Музыка және ән | САБАҚТЫН ТАҚЫРЫБЫ: Мектептегі музыкалық дыбыстар |
Күні:27.10.2020ж | Мұғалімнің есімі:Казамбаева Назира Ахметжановна |
СЫНЫП: 1 |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 1.1.1.2. Таныс дыбыстар мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау. 1.1.2.1. Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеумен орындау 1.1.2.2 .Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады. Дыбыс пен символдар арасындағы байланысты үйрене бастайды. Музыкалық сауатын дамытады.Домбыра аспабымен танысады. |
| Оқушылардың көпшілігі: Музыкалық сауатын дамытады. Топпен ән айтуды үйретеді. |
Кейбір оқушылар: Тиісті жағдайларда басқаларды қадағалайды. |
Алдыңғы сабақтарда алған білім | Шулы аспаптарда ойнауды меңгереді. |
ЖОСПАР | |
| САБАҚТЫН БАРЫСЫ | |
Сабақ кезендері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтын басталуы | Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. «Аспанымыз ашық болсын! Көңіліміз жақсы болсын! Ойымыз ұшқыр болсын!» «Сәлем мектеп» (Л.Хамиди) әнін жатқа орындау. Әннің сазын, әуенін дұрыс таза орындай білуге баулу. | Аудиожазба |
Сабақтын ортасы | Оқушылармен мектеп айналасындағы түрлі дыбыстарды бақылауға мүмкіндік береміз. Мысалы: тыныштық,автомобиль шуы, балалар дауыстары,телефон,қоңырау, дабыл және т.б. Осы дыбыстарды қайталап көрсетеміз. Оқушыларға әртүрлі дыбыстар жазбасын тыңдатамыз (машина,ұшақ, көлік дыбысы, жапырақ сыбдыры және т. б) Оқушылар ненін дыбысы екенін ажыратады. | Табиғат дыбыстары. |
| Сергіту сәті: «Буги» , «Фиксики» ырғақты жаттығу. Ән үйрену:«Көңілді музыкант»(А.Филиппенко,әуенді жаттығу) Ән орындау кезінде өлең мазмұнында аталған аспаптарды қол қимылымен ойнап көрсетуін сұрау. « Домбыраны қалай ұстаймыз? Қобызда қалай ойнаймыз? Дауылпазды қалай ойнайды?» деген сұрақтар арқылы баланың аспаптар туралы білімін кеңейтеміз, түсіндіреміз, көрсетеміз. Домбыра, қобыз, дауылпаз аспаптарының дыбыстарын тыңдаймыз, түрін, атын естерінде сақтап қалуына қол жеткіземіз. | «Көңілді музыкант » (А.Филиппенко, әуенді жаттығу) Түрлі спаптар. |
Сабақтын соңы | Қорыту: Музыка аспаптарымен таныстырамыз.Олардың қандай дыбыс шығаратынын тыңдатамыз.. Оқушылардың шығармашылығын бағалап, баяу оқушыларды белсенді оқушылардың қатарына қосуға тырысамыз. | Ұрмалы аспаптар. |
Қосымша ақпарат |
Дифференциация – көбірек қолдану көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлы қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қойылады? | Бағалау – оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыстар. Құндылықтар мен байланыстар |
Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау. Оқушы жүргізуші бола алады. Қорытынды міндеттегі неғұрылым күрделі ырғақтар. | Бақылау,тыңдау,ойлануға берілген сұрақтар: -Музыкалық дыбысты қайдан естиміз? -Дыбыс ырғағын қалай көрсете аласыңдар? | Қоршаған ортамен байланыс. Басқалармен бірге жұмыс істеу,түрлі пікірлерді құрметтеу |