Коучинг тақырыбы: | Мектеп мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің негізі – сыныптағы сабақты зерттеу. (Lesson Study) Өткізген: Неткалиева Гульмира Бисеновна |
Мақсаты: | Пікір алмасу барысындағы тең құқылы, ынтымақты серіктестік құру. Білім алу сапасын арттыруда Lesson study әдісінің тиімділігі айқындалады және тәжірибеге енгізуге бағыт-бағдар беріледі. |
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар, интернет ресурстары |
Оқу нәтижесі: | Lesson study әдісі бойынша топтастыру немесе презентация жасай алады. Білім алу сапасын арттыруда Lesson study әдісінің тиімділігін түсінеді. Лессон стади үдерісіндегі бірнеше зерттеу әдістерін меңгереді. |
Коучингте қолданылатын материалдар: | Интербелсенді тақта, бейнеролик, таныстырылым; флипчарт, А4 парақтары, стикер, маркер, |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату және топтарға бөлу | Коучинг мүшелерін ортаға шақырып, әрқайсысы Шәмші әндерінен өлең жолдарын таңдап алады. Сол арқылы 5 топқа бөлеміз. Әндер: Әнім сен едің. /Бимен сүйемелдеу./ Кешікпей келем деп ең. /Көрініс түрінде/ Қайдасың?. /РЭП түрінде/ Қайықта. /Опера сазында/ Ана туралы жыр. /Өз сазымен/ |
Таныстырылым | «Лессон стади / Lesson Study» Р.М.Бигазиева мектеп директоры, орыс тілі пәні мұғалімі Г.Т.Сугралиева. «Сабақты зерттеу әдістері.» |
Дереккөздері: | Сабақта түсірілген бейне корсетілімдер, өткізілген сабақтың қысқа мерзімді жоспарлары, сабақтың жазбаларығ рефлексивтік есептер. |
Тапсырмалар топтық жұмыс | І топ. Ролдік ойын: Лессон стадиді жоспарлау, сынып таңдау, проблеманы анықтау, А,В,С оқушыларын анықтау, күтілетін нәтижені анықтау. ІІ топ. Видеосабақ арқылы үш оқушыны зерттеу. ІІІ топ. Парталардың орналасу жағдайы. Сабақ жоспарын пайдалана отырып , мұғалім мен оқушының қозғалыс кестесін сызу. ІV топ. Уақыттың тиімді пайдалануын зерттеу. Сабақ жоспарын пайдалана отырып уақытты бөлудің кестесін жасау. V топ. Әр топтан мәлімет жинай отырып, репортаж- ақпарат әзірлеу. |
Сергіту сәті | «Жидек» қойылымына экспромт - театр |
Рефлексия | «Ақыл –ой аллеясы» әдісімен коучингтың рефлексиясын жасау. Қоучингке қатысушыларды үш топқа бөлеміз. І топ – «Лессон стади» үдерісін жақсы түсінгендер. ІІ топ – «Лессон стади» үдерісін жете түсінбегендер. ІІІ топ - аллеямен жүріп өтушілер. |