СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің сыныбым-менің ұжымым

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға бірлесіп жұмыс істей білудің мәнін түсіндіре отырып, сыйластық қасиеті туралы түсінік беру;
  •  Оқушыларға  тату болуға, шынайы қарым - қатынас жасауға үйрету арқылы ұйымшылдық қасиетін дамыту;

Оқушыларды достық жолында сыйластыққа, кешірімшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Менің сыныбым-менің ұжымым»

Мектеп: «М.Ғабдуллин атындағы №52 жом» кмм

Мерзiм_________________

№ 4 сабақ Сынып 4

Тақырып: Менің сыныбым-менің ұжымым

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Сыйластық, кешірімшілдік, ұйымшылдық

Мұғалiм: Саипова Райхан

Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты Оқушыларға ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға бірлесіп жұмыс істей білудің мәнін түсіндіре отырып, сыйластық қасиеті туралы түсінік беру;

  • Оқушыларға тату болуға, шынайы қарым - қатынас жасауға үйрету арқылы ұйымшылдық қасиетін дамыту;

  • Оқушыларды достық жолында сыйластыққа, кешірімшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

үнтаспа, оқулық, дәптер


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

-Қош келдіңдер, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Санау арқылы сынып оқушыларын топқа бөлу.

5 «Т» ережесін еске түсіру.

Тәртіп

Талап

Тазалық

Тыныштық

Татулық

2. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

-Қандай әсерде болдыңдар?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

М.Гумеровтың «Күмән» әңгімесін оқу.

Сұрақтар қойылады.

  • Оқушылар сыныпқа кіргенде нені байқады?

  • Боранбайды неге кінәлі көрді?

  • Сабақтан соң қандай жағдай болды?

  • Рақиланың орнында сендер не істеген болар едіңдер?

  • Әңгімедегі оқиғадан сынып оқушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады?

  • Өз сыныптарыңда осыған ұқсас оқиғалар болды ма?

  • Өз сыныбың несімен ұнайды?

Ескертулер:

  1. Дәйексөз.

Ә.Табылдиевтың «Ұжымда болу-бақыт» деген нақыл сөзі.

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді хормен айтқызу, дәптерге жазу.


  1. Әңгiмелеу (сұхбат)

Құмырсқа (ертегі)

Бір құмырсқа өз илеуіндегі тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты. Бірде жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алады. Жалғыз өзі әрі-бәрі әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмайды. Сонан соң көмек сұрап өзінің қанатты достарын іздейді. Бір уақытта гүлден –гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады.

  • Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмадым. Маған көмектесіп жіберші, - деп өтінеді.

  • Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, - деп ара көнбей қояды.

  • Солайы солай ғой, мейлі, - деп құмырсқа әрі жүріп кетеді. Ол енді қоңызды тауып алады. Мән-жайды айтып, көмек сұрайды.

  • Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, - деп қоңыз ызыңдап ұшып кетеді.

Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:

  • Саған не болған. Не істеп жүрсің? – деп жөн сұрайды.

Құмырсқа басынан кешкен оқиғасын баяндап береді.

  • Жалғыздық деген сол, - деп илеулестері құмырсқаны жұбатып, дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Осылай құмырсқа үйіріне қайта қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа.

Сұрақтар қойылады.

  • Кәрі құмырсқаның айтқанын қалай түсінесіңдер?

  • Ара мен қоңызды нағыз достар деуге бола ма? Неліктен?

  • Оларда досқа тән қандай қасиеттер болмады?

  • Сыныптастарың көмек сұраса, өздерің не істер едіңдер?

  • Илеулестерінің бойынан қандай қасиеттер көріп тұрсыңдар? Қандай әрекет жасай білді?

  • Өздерің дұрыс әрекет жасап жүргендеріңді қалайша сезінесіңдер?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаяттарды талдау

  1. Оқушылардың сынып ұжымы туралы пікірлерін білу мақсатында топтық жұмыс жүргізіледі.Үш топқа жағдаяттар беріледі, әр топ бірлесе отырып шешімін айтады.

I топ: Сенің сыныптас құрбың спорттық жарыстан «бас жүлде» алып жеңіспен оралды.

- Оның қуанышын қалай бөлісер едіңдер?

II топ: Сыныптасың «Білімнің биік шыңы» атты сайысқа қатысып, жеңіліп қалды. Ол қатты ренжулі.

- Оған қалай көмектесер едіңдер?

III топ: Сынып балалары ылғи тәртіпсіздік жасайды. Осылары үшін кезекші сынып оларды «Кірпі» газетіне шығарды.

- Осыдан кейін қандай шешім қабылдар едіңдер?


  1. Топпен ән айту.

А.Шамкеновтың «Біздің сынып» атты өлеңін айтады.

Жұп жазбастан жүреміз,

Біздің сынып мақтаулы. Оқуда да алдамыз,

Өйткені біз сүйеміз Жақсы үйреніп алғанбыз.

Дәйім тәртіп сақтауды. Талай би мен өлеңді,

Қайырмасы: Еңбекке де қол епті.

Біздің сынып мақтаулы, Біздің сынып мақтаулы

Біздің сынып әдепті. Біздің сынып осындай,

Біздің сынып осындай, Ынтымақты дос ыңғай,

Бздің сынып осындай. Біздің сынып осындай,



«Қошақаным» әніне қойып орындалады.

Өлең шумақтарының орындарын ауыстырып, өзгеріс еңгізілген.

  1. Үй тапсырмасы.

  1. №5 сабақ Қ.Мырза Әлидің «Арман мен ақыл» өлеңін оқып келу.

  2. Дәптермен жұмыс

Бос жолдарға өз сыныбыңның үлгі етерлік жақтарын жаз.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

  • Біз бүгінгі сабақта сыныптастар арасында өзара сыйластық, достық, түсіністік, кешірімділік болуы тиістігін ұғындық. Біз бір ұжым екендігімізді сезіндік.

Бүгінгі сабақта үйренгендерімізді жүрегімізде сақтайық.