Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 04.02.20
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Пән: Қоршаған ортамен танысу
Өтпелі тақырып: Қыстың керемет шағы
Тақырыбы: «Қазақстан-ортақ үйіміз"
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Ертеңгі ел болашағы болып табылатын балғындардың өз елінің тарихына, табиғатына деген қызығушылықтарын арттыру, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: : Балалардың қоршаған орта, табиғатпен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, ойлау есте сақтау зерделеуін дамыту.
3.ОқытуМақсаты: Өз Отанын, туған жеріне сүйіспеншілікке тәрбиелеу, айнала қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Мазмұнды суреттер, глобус
Билингвалдық компонент:
Сөздік жұмыс: Республика;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдасты рушылық кезеңі (2 мин)
Балалар Біздің планетамыз неге ұқсайды? (Глобусты балаларға көрсетіп, оның неге ұқсайтынын сұрайды)
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, глобустағы көк түс нені білдіреді?
-Ал сары түс ше?
-Балалар, жер шарымызда қандай елдерді білесіңдер?
-Балалар, ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?
-Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан елінде тұрамыз! Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық.
Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар,теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз. Осы картадан еліміздің басты қалаларын кім көрсетеді?
(Балалар жеке-жеке картадан көрсетіп қысқаша мағұлмат береді)
Біз картаға қарап байтақ жерімізбен таныстық. Ендеше осы Отанымыз Қазақстан туралы тақпақтарды айтып еске түсірейік.
1.Менің елім Қазақстан
Бар ғой онда бәрі де:
Өзен де бар, көл де бар,
Орман да бар, тау да бар,
Жайнаған сансыз қаласы бар,
Жайқалған жомарт даласы бар.
2.Байтақ дала – туған жердің
Қымбат маған әр тасы.
Өзен, көлі, самал желі
Асқар тауы, баршасы
2.Сергіту сәті:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жеріне гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
3.Сұрақ-жауап:
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Осындай үлкен елімізді, жерімізді басқарып отырған кім?
Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Елбасының негізгі жұмыс орны қай қалада?
Астана қаласында.
Астана - қандай қала?
Астана – бас қала, әдемі, үлкен қала.
Тәуелсіз еліміздің рәміздерін атаңдаршы.
Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
Ал енді балалар. Қазақстан Күннен күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде тұрғанымызға бақыттымыз, балалар, біз бақыттымыз ба?
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Балалар, біздің Қазақстан тәуелсіз көп ұлтты мемлекет. Сендер Тәуелсіз елімізге қандай тілек білдірер едіңдер?
- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Елімізде тыныштық болсын!
- Еліміз бай болсын! Т. б.
(Балалар алдын ала дайындап қойған түрлі түсті гүлдерін алып, Тәуелсіз елімізге тілек білдіріп тақтағы орналастырады. )
- Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне, сендерсіздер.