Махамбет Өтемісұлы 1804 - 1846
Бұхара халықты патша өкіметіне, оның жергілікті өкілдері – хан – сұлтандарға қарсы ұйымдасқан түрде қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны.
Дауылды жылдар
жыршысы
Оптимист ақын
Батыр
Махамбет
Өтемісұлы
Жырау
Ақын
Күйші
Махамбеттің бейнелі де
жалынды шығармалары Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған
сияқты
батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған .
Көтеріліс туралы толғаулар. "Жәңгірге",
"Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде
үстем тап өкілдерінің бет-пердесін жырта
шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты.
Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. "Тайманның ұлы
Исатай", "Исатай деген ағам бар",
"Исатай сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
Махамбет айтулы күйші, сазгер де
болған. "Өкініш", "Қайран Нарын",
"Жұмыр ,Қылыш", "Терезе", т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет
өлеңдері 1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары 1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді. Оның
өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов,
Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлер айтты.