Сынып: 6
Сабақ тақырыбы: Мен не үйрендім?
Сабақтың мақсаты:
- білімділік: Қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру
- дамытушылық: Сөздік қорын, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
- тәрбиелік: Оқушыларда тілге деген құрметті бойларыңа сіңіруге тәрбиелеу.
2. Сабақ типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы, өткенді қайталау.
3. Оқушылардың жұмыс формасы: түсіндіру, іздендіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, дәлелдеу.
Қажетті техникалық жабдығы:
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар: оқулық, суреттер, дидактикалық материалдар
I. Ұйымдастыру кезеңі және сабақ басталуы
сәлемдесу;
түгендеу;
сөйлесу;
Кезекші, оқушылар сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мотивациялық
Шаттық шеңбері
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Оқушылар бір-біріне тілектер тілейді.
3 мин
ІII. Сабақ мақсаты мен міндеттерін қою
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту
IV. Үй тапсырмасы
Үйге берілген тапсырманы, сұрап бағалаймын.
Оқушылар үй тапсырмасын орындайды.
Асықтың көмегімен 3 топқа бөлу
V. Негізгі білім көкейтестігі
Қанатты сөздер:
• «Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ».
Ш. Айтматов
• «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды ұмыту».
Б. Момышұлы
• «Тіл - ұлттың жан дүниесі»
Л. Толстой
Оқушылар өз пікірлерімен бөліседі.
VІ. Жаңа материалды оқу.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы– Мен не үйрендім?
Мұғалім сөзі:
Тіл - халықтың жаны, сәні (Язык - душа народа). Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.
1-тапсырма. Мәтінді оқып түсінігімізді айтамыз,аударамыз, сұрақ дайындаймыз
Біздің Отанымыз Қазақстан. Қазақстан өте бай ел. Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі. Бұл туралы «Тілдер туралы» заңда жазылған. Біз 22 қыркүйекте Тілдер күні мересін тойлаймыз. Біз мектепте қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін оқимыз. Қазақта «Жеті жұрттың тілін біл» деген мақал бар. Көп тіл білетін адамды-полиглот дейді.
2-тапсырма: Бүгін сабақта «Полиглот» ойының ойнаймыз. Сіздерге қазақша, орысша, ағылшынша сұрақтар қойылады, сідер жауап бересіздер. Кім көп сұраққа дұрыс жауап берсе, сол «Полиглот» деп есептеледі.
орысша қазақша ағылшынша
Молоко-
Река-
Работа-
Семья-
Природа-
Дом-
Мороженое-
Школа-
Зима-
Аламан бәйге
1. «Қазақ хрестоматиясының» авторы Ы. Алтынсарин
2. Autumn қай мезгіл? Күз (оутум)
3. Автор романа - эпопеи «Путь Абая». М. Ауэзов
4. «Екінші» сөзі ағылшынша қалай? Second.
5. Кому? Чему? Қай падеждің сұрақтары? Дательный
6. Қазақ әліппесінде неше әріп бар? 42
7. «Бородино» өлеңінің авторы Лермонтов М. Ю
8. Автор поэмы «Евгений Онегин» Пушкин
9. Қазақ тілінде неше септік бар? Жеті.
Тапсырма: Балалар тіл - халықтың байлығы, қазынасы. Тілді таза ұстап, қастерлеп, құрметтеуіміз керек. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік. Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмытылу - уақыт талабы.
VIІ. Қорытынды
Үштілді білу керек пе?
Үштілді білудің пайдасы неде?
Үштілді білу не үшін білу керек?
Сұрақтарға жауап береді.
Тапсырма, етік, сағат, тіл, дәптер, мақал, терезе, кітап, қалам, мұғалім, оқушы, теледидар, гүл, тау, қала, әріп, мәтін, көз, ағаш.
Сөздермен сөйлемдер құрастырыңдар
VIІІ. Үй тапсырмасы
Мақал-мәтелдерді жаттау.
Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.
IX. Сабақ бағаларын жариялау
Сабақта жұмыс жасаған оқушыларға тиісті бағасы қойылады.
X. Рефлексия
Ыстық орындық
Смайликтер арқылы