СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Көңілді тапқырлар клубы»

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

  «Көңілді тапқырлар клубы»  сыныптан тыс сабақ

Просмотр содержимого документа
««Көңілді тапқырлар клубы»»

Сабақтың тақырыбы: Математикалық «Көңілді тапқырлар клубы»

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын ояту

  • шығармашылық қабілетін және ойлау қабілетін дамыту

  • ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу


Сабақтың жоспары:

1. Кіріспе

2. Топтардың сәлемдесуі

3. Біліктілік сайысы

4. Капитандар сайысы

5. Математикалық әзіл

6. Үй тапсырмасы

7. Қорытынды.


Сабақтың барысы:

І. Кіріспе. Құрметті, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 5-6 класс оқушылары арасында өтетін «Математикалық КТК» сайысына шақырамыз. (әділ – қазылар алқасымен, жоспармен таныстыру)

ІІ. Топтардың сәлемдесуі. (топтың аты, ұраны, эмблемасы)

ІІІ. «Біліктілік» сайысы.

1- топқа қойылатын сұрақтар:

  • Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастарын бірге алғанда қанша болады? (44)

  • Егер бір жұмыртқа 3 минут қайнаса, 5 жұмыртқа неше минутта қайнайды? (3 мин)

  • Отбасында 7 ұл, әр ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Отбасында барлығы неше адам? (8)

  • Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді. (12км)


  • Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ 20мин ұшады, ал кері 80 мин ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесіз? (екеуі тең)

  • Үйде екі әке, екі бала отыр. Олар 3 алманы бір-бірден бөліп алды. Сонда бұл қалай болғаны?

2-топқа қойылатын сұрақтар:

  • Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрса 12кг, ал екі аяғымен тұрса неше кг?

  • Тік төртбұрыштың периметрі 30 см, ұзындығы 11 см, ені неше см? (4)

  • Үстелдің 4 бұрышы бар, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)

  • Барлық араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)

  • 10 саны 40-тың неше пайызы? (25)

  • Квадраттың қабырғасы 9см, периметрі қанша? (36)

ІV. Капитандар сайысы.

1) «Сүт» пен «стакан» арасындағы байланысқа ұқсас байланыс «хат» пен төмендегі сөздердің қайсысында бар?


А) марка С) қалам

В) конверт Д) почташы


2) «Р, А, И, Ж, П» әріптерінен белгілі мағына беретіндей реттегенде төмендегілердің қайсысының аты шығады?


А) мұхит С) ел

В) қала Д) жануар


3) Сұрақ белгісінің орнына сан қой. 10, 20, ? 40, 50

А) 50 С) 60

В) 40 Д) 30


4) Көп нүктенің орнына тиісті санды қой. «Жұт ... ағайынды»

А) жеті С) екі

В) бес Д) он


V. Математикалық әзіл.

VІ.Үй тапсырмасы. Геометриялық фигуралар туралы әзіл ертегілер.

VІІ. Қорытынды.