СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математика.Санды және әріпті өрнектер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика.Санды және әріпті өрнектер.1 сыныпқа арналған сабақ

Просмотр содержимого документа
«Математика.Санды және әріпті өрнектер»

Пәні: Математика

Мектеп: КСГОД№2

Сынып: 1 «Б»

Күні: 27.04.2017

Мұғалімнің аты- жөні: Суханбердиева Ж.С

Қатысқандар саны: 28

Қатыспағандар саны: жоқ

Сабақтың тақырыбы:

Санды және әріпті өрнектер

Осы сабақта қол жетілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2. Әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Бір әріпті өрнектің мәнін таба алады


Оқушылардың басым бөлігі: Әріпті өрнек пен санды өрнекті бір-бірінен ажырата алады


Кейбір оқушылар: Берілген тапсырмаларды жылдам орындай алады

Бағалау критерийлері

Әріпті өрнекті түсінеді

Әріпті өрнекті шығара алады


Тілдік мақсаттар

Оқушылар тапсырмалар орындай отырып, әріпті өрнектің мәнін таба алады

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

слайд

Бастапқы білім

1.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/ теңдік, теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Ой қозғау: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қай ай? Аптаның қай күні? Кеше қай күн болды? Ертең қай күн? Бүгін ауа – райы қандай? Күннің көзі не үшін керек? Осындай қыстың бір күні құлын, бота, бұзау, қозы , лақ орманға барыпты. Қайтарында өзеннен өтейік десе мұз жарылып, сыныпты. Қорыққан төлдер маңырап, мөңіреп шулапты. Олардың дауысын естіген қасқыр келіп қалыпты. Осы мезетте оларды іздеп бала да келеді. Бірақ қасқыр балаға төлдердің қайда екенін айтпас бұрын тапсырма беріпті. Сол тапсырманы болсын деп «Күннің көзін ашу» ойынын ойнайық.Қасқырдың 1 – тапсырмасы бірге орындайық па? Ендеше, күніміз ашық.

9 + 1 8 – 4 6+ 4

10 – 2 5 + 3 7 – 5

- Біз тақтаға нелер жаздық? ( өрнектер). Қосудың, азайтудың компоненттерін атау

Жаңа сабақ: Қасқыр риза болып, малдардың қайда екенін айтады.Бала бірінші болып лақты құтқармақшы. Ол үшін оқулықпен жұмыс. № 1.

Тақтада орындау. «Қателеспе!» ойыны.

6 + 4 ═ 10 10 – 7 ═ 3



Ортасы

№ 2. «Кім зерек?» ойыны.

Бұлар қандай өрнектер деп ойлайсыңдар? Бұлар – санды өрнектер.

Ал әріпті өрнектер қандай болады? Ендеше, № 2 есепті қарайық. Ойлаған санды «әйнекше» □ түрінде белгілейік. Сонда □ + 4, 4 + □, □ – 4 , 4 – □ . Белгісіз санды «а» әрпімен алмастырайық, сонда а + 4, 4 + а, а – 4 , 4 – а өрнектері шығады. Бұлар - әріпті өрнектер. 
Әріпті өрнектің мәнін бірден таба алмаймыз.

Енді баланың қозысын құтқаруға көмектесейік пе? Ол үшін № 3 есепті қарайық. Алдымен әріпті өрнекті, содан соң санды өрнектерді атаймыз

( ауызша) «Кім алғыр?» ойыны.

а + 4 9 – 4

4 – а 5 + 4

7 – а 3 + 7

а – 4 2 – 2

8 – а

Осылай, баламен бірге қозысын құтқардық.

Келесі кезекте бұзау тұр екен. Бұзауды құтқару үшін № 4 есепті шығарайық.

Екі бағанды оқып салыстыру. Шарттарын салыстыру. Не ұқсайды? Айырмашылығы не? (Сұрағы жоқ). Екі бағанның қайсысы есеп? Неге? Сұрағы жоқ есепті шығара аламыз ба? Ол үшін не істеу керек? Сұрақ қою қажет. Қандай сұрақ қояйық?

Өсті – 6 ағаш

Отырғызды – 2 ағаш ? ағаш

Шешуі: 6 + 2 ═ 8

Жауабы: Барлығы 8 ағаш отырғызылды.

- Ағашты не үшін отырғызамыз?

Жақсы, баламен бірге бұзауды да құтқардық. Келесі кезекте не тұр? Иә, ботаны құтқарамыз ба? Ол үшін «Сергіту жаттығуын» жасайық.

Күкіреді күн, күн.

Терезелер шым – шым,

Жауды жаңбыр топ – топ.

Шелек – шелек көп, көп.

Жон арқаңды тос – тос

Күнбағыс тез өс - өс.

Жақсы балалар, енді кезекте не тұр? Бота. Ол үшін мына тапсырманы орындайық. Жұптық жұмыс. «Кім шапшаң?» ойыны.

Айырмаларды оқы. Кестені толтыр.

6 – 4 5 – 3 8 – 4 9 – 6


Азайғыш

Азайтқыш

Айырманың мәні Қосындыларды оқы. Кестені толтыр.

4 + 2 3 + 3 7 + 3 4 + 6

Бірінші қосылғыш

Екінші қосылғыш

Қосындының мәні

Осылайша ботаны да құтқардық. Ендігі кезек ненікі? Құлынды құтқарайық.

Ол үшін «Кім жылдам?» ойынын ойнайық.Топтық жұмыс .

1 – топ. Әріпті өрнектерді теріп жаз. а + 5 , 7 + 3 , а – 6 ,4 + 3 , 5 – а .

