өтті. Табиғи байлықты қолдану бүгіннің еншісінде, ал«Жарқын болашақ – жасыл энергетикада» деген ұранмен РЭС2А тобының студенттері белсенді түрде энергияның альтернативті жолдарын оқып үйренумен қатар, өздерінің де тың идеяларымен бөліскенді жөн көрді. Мухтарханов Ернұр «Үшінші буынды биоотын» тақырыбы аясында балдырлардан энергия өндіру жолдарын қарастырса, Әшірхан Бейбарыс «Наноматериал- графен негізіндегі күн энергиясын жинақтаушы панелдер» тақырыбы аясында зерттеу жүргізіп, күн энергиясымен іске қосылған макеттерін таныстырды.

Оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолданып, студенттер алған білімдерін келешекте белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі, тез бейімделе алуы арқылы функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуі үшін тиімді пайдалануға жол ашты.Осы зерттеу сабағын өту барысында шынайы өмірмен ұштастыру арқылы студенттердің функционалдық сауаттылықтары артып және мамандықпен байланыс орнату мақсатымен оператордан сұхбат алынып,интервью алу, репортаж жасаудағы түсіру әдістерімен танысып, өз мамандықтарын дұрыс таңдағандықтарына көздері жетті.

Қазір адамзаттың өзі жаңа сапаға ауысты. Қарым-қатынас стилін өзгерту талабы туындады. Әр баланың өзіндік ерекшелігі болады. Көру арқылы ой қорытатындар (визуалдар), есту арқылы пікір жинақтайтындар (аудиалдар) болады. Біреулері көргенін тез қабылдап, біреулері естігенін есте сақтайды. Сонымен қатар балалардың кинестетик деп аталатын тағы бір тобы бар. Олар бәрін өздері қолдарымен ұстап, бақылап жылжытып, өзі жасағанды ұнатады.Сол ерекшеліктерді ескере келе, әр баланың баспа платасына схема жинау, дәнекерлеу, оны виртуалды Electronics Workbench зертханасында тексеру жұмыстарын топпен жүзеге асырып, нәтижеге ол жеткіздік.

Үштілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік екенін ескере келе, зерттеу сабағы 3 тілде жүргізілді.

Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.

«Егер оқытуды біреудің басынан басқаның басына білім тасымалдау деп түсінсек, онда адамды ешнәрсеге де үйретуге болмайды,» - деген Платон бір сөзінде.

Сол себепті қазіргі заманауи тәсілдерді енгізе білу арқылы жасампаздық қабілеттің артуына баршамыз үлес қосуымыз керек деп санаймын.