СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Махаббат - өмір өзегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока самопозание для 5 классов.Урок про друга.

Просмотр содержимого документа
«Махаббат - өмір өзегі»

Өзiн-өзi тану сабағы


Мектеп Ханарық Мерзiм12.11.2016ж №10

Тақырып: Махаббат - өмір өзегі

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: шынайылық,сыйластық,адамдарға риясыз қызмет ету.

Мұғалiм:Рахмеджанов Азимжан. Сынып:5 Оқушылар саны:26


Сабақтың мақсаты: оқушыларға махаббат - өмір өзегі екендігін сүйіспеншілік құндылық арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

- шынайылық ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

- сыйластық қасиеттерін дамыту;

-оқушыларды адамдарға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз.Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар: Материалдар,

дерексөздер,

ұнтаспа,

оқулық,

дәптер

Ескерту:



«5»-Т



Тыныштық



Тәртіп



Тазалық



Татулық



Талап

2.Үй тапсырмасын тексеру.

  • Оқулықтағы даналық сөздердің мағынасын ашып, түсініп келу.

Сабақ барысын талқылау:


3.Әңгiмелеу (сұхбат).

«Отан сүйер ұлан бол» атты Б.Момышұлының мәтінін оқиық.

  • Мәтінді оқи отырып не түсіндіңдер?


4.Дәйек сөз.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»

Халық мақалы

Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Қайдасың, қасқа құлыным?» және «Қасиетті туған жерді қастерле» атты мәтіндерді оқыңдар. Табиғатқа деген сезімдеріңді сурет арқылы бейнелеңдер.


6.Топпен ән айту

Махаббат мәні

А.Самиғоллаұлы


7.Үй тапсырмасы.

«Отбасы бақыты» тақырыбында әңгіме құрастырып келіңдер


8.Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қойылады. Тыныс алуға зейін қою.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.