СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Матаны пішуге дайындау. Пішу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтық тақырыбы: Матаны пішуге дайындау. Пішу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс – тәсілдерін үйрету; Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс. Сабақтық көрнекілігі:үлгілер, ескертпелер, нұсқау карталары. Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, математика. I. Ұйымдастыру кезеңі: • Оқушылармен сәлемдесемін; • Оқушыларды түгендеймін; • Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу; • Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту. II. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Модельдеу дегеніміз не?

2.Көркем модельдеу деп нені айтады?

3. Киімді мдельдеу ережелері?

III. Жаңа сабақ

Матаны пішу үшін үлкен үстел керек Тігіншіде сантиметрлік таспа, кескіштер, негізгі және қосымша бөлшектерді сызу үшін миллиметрлік қағаз, бүкпелерді көшіру үшін калька болуы қажет. Негізгі сызбаны пішімдерге бөліп, қиып алуға болмайды. Өйткені пішу барысында қателіктер кетсе, оны түзету үшін міндетті түрде негізгі сызба қажет болады.Сондықтан оның көшірмесін түсіріп алу керек. Лекалоны матаға жайып шығардың алдында тағы бір рет бөлшектердің тізімін, санын тексеріпалады.. Пішудің алдында барлық матаны дерлік декатирлейді. Декатирлеу (тігер алдында мата отырмас үшін) – мақта, мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді. Синтетикалық талшықтармен араластырылған жүн матаны ылғал жаймаға салып, дөңгелектеп орайды, содан кейін 2-3 сағат ауыр затпен бастырып қояды. Жайманы сулау үшін сірке суының ерітіндісін пайдаланады (2 л жылы суға 1 ас қасық сірке суын қосады). Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра үтіктейді.  

Просмотр содержимого документа
«Матаны пішуге дайындау. Пішу»


Сабақтық тақырыбы: Матаны пішуге дайындау. Пішу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс – тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі:үлгілер, ескертпелер, нұсқау карталары.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, математика.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Модельдеу дегеніміз не?

2.Көркем модельдеу деп нені айтады?

3. Киімді мдельдеу ережелері?

III. Жаңа сабақ

Матаны пішу үшін үлкен үстел керек Тігіншіде сантиметрлік таспа, кескіштер, негізгі және қосымша бөлшектерді сызу үшін миллиметрлік қағаз, бүкпелерді көшіру үшін калька болуы қажет. Негізгі сызбаны пішімдерге бөліп, қиып алуға болмайды. Өйткені пішу барысында қателіктер кетсе, оны түзету үшін міндетті түрде негізгі сызба қажет болады.Сондықтан оның көшірмесін түсіріп алу керек. Лекалоны матаға жайып шығардың алдында тағы бір рет бөлшектердің тізімін, санын тексеріпалады..
Пішудің алдында барлық матаны дерлік декатирлейді.
Декатирлеу (тігер алдында мата отырмас үшін) – мақта, мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді. Синтетикалық талшықтармен араластырылған жүн матаны ылғал жаймаға салып, дөңгелектеп орайды, содан кейін 2-3 сағат ауыр затпен бастырып қояды. Жайманы сулау үшін сірке суының ерітіндісін пайдаланады (2 л жылы суға 1 ас қасық сірке суын қосады). Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра үтіктейді.
Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау.
Жүн маталарды орағанда өңін ішке қаратады. Мата жиегіндегі түйрелген іздердің томпиған жағы оң жаққа қарайды.
Сәтен матаның өң жағы (көлденең жіптің ширатылуына байланысты) жылтыр болады. Егер матаның өң жағы мен терістеме жағы бірдей болса, онда салыстырмалы алғанда сапалы жағы өңі деп есептеледі.
Түкті маталарға терістеме жағынан әрбір 50-60см-ден бағдар сызық қойып, түгінің бағытын көрсетіп отырады. Түкті матадан тігілетін киім бөлшектерін пішкенде, мата түгі бір бағытта жатуы керек: барқыт және ши барқыттан киім тіккенде түгі жоғары қарайды; ұйпалақ матаның түгін төмен қарайтып пішіп қияды.
Ірі өсімдік бейнелі орнаменті бар матадан бұйым дайындағанда тамырын төмен қаратып, симметриялы орналастырады.
Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен немесе ине шаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібереді.
Лекалоларды жайып пішу.
Пішу алдында матаның жиектері келтіріп, өң жағын ішке қаратып, арқау жіптің негізгі жіпке көлденең келуін қадағалай отырып, ұзынынан екі бүктейді. Егер мата шеті қиғаштанып тұрса, ондай бөліктері пішімнен түсіп қалады.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.

  1. Пішушінің жұмыс үстелінің жабдықталуы?

  2. Пішім бөлшектерінің саны неге байланысты болады?

  3. Матаның өң жағын қалай анықтайды?

  4. Жұмысшы қағаздағы қандай белгілер салынады?

V. Сабақты қорытындылау.

1. Қателермен жұмыс.

2. Оқушы жұмысын бағалау.

VI.. Үйге тапсырма.

Матаны пішу.