"Махаббаттан басталады ән мен жыр"
Мақсаты: «Махаббат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адам бойындағы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу; Ұлттық «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», яғни «Ғашықтар күні» атап өту
Түрі: өзін-өзі танудан сыныптан тыс шара
Ресурстар: слайд, шарлармен безендірілген сахна.
1-жүргізуші: «О, махаббат аяулы асыл сезім,
Арнамаған бар ма екен саған сөзім.
Мекендеген жер үстін жан иесін
Баурамаған бар ма екен сірә кезің
1-жүргізуші: Бүгін біз барша адамзат аңсаған ұлы сезім махаббатты жырласақ дейміз.
2-жүргізуші: Олай болса ұлттық ғашықтар күніне орай ұйымдастырылып отырған "Махаббаттан басталады ән мен жыр" махаббат кешіне қош келдіңіздер!(бірге айтады)
(Хабарландырусыз Бекбол шығып ән айтады)
Алдарыңызға «Фариза қыз» әнімен өз өнерін көрсеткен 10 б сынып оқушысы
1-жүргізуші:Сен білесің бе?«Ғашықтар күні» туралы идеяның тарихы негізінен тоқсаныншы жылдардан басталады. 1990 жылдары қазақ тілді БАҚ-тар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» секілді махаббат символдарының құрметіне белгілі бір күнді мереке ретінде тойлау туралы бастама көтеріп, ол көпшілік тарапынан қолдау тауып, Алматыда Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрында арнайы кештер ұйымдастырылған-ды. Осыдан 2-3 жыл бұрын «Жас Алаш» газеті 11 наурыз бен 19 мамырды сәйкесінше «Қозы Көрпеш күні» және «Баян сұлу күні» деп белгілеп, жұртшылық біраз дүрлігіп, басылды. Өзін «15 сәуір – Махаббат мейрамы» жобасының авторы» деп жариялаған Серік Абас-шах республикалық басылымдарға мақалалар беріп, сол күні «махаббат мейрамындағы екі жанның арасын жалғаған ұяң сезімнің көріністерін» де жіліктеп жазды. Сонымен, бүгін көптен күткен мереке! Ғашықтар мерекесі! Ал, махаббат барша сезімдердің жиынтығы.
2-жүргізуші:Құттықтау сөз мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дана Жумагазиновнаға немесе ғылыми ісі жөніндегі орынбасарына Жакишова Жулдыз апайға беріледі
8 бсынып оқушыларының «Махаббат оқиғасы» көрінісін тамашалаңыздар
1-жүргізуші
Сезім ғажап, ой ғажап
Махаббатпен өткізген.
Махаббаттың айнасы-
Табиғаттай мөлдіреп.
Келеді ол бір сәтте
Жүрегіңді оятып,
Сақталады мәңгілік
Жүректерді тербетіп.
Ия, адамдар өз сезімдерін әр қалай жеткізеді, біреу шатырға шығып айқайласа, біреу серенадалар арнап ән шырқайды, ал мына сыныптың оқушылары өздерінің сезімдерін бимен жеткізе алады екен. Тамашалаңыздар 10 а сынып оқушыларының «Махаббат вальсі»биі
1жүргізуші: «Осы махаббат дегеніміз не?» деген сұрақ сіздерді мазалай ма? Бізді де толғандырған себеппен біраз өз зерттеуімізді жүргіздік
2-жүргізуші: Сонымен: жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.
Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космология ілімінде « Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш »деп білді.
1-жүргшізуші: Христиан діні махабатты Христос Құдайдың негізгі сипаты деп санады. Соның нәтижесінде Құдайдың өзі М. мағынасында ұғынылды.
2 –жүргізуші:Ағартушылар М. адам бойындағы табиғи сезімдер көрінісінің бірі деп есептеді.Қазақ халқының рухани бастауларының бірі-шығыс мұсылман әдебиетінде М. жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жұртшылыққа жол тауып, эстет.-көркемдік, этик.-ғибраттық зор маңызға ие болды.Осы күнге дейін махаббат ақиқатына толық әлі ешкім жете қойған жоқ.
1-жүргізуші: Менің ойымша махаббат туралы айта бергеннен оны сезіну керек, сездірту керек. Сонда әлемде соғысатты зұлымдықтар болмас па еді?! Кім біледі.
2-жүргізуші: Ал 9 б сынып оқушыларның бұл жайлы не ойлайтынын « Махаббат қызық мол жылдар »көрінісінен байқайық
1-жүргізуші:
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады
Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан,
әлем соған сенеді
Құлай сүю- ерлікпен тең себебі!
2-жүргізуші: Ия, қандай керемет өлең жолдары. Бұл Мұхтар Шахановтың поэзиясынан алынған емес пе?
1-жүргізуші: Дәл таптың, осынау ұлы сезімді жырламаған ақын жоқ шығар?! "Поэзия патшалығында"деп махаббат туралы 9 «а»сынып оқушысының шығармасын тамашалайық.
2-жүргізуші:
Ендігі кезекті көрермендермен ойынға берсек қалай қарайсын?
1-жүргізуші:
Ия, көрермен қауымға қазақтың халық ауыз әдебиетінен, салт - дәстүрінен, әдет - ғұрпына байланысты сұрақтарқояйық
1. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер? (ҚозыКөрпеш - Баян сұлу)
2. Ерулікдеген не?
