СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі" Тақырыбы: Қысқы ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Қысқы ойындар

Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі" Тақырыбы: Қысқы ойындар»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 6.02.20

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Тіл дамыту

Өтпелі тақырып: Қыстың керемет шағы

Тақырыбы: Көңілді қыс және қыс ойындары

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп сөздік қорларын дамыту.

3.Оқыту: Сурет 0бойынша әңгіме құрап үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау;

Ресурстармен қамтамасыз ету:  Қыс суреттері, аққала, қағаз, қарлар, ойын суреттері.

Билингвалдық компонент: қыс-зима, қыс ойындары-змнии игры;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Жұмбақ шешу:
Көзіңе көрінбейді,
Тоңдырып қызартады.
Күні - түні ерінбейді,
Өзенге мұз артады. (Аяз)
- Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- Қыс мезгілінде болады.
- Қыс мезгілі қандай болады?
- Салқын болады, беті - қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады.
- Қыста біздер қалай киінеміз?
- Жылы киімдерімізді киеміз.
- Қандай қысқы ойындарды білеміз?
- Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

- Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс та келіп жетті. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанап ойнап, аққала жасаймыз.
(Есік тықылдатып Аққала келеді)
- Қараңдаршы балалар бүгін бізге қонаққа аққала келіпті. Аққала бізге құр келмепті, көптеген тапсырмалар ала келіпті.
- Қане, балалар олай болса аққаланың әкелген тапсырмаларын орындайық.
Аққаланың тапсырмалары:
1 тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
2 тапсырма: Қыс туралы тақпақ айту.
- Ал, ендеше балалар қыс туралы тақпақ білсек айта қояйық.
Сырғанаққа мығымбыз
Шыныққанбыз, шымырмыз
Таудан төмен сырғанап
Біз тебеміз сырғанақ.
Оқушы: Аулаға қар үйгізді,
Бетті аязға сүйгізді.
Тоңбасын деп теректер
Қырау ішік кигізді.
2. Сергіту сәті
- Балалар ендеше орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Күнде әжеме құдықтан
Су әкеліп беремін. (Қимылмен көрсету)
3 - тапсырмасы:"Қайсысы артық" дидактикалық ойыны.
Тақтаға әр мезгілдің киімдері ілінеді, осы киімдердің ішінен артық киімдерді табу керек. Табылған артық киімдерді қай мезгілде киетінін сұрау.
4 тапсырма: Санамақ айту.
"1" дегенім - бөрік,
Кисең бойға көрік.
"2" дегенім - етік,
Киер сәнді етіп.
"3" дегенім - ішік,
Теріден тігер пішіп.
"4" дегенім - тымақ,
Қыста кисең жылы - ақ.
"5" дегенім - байпақ,

5 тапсырма:"Аққала" дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: басына киетін шелегі, аузы, қолы, сыпырғышы, ілгегі сияқты суреттері жатады. Балалар осы бөліктерді алып, артындағы сұраққа жауап беріп іледі.
Аққаланың неше бөліктен тұратынын, қандай геометриялық фигуралардан құралғанын айтады.
6тапсырма: Тіл ұстарту жаттығуын жаттап, айту.
Ша - ша - ша
Жап - жасыл шырша.
Ар - ар - ар
Қандай аппақ қар.
Ыс - ыс - ыс
Келіп қалды қыс.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
- Қыста ойнайтын қандай ойындарды білесің?
- Қардан не жасаймыз?
- Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек?