СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Microsoft Word мәтіндік құжатты форматтау мүмкіндіктері

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

  • Мәтін жиегін белгілеу, бояу, беттерді суретпен қоршау;
  • Мәтінді бағаналарға бөлу;
  • Бас әріппен бастау, регистрлерді ауыстыру;
  • Құжатты автоматты түрде форматтау;
  • Құжатты беттерге бөлу іс-әрекеттерін орындауды үйрену

Просмотр содержимого документа
«Microsoft Word мәтіндік құжатты форматтау мүмкіндіктері»

Microsoft Word мәтіндік құжатты форматтау мүмкіндіктері

Мақсаты:

  • Мәтін жиегін белгілеу, бояу, беттерді суретпен қоршау;

  • Мәтінді бағаналарға бөлу;

  • Бас әріппен бастау, регистрлерді ауыстыру;

  • Құжатты автоматты түрде форматтау;

  • Құжатты беттерге бөлу іс-әрекеттерін орындауды үйрену

Теориялық бөлім

Мәтін теріліп және өңделіп болғасын оны пішімдеу жүргізіледі.

Пішімдеу мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Пішімдеуді құжат құрғанша да немесе соңынан да жүргізуге болады. Ең бастысы пішімдеу құжатты баспаға шғармастан бұрын жүргізілуі керек.

Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып;

  • әр түрлі қаріптерді пайдалануға;

  • жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғарғы, төменгі өрістерін айқындауға;

  • беттегі мәтінді туралауға;

  • жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;

  • мәтінді бағандарға бөлуге;

  • мәтінді жиектеудің әртүрлі типтерін таңдауға;

  • мәтінді ресімдеуге байланысты басқа да мүмкіндіктерді пайдалануға болады.

Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларын да, сондай –ақ пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.

Пішімдеу әрекеттерін мәтінмен, оның бөлімдерімен де, яғни символмен де, сөзбен де, жолмен де, абзацпен де, бөліммен де, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.

Мәтінді белгілеудің бірнеше тәсілдері бар.

  • Бір ғана сөзді белгілеу үшін оны екі рет шертіңдер. Бірнеше сөзді белгілеу үшін оны екінші шерткеннен ейін маустың батырмасын жібермей, оның нұсқағышын сөздерді бойлай жылжытыңдар.

  • Бүкіл жолды белгілеу үшін маус нұсқағышын жолдың басынка жылжытыңдар да бер рет шертіңдер.(маус нұсқағышы бағдарша түрін қабылдауы керек)

  • Сөйлемді белгілеу үшін пернесін басып тұрып, сөйлемнің кез-келген жерінде маусты бір рет шертіңдер.

  • Абзацты белгілеу үшін оны үш рет шертіңдер.

  • Бүкіл құжатты белгілеу үшін пернелер комбинациясын басыңдар немесе Правка-Выделить все командасын орындаңдар.

  • Құжаттың үлкен бір бөлігін белгілеу үшін белгіленетін бөліктің басына бір рет шертіңдер де, пернесін басып тұрып, белгіленетін соңына ауысыңдар да, маусты тағы бір шертіңдер.

Кесте – бағандар мен жолдарда реттелген информация. Кесте жолдар мен бағандардың қандай бір санынан тұрады. Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды. Вставка- таблица қажет жол мен бағанды белгілеу керек.