Күні:24.11.15
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың фигураның ауданын табу туралы білімдерін кеңейту. Тік төртбұрыш пен шаршының ауданын есептеу формуласын үйрету. Ауданды табуға берілген есептерді қатесіз шығара білуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін,көркем жазу дағдыларын дамыту.
Білімділік: Тік төртбұрыштың ауданын табу тәслдерімен таныстыру.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-
қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, топтық жұмыс.
Көрнекілік: сызбалар, геометриялық фигуралар, видеоролик, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: « Сәлем- сөздің анасы»
Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн деп айтамыз
Түсте бірге қайтамыз
Отбасының гүліміз
Бірге өтер күніміз
Сыныбымыз тап- таза
Борымыз бар тақтада
Отырайық партаға.
ІІ.Өткеді еске түсіру: «Қайталау – білім қазынасы»
«Сиқырлы себет» (себеттегі жеміс- жидектерде жасырылған сұрақтарға жауап алу)
1. Ауданды қалай өлшейді?
2. Ауданды табу формуласын айт.
3. Палетка дегеніміз не?
4.Палеткамен ауданды табу формуласын айт.
6.Тік төртбұрыш дегеніміз қандай фигура?
7. Шаршы дегеніміз қандай фигура?
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..
Қандай геометриялық фигураларды білеміз?
Тік төртбұрыш пен шаршыны өмірде неге ұқсата аламыз? (видеоролик көру)
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
+ | + | |
ІІІ.Жаңа сабақ. «Үйренгенің маған жақсы, білгенің өзіңе жақсы»
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Түсіндірме мәтінмен жұмыс
1. Әр фигураның ауданын қалай табуға болады? Әр фигураның ауданы неше кв/см?
2. а) Бір бағанда неше кв/см бар? Осындай тағы неше баған шығарып алуға болады?
Тік төртбұрыштың қабырғалары 1 см- ден неше тең бөлікке бөлінген? Тік
төртбұрыштың ауданын тап.
ә) Бір бағанда неше кв/см бар? Осындай тағы неше баған шығарып алуға болады?
Шаршының қабырғалары 1 см-ден неше тең бөлікке бөлінген? Тік төртбұрыштың
ауданын тап.
3. Әр фигураның қабырғалары неше см?
Суреттегі фигуралардың қабырғаларын 1 см-ден неше тең бөлікке бөлуге болады?
Әр фигурада неше қатар кв/см болады? Әр фигурада неше баған кв/см болады?
Әр фигураның ауданын тап. Оны қалай тапқаныңды түсіндір.
Тік төртбұрыштың ауданы


.
ені
ұзындығы
Тік төртбұрыштың ауданы бірдей бірлікпен алынған оның ұзындығының еніне көбейтіндісіне тең
Ауданның формуласымен таныстыру (мұғалімнің қалауы бойынша)
Ауданды S әрпімен белгілейді, өлшем бірлігі – см2 S=а×в
Практикалық жұмыс: «Ойнайық, ойлайық, есепті шешпей қоймайық»
Топ: Киіз үйде ұзындығы 6 м, ал ені 3 м тұскиіз ілулі тұр. Тұскиіздің ауданын тап.
Топ: Тік төртбұрышты еденнің ұзыындығы 8 м, ал ені 4 м. Еденнің ауданын тап.
Топ: Шаршы тәріздес терезенің бір қабырғасы 5м. Шаршының ауданын тап.
«Сергіту сәті» доппен ойын ұйымдастыру. Көбейту кестесін қайталау.
5-есеп:
Шу каналы- 82 км
Көк су каналы-?21 км ұзын
Басқара каналы-? 55 км қысқа
Ш: 82+21=103
103-55=48
Ж: басқара каналының ұзындығы 48 км.
7- есеп:
Топ: 12: х =6 9*x=45
Топ: X*10=30 50*x=400
Топ: X*100=900 72:х=8
Сабақты бекіту: «Көп ойла, тез ойла!»
Ф:С:
Топ: 10 таяқшаның неше ұшы бар? Он жарым таяқшаның ше? Он үш жарым таяқшаның ше?
Топ: Үш бала Арман, Асылан, Болат баққа отыруға барды. Жол жөнекей олар 3 теңге тауып алды. Баққа Болат жалғыз барса, қанша теңге тауып алар еді?
Топ: Өзеннің жағасында 4 қозы жайылып жүр. Ақ қозылары қарасынан үшеуі көп. Қанша қара қозы, және қанша ақ қозы бар екен?
Сабақты қорыту: «НЕ БІЛДІҢ, НЕ ҚАЙТАЛАДЫҢ?»
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
+ | + | + |
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Әр топ басшыларына бағалауға арналған критерийлар:
Оқушының аты - жөні | Жаңа сабақты меңгеруі | Сөз есепті шығаруы | Теңдеу шығаруы | Логикалық тапсырманы орындауы |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Үйге тапсырма: 6 -тапсырма
№ 15 орта мектебі
Ашық сабақ
Пәні: Математика
Тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын табу.
Өткізген: Есалы А.Е.
Ақтөбе, 2015
Күні:24.11.15
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. 72–78 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері жайлы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: «Сөйлем мүшелері» картасы, Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: 71-жаттығу. Ережелер.
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ


СӨЙЛЕМНІҢ СӨЙЛЕМНІҢ
ТҰРЛАУЛЫ ТҰРЛАУСЫЗ
МҮШЕЛЕРІ МҮШЕЛЕРІ

Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
72-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Қонақтар төрге отырды. Мөлдір шай жасады. Дастарқанды дәмді тағамға толтырды.
Шайды әжесі құйды.
Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.
Бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын – екі рет сыз.
Тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сыз.
Тұрлаусыз мүшенің сөйлемдегі қай мүшеге қатысты екенін сызбамен көрсет.
Өзің қонақтарды қалай қарсы алатының жайлы әңгімеле.
Мақалмен жұмыс.
Кең киім оңай тозбайды,
Кеңесті ел азбайды
– Мақалды көшіріп жазу.
Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің астын сыз.
Мақалдың мәнін түсіндір.
74-жаттығу. Жұмбақтарды оқы, шешуін тап.
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
Қуыста қызыл әтеш билейді.
Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауышты тап.
Тұрлаусыз мүшелерді тап. Оларға сұрақ қой, қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Сергіту сәті. Ойын ұйымдастыру.
75-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құра.

Әңгімеңдегі 2-3 сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
78–жаттығуды талдау.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
Үйге тапсырма:. 76, 77-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.
Соңғы екі сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.
Күні:24.11.15.
Пәні: әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Ақжолтай Ағыбай батыр.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды «Ақжолтай Ағыбай батыр» тарихи әңгімесі мен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.Ел тарихы туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Ерлікке, батырлыққа, ел тарихын білу және қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Интерактив.тақт. жұмыс «Жазушылар» топтамасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Өткен сабақтағы мәтінді пайдаланып, сызбаны толтыр:
Бұқар жыраудың теңеулері
Батырдың халқына жасаған қызметі
Халықтың батырға құрметі.
Ел үшін еңбек етіп, елінің атын шығарған ұлы адамдар туралы білеміз.
«Жазушылар» топтамасы.( батырлар туралы мәліметті тыңдау)
Оқушыларды «Ақжолтай Ағыбай батыр» тарихи әңгімесі мен таныстыру.
Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту
Батырлар
Оқулықпен жұмыс. Ақжолтай Ағыбай батыр
«Алмас қылышты ардагер» әңгімесін мәнерлеп оқу.
Оқушыларға тізбектей оқыта отырып түсіндіру.
Сөздікпен жұмыс. Кәрі құлақ - дәптерге жазу.
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сергіту сәті.
Кенесары


Батырлық, ерлік туралы қандай
мақал-мәтелдер білесіңдер.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Ағыбай батырдың туған өлкесі?
Кенесары кім?
Қазақтарға көрсетілген қысым.
Халықты қорғауға кімдер шықты?
Ағыбай халықты қандай жетістікке жеткізді?
Ағыбайдың ерлігін халық қалай бағалады?
7. Қосымша батырлар туралы сұрақтармен толықтыру.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.