Просмотр содержимого документа
«" Мен сияқты жаса"»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы: 17.10.2018ж.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сенсорика
Тақрыбы: «Мен сияқты жаса»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды ұжымдық шараларға қатысуға педагогтың ұсынысы мен талабын тындай, түсіне білуге және оны орындауға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Баланың қолдарының бұлшық еттерін қатайту, саусақ қимыл қозғалыс қабілетін жақсарту, саусақ жаттығуларын орындату.
Тәрбиелік: Ойын –тапсырмалар арқылы балаларды өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Көрнекіліктер: сақиналар, суреттер, мозайка.
Әдіс – тәсілдер: Қызығушылықты ояту, ой қозғау, сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру.
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушы | Кел, балалар, тұрайық Үлкен шеңбер құрайық. «Сенің атын кім?» ойыны Амандасу. Сәлем! Мен –– Майра. Сәлем! Мен –– Камила. Сәлем! Мен –– Ақжол. | Балалар шеңбер бойымен тұрады |
Ұйымдастыру-щы ізденуші
| Дидактикалық ойыны: «Доптың екінші бөлігін табу» Мақсаты: Балаларды түстерді ажыратуға үйрету Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз, Иелеміз оңға бір, Иелеміз солға бір. Жоғары қолды созамыз, Біз тынығып отырамыз. Саусақ ойыны: « Бес ағайынды» Мақсаты: Балалардың саусақ қимылдары арқылы бұлшық еттерін жетілдіру. Ш арты: Су-джок сақина арқылы балалар саусақ жаттығуын жасайды. Бір – екі – үш – төрт – бес, Серуенге шықты Саусақтар. Мына саусақ - Бас бармақ – ең күшті, ең жуан, ең үлкен, (Су-джок сақинаны саусаққа кигізу) Мына саусақ – Балаң үйрек – көрсету саусағы, (Су-джок сақинаны саусаққа кигізу) Мына саусақ – Ортан терек – ең ұзын, ортаншы, (Су-джок сақинаны саусаққа кигізу) Мына саусақ – Шылдыр шумек – тентек саусақ, (Су-джок сақинаны саусаққа кигізу) Мына саусақ – Кішкене бөбек – өте мықты саусақ. | Балалар қолдармен саусақ жаттығуын жасайды. (Су-джок сақинаны саусаққа кигізу) (Су-джок сақинаны саусаққа кигізу) (Су-джок сақинаны саусаққа кигізу) |
Рефлексивті коррекциялаушы | Балалар, бүгін біз қандай ойындар ойнадық? - Саусақ жаттығуларды немен жасадық | Бес ағайынды Су-джок |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Бес саусақтын бірдей еместігін.
Нені игерді: саусақ қимылдары арқылы бұлшық еттерін жетілдіру.
Нені меңгерді: түстерді ажыратуды.