2 – топ. Санды өрнектерді теріп жаз. 7 + 2 , а– 5 , 2 + 0, 5 – а, 3 + 3 .

3 – топ. Өрнектердің мәнін тап. 2 + 2 , 4 + 3, 5 – 3 , 9 – 8.



Дескриптер

Бір әріпті өрнекті таба алды

Санды және әріпті өрнекті ажырата алды

Берілген тапсырмаларды орындай алды


Сабақтың соңы

 Не білдік? Не үйрендік?


Саралау – оқушыларға қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Моншақпен бағалау


Сабақ бойынша рефлексия



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі?

1.Берілген тапсырмаларды орындады

2.Оқушылар сабаққа белсене қатысты


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады?

1.Оқушыларға қолдау көрсету

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдің, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет









Пәні: Математика

Мектеп: Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы№2 арнаулы гимназиясы

Сынып: 1 «А»

Күні: 27.04.2017

Мұғалімнің аты- жөні: Суханбердиева Жансая Сейілқызы

Қатысқандар саны: 35

Қатыспағандар саны: жоқ

Сабақтың тақырыбы:

Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

Осы сабақта қол жетілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.2. Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңісті фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тіктөртбұрышты параллелипипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жазық және кеңісті фигураларды біледі


Оқушылардың басым бөлігі: Жазық және кеңісті фигураларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіре алады


Кейбір оқушылар: Фигураларды өмірде қолданатындығын айтады

Бағалау критерийлері

Геометриялық фигураларды біледі.

Геометриялық фигураларды ажырата алады.

Геометриялық фигураларды өмірде қолданады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар тапсырмалар орындай отырып, фигуралады ажырата алады және өмірде қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету

Пәнаралық байланыстар

Геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Ресурстар


Геометриялық фигуралар

Бастапқы білім

Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар

Басы

Психологиялық дайындық.

1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

1. «Жұмылған көзбен тап» ойын арқылы құрал-жабдықтарын тексеру.

2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту

Паровозға артылған вагондар саны 10. Жолаушыларды тапсырманы дұрыс орындап, вагондарға отырғызайық.
1 - вагон 2 - 1=1 Арыстан
2 - вагон 4 - 2 = 2 Піл
3 - вагон 0+3 = 3 Керік
4 - вагон 5 - 1 = 4 Түлкі
5 - вагон 2+3= 5 Қоян
6 - вагон 3+3= 6 Мысық
7 - вагон 8 - 1= 7 Қасқыр
8 - вагон 6+2= 8 Ит
9 - вагон 5+4= 9 Маймыл
10 - вагон 7+3=10 Аю
Тапсырманы дұрыс орындаған балалар мадақталады. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану

Ертеде математика елінде, геометриялық фигуралар қамалында сиқырлы геометриялық денелер өмір сүріпті.
Бір күні олар: «Бәрінен де кім күшті?» - деп өзара айтысып қалыпты.
Сол кезде текше былай депті: « Мен бәрінен де күштімін. Өйткені менің бұрыштарым көп» - деп мақтаныпты.
Мұны естіген шар: «Босқа мақтанба, сенің бұрыштарың кімге керек? Мына менде бұрыш жоқ. Мен үнемі дөңгеленіп, көңілді жүремін. Менің басым да аяғымда жоқ» - депті.
Осы кезде цилиндр келіп, былай депті: «Босқа айтыспаңдар. Мен бәріңнен де күштімін. Менің арқамда адамдар ауыр заттарды үстіме қойып, итеріп, қозғалтады. Сондықтанда мен күштімін» - депті.
Қызу айтысты естіп тұрған пирамида былай депті: «Неге босқа айтысып тұрсыңдар. Біз барлығымыз адамдарға өте қажетпіз. Біз әрбір үйден табыламыз. Адамдар бізді балабақшадан бастап танып біледі. Сондықтан адамдарға әрдайым қажетпіз. Олар бізді жақсы көреді» депті пирамида.
Осы кезден бастап геометриялық денелер өздерінің адамдарға қажет екендіктерін түсінді.
- Балалар, ертегі ұнады ма сендерге?
- Ертегі нелер туралы екен?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Осы геометриялық денелер туралы толық түсінік беріп өтейін


Ортасы

Басқа фигураларды салыстыру мен оларды сызуды барлық оқушыларға бірдей көрсету.Оларға тек өз топтамасынан қажетті фигураны тауып , көрсетіп отыруды ұсыну.Оқушылардан «Басқа жазық фигураларды кеңістік фигуралардың табандарын бастырып сызу арқылы алуға бола ма?» деп сұрап,олардың ұсынысын тыңдау.Параллелипипедтің бір жағын бастырып сызуды ұсыныңыз және пайда болған фигураны қиып алуды тапсыру.Оқушыларға өз топтамасынан оған ұқсас фигураны тапқызу.Фигураның қалай аталатынын сұрау.

Егер оларға жауап беруге қиналса, оның тіктөртбұрыш деп аталатынын айту.


Дескриптер

Жазық фигуралар ұғымын кеңістік фигуралар жақтарының көмегімен түсінеді.

Үшбұрыш,дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш секілді жазық фигуралармен танысу және бір-бірінен ажыратады.

Қоршаған ортадағы заттармен байланыстырады.


Сабақтың соңы

 Не білдік? Не үйрендік?


Саралау – оқушыларға қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Оқушылардың еңбегін мадақтау,таңдаған фигурасын смайликтерге жапсыру арқылы өзін-өзі бағалау


Сабақ бойынша рефлексия



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі?

1.Берілген тапсырмаларды орындады

2.Оқушылар сабаққа белсене қатысты


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады?

1.Оқушыларға қолдау көрсету

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдің, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет