Ақпан-2016 ж
Математикадан ойын-сабақ.
Қатысушылар: 5-10 сынып оқушылары.
Жүргізуші: Математика пәні мұғалімі: Турекенова М.Б.
«Математика және еңбек» пәндер апталығына орай өткізілген «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағаты.
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу. Білімділігі: Оқушылардың математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру білім қабілеттерін тексеру,алған білімдерін пысықтау. Сабақтың әдістері: қайталау, ойын сабақ
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер,ертегі есептер,сөзжұмбақ шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.Оқушылады ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын –сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,ізденушілік
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, викторина, интерактивті тақта ,ертегі есеп, слайд.
Сабақтың барысы:
Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі «Математика және еңбек» пәндер апталығына арналып өткізгелі отырған «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер !.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырма-
ларды орындау арқылы білімдеріңді , одан әрі тереңдету және алған білімдерін
пысықтау.
Сайыс сағатымызда өлең есептер,ертегі есептер, сөзжұмбақтар ,бейнелі
сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс
айтылған жауаптарға ,Әділ-қазылар алқасы бағалап отырады.Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математиктер» номинациясына ие болады.Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады:
1.Таныстыру
2. Сөзжұмбақ шешу
3. Математикалық бейнелі сөз шешу
4. Блиц - турнир
5) Сергіту сәті «Ойна да,ойла»
6) « Логикалық – сұрақ тапсырмалар»
7)«Кім жылдам?» ойыны.
8) топ басшылар жарысы
Жүргізуші: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді
жұмып,мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
Осы сезімге беріле отырып,көзімізді жаймен ашайық та осындай күймен есептерді, тапсырмаларды тез ұжыммен топтасып шешейік
Уа,халайық,халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып ,шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ,есеп бәрі бар
Ал,сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.-деп Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.Әр топта топ алты оқушыдан (топқа әр сыныптан оқушылар қатысады!
«Білімділер » тобы
1) Топ басшысы- Сержан
«Білгірлер» тобы»
1) Топ басшысы- Света
Әр топ өздерін таныстырмай тұрып сендердің берген жауаптарыңды, шығарған есептерінді, орындаған тапсырмаларынды бағалап отыратын әділ-қазы алқасымен таныстыру
1.Таныстыру бөлімі
Енді сөз кезегін топтарға берейік.
«Білімділер» тобы:
Ұран: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз
Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Білімді» бала атанып Бізде ғалым боламыз.
«Білгірлер» тобы:
Ұран: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
2. «Сөзжұмбақ» шешу
Уа,балалар,балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
«Білімділер» 1) Ағашта саңырауқұлақ кепті,
Жаңбыр жауып оны жұмсартып кетті.
40-ы қызыл,8-і сары,20-сы жасыл еді.
Тиін мен тышқан 7-еуін жеді,
Қалды екен нешеу ағашта ғой енди?
(61саңырауқұлақ)
2)Шыңғыс берді гүл
Алмас берді 2гүл,
Саят пенен Жақсылық
Тағы берді 5гүл
Нұршат пенен Назерке
Әкеліп берді 3гүл
Қалғандары қосылып,Берді тағы 5гүл.
Қанша гүл болды барлығы?
(16 гүл)
«Білгірлер» 1)Жайлы орын маңай толы үйеңкі,
Батыр барыс алтыбақан құрыпты.
Кешке қарай жиналыпты көршілер.
40 қасқыр,6-аю, 5-түлкі,
Орын болмай қайтты үйіне 4кірпі.
Айтшы аңдар саны қанша,
Болып қалмай тек күлкі.
(48 аң)
2) Өткізген тырна сабаққа, Қатысты жеті сауысқан, Үшеуі ғана олардың, Дайындалған сабаққа. Неше жалқау сауысқан Қатысқан осы сабаққа?( 4)
3. «Математикалық бейнелі сөз» шешу , Яғни ребус шешесіндер
, Қаз. Ай. Ту. (Азайту) Мысық,,,,. ,Етік,,. Р. (Метр)
4. Блиц - турнир:
1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? айырма
2. 1 сағатта неше минут бар? 60
3. Қосудың нәтижесі қалай аталады? Қосындының мәні
4. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура? шырша
5. Оқу жылының алғашқы айы қандай? қыркүйек
6. Қосуға кері амалды ата. азайту
7. Аптаның соңғы күні қалай аталады? жексенбі
8. Бір тәулікте неше сағат бар? 24
9. 9+7 өрнегінің мәні қанша? 16
10. 60-7 өрнегінің мәні қанша? 53
11. 1 дм неше см болады? 10
12. 1 ғасырда неше жыл бар? 100
13. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. 98
14. Периметрді қалай табамыз? қосамыз
15. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата. үшбұрыш
16. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. Мм,м,см,км
17. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. 70
18. 10 дм неше см бар?
5) Сергіту сәті «Ойна да,ойла»
6) « Логикалық – сұрақ тапсырмалар»
1)Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанда неше? (2кг)
2) Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? ( көрші)
3) 1 жұмыртқа 3 мин піседі.2 жұмыртқа неше мин піседі? (3)
4)Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар? 4ұл1қыз
5)Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? 4 алма
6) Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (Балықтар ұшпайды) 7) 5 қойдың басы нешеу? 5
8) 3 адамның қолы нешеу? 6
9) Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он.Аулада неше тауық ,неше бұзау болуы мүмкін?(2 бұзау, 1 Тауық)
7«Кім жылдам?» ойыны.
Ойын шарты: Шаршыдан 2 ұшбұрыш 2 төртбұрыш шығатындай екі түзу сызық сыз
8.Келесі ойынымыз екі топқа бірдей :
Ал қане тыңдайық:
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен ,панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты.Жаз шығып ел жайлауға көшкенде,сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.Кемпір:-«Бұлар менің жалғаз сиырымды нысанаға алмақ болған екен,мен де бұларды алдайын»,-деп ойлайды.Сөйтіп жалман –жан бір шелексуды сапырып отырып ,мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі ,әрі бізден екі есе көп,кетейік»,-деп кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрылардыосылай қорқытыпты.Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам
8.Енді ең соңғы топ басшылар жарысы:
«Білімділер»
1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 сағатта неше минут бар?(60)
3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)
4 .Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?(Сөз есеп)
5. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)
6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)
7 . Азайту амалының компаненттерін ата?(азайғыш,азайтқыш,айырманыі мәні)
8. 3 пен 9-дың көбейтіндісі?(27)
9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)
10. Санды сол санның өзіне бөлсе..(1 шығады)
«Білгірлер»
1. Қосудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)
3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)
4. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қоссамыз)
5. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)
6. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)
7. Бөлу амалының компанеттерін ата?
8. 3 пен 7-нің көбейтіндісі?(21)
9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
10. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)
9. ( Математика болып оқушы кіреді)
Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика-Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Жүргізуші: Осымен ,балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатын аяқтай отырып.. Жеңімпаз топты анықтап
«Жас математик»номинациясын беріп , ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін « Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
Сау, болыңыздар!