Просмотр содержимого документа
«МДҰ білім беру үрдісін ұйымдастыру және жаңартудың заманауи талаптарын жүзеге асыру»
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Москалев орта мектебі» ММ
«МДҰ білім беру үрдісін ұйымдастыру және жаңартудың заманауи талаптарын жүзеге асыру»
тақырыбындағы педагогикалық рингінің
ІІІ айналымына
ЭССЕ



Авторы:
Кожагалиева Гульдана Женисовна
2018 жыл
ЭССЕ
Мардымды технологиялар – маңызды нәтиже.
Пәнді оқыту мұғалімге қаншалықты байланысты болса, сондай-ақ мұғалім өзі емін-еркін қолдана алатын оқу құралдарына соншалықты байланысты. Осы оқу құралдарынсыз педагогикалық талаптарды орындау мүмкін емес.
В.Я. Стоюнин
Әр сабақты өткізер алдында мені «Сабақты қалайша қызықты етіп өткізуге болады?» деген сұрақ алаңдатады. XXI ғасырдың «заманауи» өскінін оқу үдерісіне кіріктіру, жаңартылған білім мазмұнына сай мардымды білімді қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сай беріп, оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру – менің сабақтардағы негізгі мақсатым. Ол үшін педагогикалық әдіс-тәсілдер мен технологиялар жеткілікті. «Жүз ішінен жүйрігі» әр педагог үшін әр қилы. Сол іспеттес, менің де «өз жүйрігім» жоқ емес. Оларды іріктеудің негізгі өлшемдері:
Адам өміртанымының алғашқы қадамы саналатын – ойын баланың жеке басының «мен» ұғымын қалыптастыруда ойын технологиясы аса маңызды. Менің бұл технологияны сабақтарда жиі қолдануымның өзіндік себептері бар. Ойын әдісін қолдану барысында оқушылар топпен бірлесіп қызмет атқаруды, өзін басқалар алдында азамат ретінде танытуға ұмтылып, баланың мектепке дайындығы қалыптасады. Оқушы қарапайым ойын түрленін қолдану арқылы оқу материалдарын ұғынып, оны саналы түрде есте сақтау, қиын мәселелерді шешуге ойлана бастайды. Ойын барысында ерік жігерінің дамуы арқасында төзімділікке үйренеді.Ойынды ұйымдастыруда АКТ технологияларын күнделікті пайдаланамын. Цифрлі технологиялардың заманында АКТ балаға жаңа материалды игеруге көмектесіп қана қоймай, сабақтарымды түрлендіруге септігін тигізеді. Сабақты түрлендірудегі басты мақсатым – оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына жауап іздеуім. Балаларды ақпаратты қабылдауына сәйкес аудиал, визуал, кинестетик болып бөлінуі АКТ технологиясын сабақтарымда қолдануды талап етеді. АКТ қолдану барысында жиі қолданатын музыкалық үнтаспалар, бейнебаяндар кіші мектеп жасынан бастап ағылшын тілді сөздерді тыңдап, оларды дұрыс дыбыстауға көмектеседі. Сонымен қатар, сабақтарда дамыта оқу технологияларын кеңінен қолданамын. Бұл технологияны қолдану барысында білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушылар өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтағы ізденіс кезінде сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ішкі түрткілері пайда болады. Осылайша, мен әр баланың дамуының жақын аймағын ескергендіктен, «шиыршық» әдісімен тапсырмалар деңгейін күрделендіремін. Жоғары деңгейлі тапсырмаларда оқушыларға көмек беріп, кейіннен бұл тапсырмаларды оқушылар менің көмегімсіз орындайды. Мысалы, танысу тақырыбының алғашындағы рөлдік ойынында менің (немесе бейнебаянның) артымнан барлығы қайталаса, кейін жұппен, кейін өздері айтады. Осылайша, Л.С.Выготскийдің бала ересек адамның көмегімен бүгін не орындаса, оны ертең өзі жасайды деген тұжырымдамасының теориядан іске асқанын байқаймын. Сыныптағы әр баланың білім деңгейі мен психологиялық дамуы ерекше болғандықтан әр сабақтың әр кезеңдерінде оқушы деңгейіне сай түрлендіру (дифференциация) әдісін қолданамын. Бұл әдісті қолдануым – әр оқушыны өз деңгейінде жетістікке жетуіне әкеліп қана қоймай, пәнге деген ынтасын арттырады. Оқушының жан-жақты тұлға болып қалыптасуын мақсат тұтқанымен қоса, олардың дендерінің сау болуына да аса мән беремін. Менің ойымша, өз денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыру – заманауи адамның табыстылығының негізгі шарты. Білім беру процесінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану шаршауды азайтып, жұмыс қабілеттілігін арттырады. Бұл технология, менің ойымша, ешқашан өзінің өзектілігін жоғалтқан емес: бұрын қалай қолданылса, алдағы уақытта солай қолданылады.
Осылайша, мен қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдістерді саралай келе, педагогикалық технологиялар мен әдістер тығыз байланыста болып, олардың қолданылуы сан алуан факторларға байланысты екенін аңғардым. Бұл әдістерді қолдану – оқушыларға білімді, іскерлік пен дағдыны, өзіндік білім игеруді, шығармашылық пен таным қабілеттерін дамытып, білімге деген ынтасын қалыптастырады. Осылардың барлығы, нәтижесінде, білім сапасының арттыруына себепші. Ең бастысы, менің пайымдауымша, әр әдіс епті қолданылып, іс сүйіспеншілікпен орындалса – педагогика саласында жетер жетістіктеріміз кемел болмақ.