Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 06.11.19
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Жапсырма
Өтпелі тақырып: Қош келдің қыс
Тақырыбы: «Қонаққа қыс келді»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: жапсырмаға деген қызығушылықтарын арттыру, тілегі өзгелерге көмектесуге, қуануға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Балаларды қыс мезгілімен, оның ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру.
3.Оқыту: балалардың қоршаған ортаға деген эмоциялық қабылдауы, олардың сөйлеу, сөздік қорын жалғастыру, ұсақ саусақ мотрикасын дамыту, ұқыпты желімдеуге үйрету, үлкен түйіршіктен(комок) ұсақ түйіршік істеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: қыс мезгіліне байланысты суреттер, әр балаға қорапқа салынған манка, көгілдір түсті А4 форматының ½ бөлігі, мақта, желім, салфетка.
Үш тілділік компонент: Қыс-зима - winter
Сөздік жұмыс: Қыс
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастырушылық кезеңі
1.Әңгімелесу.
-Балалар, сендер менің қандай сурет әкелгендерімді көргілерін келе ме?
-Айя, сен суретте не көріп тұрсын?
-Азиза, балалар не істеп жатыр?
-Санжар мына балалар не істеп жатыр?
-Жарайсыңдар!Қалай ойлайсыңдар, қандай мезгіл суретте салынған?
-А неге қыс?
-Жарайсыңдар! Ал, сендер қыс мезгілінде серуенге шыққанды ұнатасындар ма?
-Ал, қанеки ендеше біз сендермен, серуенге қалай шығатынымзды елестетейік. Далада суық, жел.
-Қалай біз киінеміз?
ІІ.Негізгі бөлім
2.Сергіту сәті:
Серуенге шығамыз
Шалбарды біз киеміз.
Күрте, куртка етікті,
Тонбас үшін аяқтар.
Бас киімді киеміз
Құлақты біз жабамыз.
Серуенге дайынбыз,
Мезгілдің әр кезінде.
Жылаған дауыс естіледі. Топқа Қыс мезгілі жылап кіреді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Ал сіз кімсіз? Не болды?
Қыс мезгілі: Сәлеметсіңдер ме! Мен Қыс мезгілі боламын. Қыста қаншама омбы қар болды, жел болып, күннің көзі шығып, бүкіл қарды ерітіп жіберді. Енді балалар қалай шанасыз қарда сырғанап жүреді? Енді мен не істеймін?
Тәрбиеші: Жыламаңыз Қыс мезгілі. Біздің балалар сізге көмектеседі.
-Қыс мезгіліне көмектесеміз бе балалар?
-Біз оған не істей аламыз?
-Сендер ауада және қорапта ұлпа қар салғанын қалайсыңдар ма?
- Қанеки ауада саусақпен қар түскенін, жел соғып, үлкен омбы қарларға айналғанын көрсетейік.
-Ал енді соның барлығын сиқырлы қорапшада салып көрейік.
-Жарайсыңдар баладар!
Қыс мезгілі: Ал, сендер тағы не істей аласыңдар?
Тәрбиеші: Біздің балалар жапсырмамен айналысқанды жақсы көреді.
-Балалар, қанеки біз сендермен бүгін ерекше ұлпа қар жасайық. Мақтадан?
-Мақта бізде қар сияқты, ол да өте ақ, жұмсақ, мамықтай, бірақ ерімейді.
3.Үш тілділік компонент: Қыс-зима - winter
4.Сөздік жұмыс: Қыс
5.Көрсетіп,түсіндіру.
Енді мен сендерге ұлпа қарларды қалай жасау керектігін көрсетемін. Ал сендер мұқият қараңдар, жарайма?
Бірінші үлкен түйіршік мақтадан, ұсақ-ұсақ мақталарды жұлып аламыз, оны желімге малып, біздің қағазымызға ұқыпты қылып жапсырамыз. Кейін салфеткамен басып, артық желімді алып тастаймыз. Кейін келесі ұлпа қарды жапсырамыз.
Желімді ауызға , қасында отырған балаға жақындатпауды ескерту.
6.Саусақ жаттығуы:
«Достық»
Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос. (қолдың саусақтары өзара бірігеді)
Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз, (екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)
Бір, екі, үш, төрт, бес, (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)
Қайтадан санауды бастаймыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Енді санауды аяқтадық. (қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).
7.Жеке жұмыс:Балалар өз беттерімен жұмыстарын жасайды.
(Тәрбиеші көмек керек балаларға көмектеседі.)
ІІІ қорытынды
-Жарайсыңдар балалар! Қыс мезгілі сендерге өте риза болды. Сендер оған сондай үлкен көмек көрсеттіңдер!
-Ал, енді Қыс мезгілімен қоштасайық.
-Балалар, біз сендермен бүгін не істедік?
-Жарайсыңдар! Біз сендермен бүгін үлкен жұмыс атқардық, жақсылық істедік! Ал, енді қонақтармен қоштасып, қолдарымызды жууға барамыз.
Дайын жұмыстарды Қыс мезгіліне сыйлайды. Қыс мезгілімен қоштасады.
Көрме ұйымдастыру