СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Қардағы іздер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Қардағы іздер

Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Қардағы іздер»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 06.02.20

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: Қыстың керемет шағы

Тақырыбы: Қардағы іздер

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Табиғаттың әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Жануарлардың қимыл- қозғалысын және іздерін қарға түсіріп жаттығу;

3.Оқыту: Қағазға қылқаламмен дақ түсіре білуді үйрету, бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: қылқалам, қағаз, қоян

Билингвалдық компонент: қар- снег, қоян, заяц

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Балалар мен серуендеп жүріп қардағы адамдардың, ит- құстардың іздерін көрдім. Сендер серуендеп жүргенде қарға із түсіріп жүргендерін естеріңде ме?

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

-Міне, сендердің алдарыңда ақ қағаз, сендер оны «қар жамылған дала» деп елестетіңдер.

Ал, қарға ешқандай із түспеген, әлі ешкім де, еш нәрседе жүрмеген. Осы ақ қардың үстіне бояумен із түсіріп көрейік.

2.Саусақ жаттығуы

Күн көжек ойнайды,

Секіріп қоймады.

Қолымнан асады,

Ұстатпай қашады.

3.Үлгі көрсету

Енді мына қоянға көмектесейік, ол қарда қалай жүгіреді екен? Ақ қағазға бояумен із түсіріп көрсетеді.Бұл ненің ізіне ұқсайды? Қарға ешқандай із түспеген, әлі ешкім де, еш нәрседе жүрмеген. Осы ақ қардың үстіне бояумен із түсіріп көрейік.

4.Жұмыс барысы

Блалардың жұмыс барысында ұқыпты жұмыс істеулері қадағаланады. Қылқаламның ұшын қатты баспай, кішкене- кішкене дақтар түсіре отырып қоянның ізін қалай салуға болатынын, қағаз бетіне дақ түсірудің жолдарын көрейік.
Қоян секіріп- секіріп жүретіндіктен, арасын алшақ немесе жақын да орналстыруға болады.

5. Дидактикалық ойын «Іздерді ажырат»

ІІІ.Қорытынды (2 мин)

Қазір жылдың қай мезгілі? Біз ненің суретін салдық? Енді, осы суреттерден көрме ұйымдастырайық.