Күн тәртібі | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
Балаларды қабылдау Ата-аналармен әңгімелесу Ойындар (ҥстел ҥсті, саусақ және т.б. )
Таңертеңгі гимнастика (5 мин) | Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: қыс туралы топпен әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. |
Үстел үсті және т.б. ойындар. | Дидактикалық ойын: «Кармен ойнаймыз». | Суретпен жұмыс «қыс мезгілі». | Қы туралы тақпақ айту. Балалардың жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. | Үстел үсті ойыны – пазл: «Жыл мезгілдері» Балалармен отбасы туралы әңгімелесу |
Жаттығулар кешені |
Таңғы ас | Сырттан келіп үнемі, Сабынмен қол жуамыз, Таза болды мұнтаздай, Тағамға қол созамыз. |
Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық | Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар |
Дидактикалық ойын «табиғат құбылыстарын тауып, оларды атап бер. | Дидактикалық ойын «Мен қайда барамын» | «Менің тобым» картиналар топтамасынан суреттер қарастыру | Апайларға көмектесу туралы әңгімелесу | Сөздік ойын «Қимылын көрсет» |
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері | Дене шынықтыру Жаратылыстану Тақырыбы: «Қармен ойнаймыз» Вариативтік компонент «Сиқырланған жасыл жайлау еліне саяхат» | Музыка Сөйлеуді дамыту «Қыс қызығы» Мүсіндеу Тақырыбы: «Аққала» | Дене шынықтыру ҚМҰҚ Тақырыбы: «Реттік санау туралы өткенді пысықтау» Драма «Ақылды лақ» (ертегі) | Дене шынықтыру Көркем әдебиет Тақырыбы: «Мейрімді аяз» Құрастыру Тақырыбы: «Қар және аққала» Вариативтік компонент «Табиғаттың сырларын ашамыз» | Музыка Сурет салу «Көңілді аққалалар» |
Серуенге дайындық | Киіну: реттілік, серуенге шығу |
Серуен: | Бақылау. Балаларға желдің неліктен соғатынын түсіндіру. Жел – бұл ауа қозғалысы. Желдің күшін өсімдіктердің қозғалысына қарап анықтауды үйрету (күшті, әлсіз; әлсіз жел жапырақты ақырын тербетеді, түсіп жатқан жапырақты сәл ғана жылжытады; күшті жел – ірі бұтақтарды шайқалтады, ағаштардың жапырақтарын жұлады). Өлі табиғат құбылыстарына қызығушылығын тәрбиелеу, балалардың ақыл - ой, тіл белсенділігін дамыту. |
Серуеннен оралу | Балалардың реттілікпен киімдерін шешіп, жинастыруы, қолдарын жуу. |
Түскі ас | Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі. |
Ұйқы | Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай жасау. |
Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары | Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жҥру. Білімді кеңейту және мәдени-гигеналық дағдыларды орындау. |
Бесін ас | Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс |
Ойындар, дербес әрекет
Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс | «Біз құрылысшымыз». Балаларға құрылыс материалды ұсынамын, үлгі бойынша заттарды құрастыру. Құрастырылған заттардан көрме ұйымдастыру. | «Шаштараз» сюжеттік-рөлдік ойыны. Мақсаты: балалар бойында үлкендердің еңбегімен таныстыру. Шаштаразшының еңбегімен таныстырып, оның қызметін атқаруға үйрету. | «Емхана» сюжеттік-рөлдік ойыны. Мақсаты: балалар бойында үлкендердің еңбегімен таныстыру. Балаларды дәрігер, медбике ретінде болып ойнауға үйрету. | «Дүкен» сюжеттік-рөлдік ойыны. Мақсаты: балаларды өз бетінше дүкенші мен сатып алушының қызметін орындауға үйрету. Бір-бірімен ізеттілікпен сөйлеуге үйрету. | «Отбасы» Мақсыты: Ойында отбасы, бірге тұратын адамдар туралы көзқарастарды; жақындарды қорғау тілегін қалыптастыру,өз отбасы туралы мақтанышын тудыру. |
Тапсырма: әңгімені тыңда. Есіңде сақтап, әңгімелеп беруге тырыс. (Адият, Аман, Азель, саида) | Тапсырма: суретті қарап шығып, не салынғанын есіңде сақта. (Динмухаммед, Арлан,Мадина, Нурислам) | Тапсырма: сөздерді тыңда. Оларды қатесіз, жазылған ретімен, ешбір сөзін қалдырмай қайталап беруге тырыс. (Адия, Ескендір, Чингиз, Бахтияр) | Тапсырма: егер аталған заттардың ішінен ойыншықтың атын естісең, екі қолыңмен шапалақ ұр. (Данияр, Даниял,Малика, Гүлжихан) | Тапсырма: суреттерді мұқият қарап шық. Барлық заттарды есіңде сақтауға тырыс. Кітапты жауып, суретте не салынғанын айтып бер. (Ануар, Мансур, Мариям, Дамир) |
Серуенге дайындық | Киіну: серуенге шығу. |
Серуен | Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу: «Балабақша неге үйретті?», «Сүйікті ойыншығың» және т.б. |
Кешкі ас | Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жҧмыс. |
Балалардың үйге қайтуы | Балалардың ауа-райына сәйкес киіндіру туралы әңгімелеу. | Балалардың тәртібі жайлы әңгімелеу. | Төлем ақыларын уақытымен төлеуін айту. | Ата-аналарға балалар ауырмау үшін не істеу керек кеңес беру. | Кележатқан демалыс күндеріне үй тапсырма беру. |