Математика сабағында сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану арқылы оқушыны жан-жақты дамыту
Жаңа заман ағымына сай білім саласында инновациялық технологиялар қолданудың, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.
Ондағы негізгі мақсат - оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында педагогика саласында бірнеше инновациялық технологиялар жүйесі жинақталған.
Осы орайда математика сабағында оқушылардың құзыреттілін дамыту үшін «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану оқушылардың өз беттерімен меңгерген материалдағы ұғымдардың әрбіреуінің есінде ұзақ сақталып, оның білім деңгейінің артуына зор ықпал ықпал етеді. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2.Сенімділікке тәрбиелеу.
3. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
4. Баланың дүниетанымының кеңейіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
5. Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру [1].
Ұсынып отырған сабағымда сын тұрғысынан ойлау страгияларының ішінен «Ротация, Жигсо және Кластер» әдістері қолданылды.
«Ротация» (Ауыстыру) әдісінде класты бірнеше топқа бөліп, сонша сұрақ дайындалады. Әр топқа жеке-жеке түс бөлініп беріліп, 5-6 минутта өз түсінің маркерімен өз сұрағына жауап береді. Сонан соң мұғалімнің белгі беруімен оқушылар сағат тілі бойынша орындарын алмастырып отырады (яғни сұрақтарымен) және 5 минут шамасында өзге топтың сұрағы мен жауабын оқып, сол сұраққа өз жауаптарын жазады. Осылайша сұрақ ауыстыру әуел бастагы өз сұрақтары кайтып келгенше жалғаса береді. Барлық топтардың жауаптары талқыланып, ақырғы пікір талқыланады [2].
Оқушыларды бірлесуге, топтасуға үйрететін «ЖИГСО» – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4-өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 – нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді [2].
«Кластер» (топтастыру). Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Яғни жеке жазуды топта талқыға салу, жалпы топтың атынан жауап дайындалады, кластер бойынша топтың жауабын жалпы тақтаға жазылады [3].
Класс: 9-класс (тереңдетілген класс)
Сабақтың тақырыбы: Комплекс сандар және оларға амалдар қолдану [4].
Сабақ мақсат-міндетттері:
Білімділік:
Оқушыларға комплекс сандарға амалдар қолдануды үйрету, алған білімін тереңдету, жинақтау, жүйелеу;
Дамытушылық:
логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктері мен пәнге қызығушылығын арттыру:
Тәрбиелілік:
оқушыларды алғырлыққа, дәлдікке, әдемілікке, шыншылдыққа, ұйымшылдыққа және өз ойын еркін жеткізе білуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
«Комплекс сандар» тақырыбын өзектендіреді;
оларға қолданылатын амалдарды біледі және есептер шығаруда қолданады
қорытынды жасай біледі;
бір-бірін тыңдау арқылы өзгенін пікірімен санасады;
өзінің және кластастарының білім алуына жауапкершілікпен қарайды.
Сабақтын түрі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы
Оқыту әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, бағалау парағы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығына назар аудару. Класты 4 топқа бөліп отырғызу.
«Мағынаны ажырату» Слайд арқылы топтарға комплекс сандарға байланысты формулалар ұсынылады. Формулалардың екінші жартысын табу қажет.
1)
2)
3)
4)
5)
және
-? (түйіндес)
«Ой қозғау» (Ротация әдісі). Топтарға тапсырма беріледі. Әр тапсырмадан соң келесі топқа тапсырады. Келесі топ алдынғы тапсырманы тексеріп, одан кейінгі тапсырманы орындайды. Соңында орындалған тапсырмаларды әр топ басшысы тақтаға іліп, қорғайды
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
ІҮ топ
Сергіту сәті (оқушылар қойылған сұрақтың жауабы дұрыс болса, қолдарын алға созады, дұрыс емес болса жоғары көтереді.)
х2+1=0 теңдеуінің түбірлері х=±1 болады (дұрыс емес)
Егер комплекс сандардың нақты бөлігі мен нақты бөлігі, жорамал бөлігі мен жорамал бөлігі тең болса, онда бұл комплекс сандар тең деп аталады. (дұрыс)
- комплекс санның модулі деп аталады (дұрыс)
Комплекс сандарды бөлу амалын орындағанда бөлшектің алымын да, бөлімін де алымының түйіндесіне көбейтеміз. (дұрыс емес)
Қарама – қарсы комплекс сандардың қосындысы -1-ге тең болады. (дұрыс емес)
Жигсо әдісі.
болатынын дәлелдеңдер. Оқушылар алдымен жұп, сонан соң топ болып талқылайды. Топ мүшесі тақтаға дәлелдейді. «Осы дәлелдеген тапсырманың дәлелдеуі дұрыс па? Басқаша жолмен дәлелдеуге бола ма?» деген сұраққа басқа топтар жауап береді.
«Рефлексия» (Кластер әдісі)
Үйге тапсырма.
Қорытынды және бағалау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мирсейітова С. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, 1998ж.
Имжарова З.У, Ахметова А.У және т.б. Сын тұрғысынан ойлау білім
үрдісінде. Ақтөбе,2012ж
Муханов. М .Педагогикалық психологиялық очерктері. Алматы, 1995ж
Шыныбеков Ә.Н. Алгебра 9 класс. Атамұра, 2013ж