Басқажерденкөшіпкелгенкөршілергесолжердебұрыннантұратындарерулікбереді, қонаққашақырады.
1. Руы оның жағалбайлы,
Жылқы сының көптігінен бағаалмайды.
Оның өлгені рас болса,
Құдайым, Қыз-Жібекті неге алмайды, - депкімніңөлімінжоқтапотыр. (ҚызЖібекТөлегендіжоқтауы)
2. Бәсіредеген не?
Қызұзатылғанданемесежиеналғашкелгендеменшіктепалатыненсалынған мал.
1. Бірін-бірісүйгеніүшінқуғынғаұшырағанЕңлік-Кебеккеарналғанескерткішқайжерде(Семей жеріндегіЕралыөзенініңбойында)
2. Сонар деген не?
Қыстыңкүніалғашқықартүскендежүргенаңныңізітайғатаңбабасқандайанықкөрініпжатады. Аңшыларбұлкүніаңғашығадыдағізінетүскенаңдысоғыпалады.
1. Халықесіндеғашықтармұнарасы, махаббатбелгісіретіндежатталыпқалған "ҚозыКөрпеш - Баян Сұлу" кесенесіҚазақстанныңқайжерінде? (ШығысҚазақстаноблысы, Аякөзжерінде, Таңсықстанциясыныңоңтүстіксілемінде, станциядан 10 шақырымжердегіТарлаулыауылынанөтетінАякөзөзенініңоңжағасындағыбиікдөңбасында)
2. Аманат деген не?
Бірадамныңекіншібіреугесақтауғабергензаттары. Аманаттысақтау, оны мезгіліндеқайтарузорадамгершіліккежатады. Аманатқақиянатжасауғаболмайды. Олөтеауыркүнәдепесептелінеді.
1. Шығыстаөткенжетіғашық. Оларкімдер? (Ләйлі-Мәжнүн, Фархад-Шырын, Жүсіп-Зылиқа, Бахрам-Күләнда, Сейпілмәлік-Жамал, Бозжігіт-Қарашаш, Зизді-Қорлығайын)
2. Енші деген не?
Үйіндегі балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние-мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші депатайды.
1. “Естай - Хорлан” аттыпоэмасының авторы (М.Әлімбаев)
2. Тұлымқоюдеген не?
Кішкентайкезіндебаланыңбарлықшашынөсірмейекішекесінеекішоқшашқояды. Мұнытұлымдепатайды.
1. "Еңлік-Кебек" дастанының авторы (ШәкәрімҚұдайбердіұлы)
2. Тәбәрікдеген не?
Біреуойын-тойдабәйге, жүлдеалсанемесеқұдалықсалт-дәстүргекәдеалса, оданжанындағыларғаүлесберуікерек. Мұндайдыжұртодан "Тәбәрікбер" депсұрапалады.
1. 1971 жылыҒабитМүсіреповсценариібойыншаСұлтанҚожықов «ҚызЖібек» фильмінтүсірді.Төлеген мен Жібекрөлінкімдерсомдады? ( ҚұманТастанбековжәнеМеруертӨтекешева)
2. Құдайықонақдегенкім?
Бейтаныс, шалғай ел, алысжерденжолаушылапжүргентосынқонақ. Оланнағызсауабытиетінқонақ. Олардыықыласпенқарсыалып, дұрыстапкүткенжөн.
2-жүргізуші: Кешегіөткентарихқабірсәт ой жіберсек, халқымыздыңінжу - маржансөзқазынасынаауызәдебиетіарқылыұрпақтан - ұрпаққажеткенҚозыКөрпеш пен Баян Сұлу, Еңлік пен Кебек, Ләйлі мен Мәжнүн, Естай мен Қорланбейнелеріадамгершілікпарасаттылығымен, сүйгенжарғадегенадалдығыменшоқтығыбиіктепдараланыпкөрінереді.
1-жүргізуші: Махаббаттақырыбыәдебиеттесонаукөнезаманнанберіжырланыпкеледі. Қанша мол жазылып, көпшиырланғаныменмахаббаттыңсырлышежіресінешкім де жазыптауысқанемес.
2-жүргізуші: 8 а сынып оқушысы «Қыз Жібек» монологін тыңдауларыңызға ұсынамыз
1-жүргізуші: . Адам атаулының туған жерге, ата-анаға, досқа, мектеп, ұстазға ғашық жандардың таза, мөлдір, мәңгілік махаббатына еш қылау түспесін! Сезімдеріңіз баянды болсын!деген тілекпен алдарыңызға 8 сынып оқушыларының биін ұсынамыз
Қанша ғашық арманына ұмтылды,
Қанша жүрек құштарлықпен бұлқынды,
Ғашықтарды құрмет тұтып адамзат,
Ешқашанда ұмытпайды бұл күнді!
Шуақ шашып қап - қараңғы түнектен,
Ғашықтарды пәк сезіммен нұр сепкен,
Жарық болсын әрқашан да жұлдызың,
Құттықтаймыз Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнімен !!!
2-жүргізуші: Осымен 15 сәуір - ұлттық ғашықтар күніне арналған "Махабаттан басталар ән мен жыр" атты мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!!!