Мотивациялық -қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық, достарым Арайлап атқан күнге | Балалар шеңберге тұрып тәрбиешімен қайталайды. |
Ұйымдастыру - іздестіру | Түсіндіру,сұрақ- жауап: -Отан деген не? Отан деген – біздің еліміз, жеріміз, әке шеше, бауырымыз, туған жеріміз. Отан туралы жырламаған ақын, жазбаған жазушы жоқ. Қазір мен сендерге ақын Бүркіт Ысқақовтың «Отан өлеңін оқып беремі. Отан Отан сенің – ата – анаң , Отан – досың , бауырын, Отан өлкең , астанаң, Отан – аудан , ауылың. Отан тарих , Отан тіл, Жасаған елің , өз халқың. Отан – өлкең , Отан – жыр, Көтерген көкке ел даңқын. Отан – осы , достарым, Көңілге оны түйе біл. «Отан» деп өсіп жас жаның, Оны ардақтап сүйе біл. Қазақстан Республикасының картасымен таныстыру. -Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Кең – байтақ , ұлан – ғайыр жерді алып жатыр. Осы Қазақстанның картасында көрсетілген қалалардың байлығын атап, қандай шикізат алатындарын көрсету. Мысалы, бас қаламыз . -Астана (картада көрсету). -Тағы да басқа қандай қалаларды білесіңдер? Сергіту сәті: Бала,бала,балақан, Қәне қайсы алақан. Саусақтарын әйбат, Былай- былай ойнат. | Балалардың жауабы. Қайталайды. Мұқият тындайды. С.с мен қимылдарын қайталайды. |