Күні: 20.02.2018ж. | Пәні: Информатика | Сыныбы: 8 «А», 8 «Ә», 8 «Г» | Пән мұғалімі: И.Сапарбаева |
Сабақтың тақырыбы: | Microsoft Exсel туралы жалпы мәлімет |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Оқушыларды Microsoft Exсel -дегі негізгі ұғымдармен, жұмыстық кесте элементтерімен таныстыру. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Microsoft Exсel -дегі негізгі ұғымдарын біледі; Жұмыстық беттермен әрекет жүргізе алады; Кесте құра алады; Ұяшықтармен жұмыс істей біледі. |
Оқушылардың басым бөлігі: Microsoft Exсel -дегі негізгі элементтерін біледі. Exсel – мен еркін жұмыс істей алады. |
Кейбір оқушылар: Microsoft Exсel –де кестені өз бетінше құра алады. |
Тілдік мақсат
| |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Кесте, жолдар, бағандар, ұяшық, түс белгісі. |
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: |
1. Exсel–дің тиімділігі неде? 2. Парақшалардың пайдасы? 3. Exсel мен Word айырмашылығы қандай? |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
Кестелер бойынша жұмыс, постермен жұмыс, практикада қолданып көру, кері байланыс, т.б. |
Алдыңғы оқу | Модельдеу кезеңдері |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар | Бағалау |
Басталуы 4 мин 4мин | Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқу құралдарына және көңіл-күйлеріне назар аудару. Сергіту сәті «Сіздің жақсы қасиеттеріңіз» «Сиқырлы таяқша» әдісі, үй тапсырмасына оқушылар таяқшаны бір-біріне беру арқылы жауап береді | Сиқырлы таяқша | Смайликтер арқылы бағалау |
1 мин 4мин 5 мин | «Фигураларды таңда» әдісі, «Квадрат», «Үшбұрыш», «Шеңбер» болып 3 топқа бірігеді. (Оқушыларды таңдаған фигуралары бойынша топтастырып, өздерінің алған фигуралары бойынша мінездеме беру). Әр топ уақыт сақшысын, көшбасшысын, хатшысын сайлайды. «Сөз жұмбақ» арқылы жаңа сабақты ашу 1. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа? (калькулятор) 2. Ақпаратты енгізу құрылғысы? (пернетақта) 3. «Компьютердің миы» деп нені айтады? (процессор) 4. Компьютердің жанындағы өсімдік? (кактус) 5. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер) 6. Санау жүйесі? (екілік) 7. Paint қандай редактор? (графиктік) 8. Графикалық ақпаратты оқуға арналған құрылғы?(сканер)  Microsoft Exсel туралы жалпы мәлімет. Мақсаты: Жаңа сабақты ашу | Автофигуралар А4 парақшалар Интерактивті тақта | Өзін-өзі бағалау Смайликтер арқылы бағалау |
Ортасы 10 мин
5 мин 5мин 1 мин 1 мин | «Кім тапқыр»- ойыны. 1. Электрондық кесте дегеніміз не? (Кестенің компьютерлік бейнесі (ЭК)). 2. Microsoft Excel - дің пайда болу кезеңі? (1985 жылдан бері қолдануда). 3. Бірнеше жолдардан тұратын кестені... (Тіктөртбұрышты кесте). 4. Көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі... (Баған). 5. Ұяшық дегеніміз не? (Дерек сақталатын орын). 6. Көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.... (жол). 7. Кесте тек бір ғана жолдан болуы мүмкін бұл.... (сызықтық). Microsoft EXCEL қандай программа .... (кестелік). Тақырып бойынша алған білімін практикада жүзеге асыру 1 топ. Сабақ кестесін толтыру 2 топ. Үлгі бойынша кесте толтыру 3 топ. 10*10 көбейту кестесін толтыру «Тест тапсырмалары арқылы сабақты пысықтау Үй тапсырмасын беру. Microsoft Exсel туралы жалпы мәлімет Бағалау. Сабаққа белсенеараласқан оқушыларды бағалау | Оқулық Информатика 8-сынып, авт. Е. А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов Оқулық Информатика 8-сынып, авт. Е. А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов | Смайликтер арқылы бағалау Смайликтер арқылы бағалау |