Жаңа сабақты түсіндіру: Ребусты шешу арқылы жаңа тақырыпты шығару Бидай дегеніміз не? Қаңбақ дегеніміз не? «Фотошеру»бидай,қаңбақ туралы анықтама Қаңбақ-жабайы өсімдік.Оның тамыры топыраққа әлсіз бекиді.Оны мал жемейді отқа да жақпайды.Қаңбақ желмен жарысып көшіп жүреді. Дескриптор. Ойлау қабілеттерін дамыта алады, ребусты шешіп,сұраққа жауап бере алады. Өлеңнің авторы жайында қысқаша мағлұмат беріледі Жұппен жұмыс 1-ші жұп мысалды бір-бірімен бөлісе отырып,мәнерлеп,дауыстап оқиды. 2-ші жұп:Бидай мен Қаңбаққа мінездеме беру. 3-ші жұп: «Т кестесі» Адамның бойындағы жағымды,жағымсыз қасиеттерді бөліп жазу. 4-ші жұп: «Серпілген сауалдар» Мысалды оқи отырып,бірнеше сұрақтар дайындайды Дескриптор. Өзара жұптасып жұмыс жасай алады, тақырыпты түсінгендерін, мағынасын айта алады, берілген тапсырмаларды орындай алады. Сергіту сәті: Видеороликтен қайталап ән айтамыз Топтық жұмыс 1-топ:«Бидай мен қаңбақ»рөлге бөліп оқу 2-топ: «Ас атасы-нан» тақырыбында нанның дастарханға қалай келетінің сызба арқылы көрсету. 3-топ:Бидай,қаңбақ сөздеріне жұмбақ құрастыру 4-топ:Нанға байланысты тыйым сөздер жазу Дескриптор. Оқушылар топ бойынша ұжымдасып жұмыс жасай алады, тапсырмаларды қиындықсыз оңай,әрі тез орындай алады. |