Басы 0-3 мин Топтастыру Ыстық орындық 10 минут Ой қозғау әрекеті | Сәлемдесу,түгендеу. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Құрметпен бас иіп, Амандасамыз біз. Қатар - қатар тізіліп, Оқушыға лайық Қолымызды жіберіп Түп - түзу боп тұрайық. Жақсы оқып сабақты Әдеп сақтау сәніміз Отыруға нақпа-нақ Дайындалдық бәріміз 1 – қатар жай отыр, 2 – қатар тез отыр, Сабақ бастар кез боп тұр. Сиыр,қой суреті бойынша Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар Видео көрсету | |
Ортасы 15 Сергіту сәті 1-2 минут 10 | Дыбыстар туралы түсінікті қайталай келіп, дауыссыз дыбыстар туралы, түсінік беру. -Дыбыстар нешеге бөлінеді?-2-ге-Қандай? -Дауысты және дауыссыз -Дауыссыз дыбыстарды ата -Дауысты дыбыстарды ата. -Дұрыс.Ал ендеше біз бүгін дауыссыз дыбыстар туралы білетін боламыз.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.Мысалы:т,с,қ.біздің тілімізде 25 дауыссыз дыбыс бар.Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ (у). -У дыбысы кейде дауысты , кейде дауыссыз дыбыстың ролін атқарады. -Оқушыларға дауыссыздарды қайталату, оқыту.Төрт түлік мал туралы түсінік беру.Суреттерін көрсету, төлдерін атату.Дауыссыз дыбыс әріптерін еске түсіру. 17-жаттығу Мал атасы оқу,танысу Дәптермен жұмыс Күн ретін жазу.жаттығуды жазу.Екі топтан екі бала шығып тақтаға жазады Төлдер жыры қимылмен айту. 18-жаттығу. Оқушыларға Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мағлұмат беріп өтіп, «Құлыншағым» өлеңін оқып беру.Өлеңді мәнерлеп оқыту.Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру.(Орындарында отырып өз беттерінше орындайды.) «Төлді қалай шақырады?» Өлеңді кезекпен оқушыларға оқыту. Әңгіме жүргізу.Сұрақтарға жауап алу. 1/Төлдерді қалай шақырады? 2/Төлдер туралы өздерің не білесіңдер? 3/мысықты, атты қалай шақырады? | |
Саралау Оқушылардың деңгейіне тапсырмаларды беру | Бағалау –,бағдаршам арқылы, смайликтер арқылы бағалау жүреді | Пәнаралық байланыс - Дүниетану,музыка Құндылықтар –төрт түліктің ұқсастығы, айырмашылықтарын, білгізу |