СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математика пәні: "Оқылған материалды қайталау.Өзіндік жұмыс"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика пәні: Өзіндік жұмыс

Просмотр содержимого документа
«Математика пәні: "Оқылған материалды қайталау.Өзіндік жұмыс"»

Бөлім

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:












3-сынып









Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Тақырыбы

Оқылған материалды қайталау. Өзіндік жұмыс

Оқу мақсаттары

3.4.3.2. Өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

3.1.2.8. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

1000-ға дейінгі сандардың бірізділігінің заңдылығын анықтау, әріпті өрнекті құру, оқу, жазу.

Бірқатар оқушылар:

Берілген әріптің мәнін екі әріптік, сандық өрнектің мәнін табу.

Кейбір оқушылар:

өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

Бағалау критерийлері

тақырып мазмұнын өздігінен ізденіп, топ жұмысына белсене араласып, өзін өзі реттеуді қалыптастырады;

оқушылар алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға, өздіктерінен жұмыс жасай білуге үйренеді;

есеп шығару, салыстыру, талдай білу дағдылары қалыптасады;

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

1000-ға дейінгі сандарды тура және кері санау.

Пәндік лексика және терминология:

Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдері, сандардың бірізділігі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Заңдылық дегеніміз не?

Заңдылықты қалай жалғастыру керек?

Жазылым:

Өрнектерді бағанмен жазу.Сандардың бірізділігін жазу.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмі.Сандардың бірізділігі туралы түсінік

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры









Басы

0-3



4-6


Ынталандыру

(Ұ)1-тапсырма ажырату салыстыру

а+5; (34+10) -2; 23 • 4+9; х+9=17 • 6; 72 ; х=24 : 3;
(45+25) : 5; 90-10 • 5; х-3; Ь • 6; 19 4272 : 9+20; 12 : х+24 : 8; (*+2)+16 ■ 4; 34-8=13 • 2.

Жазулардың ішінен санды өрнектерді теріп жаз жөне оқы. Әріпті өрнектерді теріп жаз және оқы.

Қай өрнекті санды және әріпті өрнек деп айтуға болмайды? Неліктен? Салыстыру жасау. Теңсіздік туралы түсінікті еске түсіру

Жауап берегн оқушыны шапалақ арқылы бағалау

Өзектендіру.

(Т) 2-тапсырма

Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың - 104, дөңгелекауыздылар немесе балықтәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез-келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, улы сұр жылан, бақа, алабұға, шортан және тағы басқалар кездеседі.

Мәліметті мұқият оқы, сандарды өсу ретімен жаз, үш таңбалы сандарды ата, 835-тен кем он сандар қатарын жаз, 104 санынан үлкен он сандар қатарын жаз. Шешімдер жиыны осы сандар сәулесінде көрсетілген теңсіздіктерді жаз.


104



835

Смайлктер арқылы бағалау жасау



№1 слайд

№2 слайд




№5 слайд



Ортасы



12-29


Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар)

(Ж) 3-тапсырма. Баған түрінде орындау алгоритмін түсіндіру


(Ұ) 4-тапсырма Математикалық диктант:

Үш топ бірдей жазамыз, қай топ бірінші мәнін табады, сол топ айтады.

  1. 60 санына 2 мен 3 сандарының көбейтіндісін қос; (60+2*3=66)

  2. 48 санынан 4 пен 2 сандарының көбейтіндісін азайт; (48-4*2=40)

  3. 6 мен 2 сандырының көбейтіндісін 3- ке бөл; (6*2/3=4)

  4. 100-ден 2 мен 10 сандарының көбейтіндісін азайт; (100-2*10=80);

(Ұ) Есепті оқы, топта талқыла, шығырылу жолын түсіндір. Сұрақтарға жауап бер.

Барлығы қанша билет?

Бірінші күні неше билет сатылды

Екінші күні ше?

Үшінші күнді қалай табамыз?

Цирк кассасында үш күнде 480 билет сатылды. Бірінші күні 120 билет, екінші күні 140 билет сатылды. Үшінші күні неше билет сатылды?


№6 слайл





№7 слайд


№8 слайд


Соңы



30-40


(Ж) Өздік жұмыс

Ойын «Жоғалған сандар»

327 *38 5*3 97*

+ + - -

*** 75* 21* **3

788 889 311  151

(Ұ) Логикалық тапсырма

 Бұтақта 6 құс қонып отыр еді. 2 құс осы ағаштың келесі бұтағына орын ауыстырды. Ағашта неше құс қалды? (6)

 Шешесі балаларына 10 кәмпитті бөліп, қыздарына 3-тен, ұлдарына 2-ден берді. Қыздар неше, ұлдар нешеу? (2-ұл, 2-қыз)

 Бұтақ ішінде 36 құлақ қылтиып тұр. Онда қояндар жасырынған. Бұтақ ішіндегі қояндар қанша? (18 қоян)













№9 слайд

41-45


Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі карточка таратады, оқушылар жалғасын жазады:

Не білдің?

Не үйрендің?

Нені білу керек?