КМҚК «Алтын бесік» балабақшасы

«Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық аспапта ойнау барысында ырғақты сезініп ойнауды дамыту»
Баяндаманы дайындаған: Балесова К.А.
2017 ж.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық аспаптарда ойнау барысында ырғақты сезініп ойнауды дамытуға үйрету мәселесі туындаған тәжірибемен тығыз байланысты. Менің бақылау көрсеткіштерім бойынша, қазіргі заманғы қиын музыкалық қоғамда өмір сүретін баланың классикалық музыкаға деген қызығушылығы жойылған.
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау ол, мектепке дейінгі балаларды қызықтыратын бір түрі балалардың орындаушылық қызметі. Музыкалық аспаптарда ойнау барысында балалардың эстетикалық және қабылдау сезімдері жетілдіріледі. Бұл сезімдер ерік қасиеттерінің дамуы мен қалыптасуна ықпал етеді; шыдамдылық, табандылық, алға қойған мақсаттарына берік болу, ырғақ сезімі дамиды, есте сақтау және көңіл аудара білуді шоғырландырады.
Бала әр түрлі музыкалық аспаптардың дыбыстарын тыңдаған кезде, оның ой өрісі дамиды, аналитикалық қабілеттері де қалыптасады. Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнаған жағдайда баланың қол саусақ моторикасы да дамиды, музыкалық ой өрісі мен қозғалу ағзасын үйлестіреді, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытады және музыканы түсініп оны сүюге үйретеді.
Баланың отбасындағы музыкалық орта негізінде тек қана көңіл көтеру әуендерімен шектеледі. Балалар психологиясы мен мектепке дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесінде, есту және ырғақты қалыптастыру қабілеттерінің рөлі жақсы тараған. Есту қабілетінің төмендеуі, оған қоса нашар қабылдауы ерте жастан сқздің мәнерлі қалыптасуына кері ықпал тигізеді.
Егер ырғақты сезіну анық болмаса, онда орамасыз немесе бірге айтылатын сөздерді қолдану қиынға соқтырады. Бұл болашақта баланың есту қабілетін әлсіздетеді, баланың дамуын баяулатады, интеллектуалды қызметін шектейді және өз қатарластарымен қарым қатынасқа түсуін қиындатады.
Әуезді музыкалық аспаптар үш негізгі музыкалық қабілетті қалыптастырады: үйлесімді сезіну, ырғақты сезіну және музыкалық есту қабілетін елестету. Әуезді естіген қалпында ойнау үшін, музыкалық есту қабілеттерін елестетіп қана қоймай, сонымен қатар жоғарғы дыбыстардың орналасуындағы ырғақты елестету керек. Баланың көңілін әр аспаптың тембрінің мәнерлігіне аудару маңызды, соған қарай бейнелі ерекшеліктерін салыстырып пайдалану. Балалар аспаптың мәнерлі мүмкіндіктерін сезініп, тембр әртүрлілігін қолдануға үйрету.
Балаларға музыкалық аспапта ойнауды үйретпестен бұрын, әр баланың жеке мүмкіндігін қарастыру керек. Балалардың бір түрі әндердің қайырмасын жеңіл орындаса, ал басқа балалармен егжей тегжейлі дайындық керек екенін ұмытпағанымыз жөн. Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыка сабағында балалар музыкалық орындаушыларының әр түрі болу шарт.
Өз басым Қостанай ауданындағы «Тобыл сазы» ұлттық аспаптар оркестрінің қатысушысы болғандықтан көп көңілімді музыкалық аспаптарда ойнауға бөлдім.
Жұмыс міндеттері:
• Балалардың музыкалық аспаптар жайындағы білімдерін кеңейту;
• Эстетикалық таңдауды дамыту, музыкаға деген эмоционалдық ықыласты үйрету;
• Балалардың жеке болуын, ойдан шығару қабілетін, шығармашылық және қиялдауға үйрету, дамыту;
•Балаларды әр классикалық музыканы түрлі аспаптарда орындаумен таныстыру, оркестрдің түрлерімен таныстыру;
• әр түрлі көңілдегі музыкаға жаттықтыру, тыңдай білуді және белсенді қабылдауға;
• балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнай білуді және дағдыларын қалыптастыру.
Оқу процессінде қызметтік және біліктілік жақындау әдісін қолданамын. Балалардың музыкалық аспаптарда ойнау процессінде ырғақтық сезімін дамыту барысында белсенді әдістер қолданамын:
Практикалық: ойын әдісі, жаттығулар, шығармашылық белсенділікті көрсету әдісі, т.б.;
Ауызша: музыкалық тілдің модельдеу әдісі, балаға ырғақтық және жоғарғы дыбыстық қарым қатынаты көрсетуге және сезінуге мүмкіндік беру, динамиканы, тембрді, кескінді, педагогтың баяндамасын, әігімелесуді, әр түрлі оркестрдің орындауындағы классикалық музыканы тыңдауды, ( симфониялық, орыс ұлттының аспаптар оркестрі).
Сипаттамалық: суреттерді, презентацияларды қарау, музыкалық аспаптармен танысу.
Есту: музыкалық аспаптардың дыбысын тыңдап ажырату.
Жұмысты әр түрлі бағытта қолданамын: музыка сабақтары, танымдық әңгімелер, дидактикалық ойындар.
Жұмысымның бірінші кезеңіңде музыка залында ырғақты дамыту үшін қолайлы талаптар құрдым. Балалармен, ата аналармен, қоғаммен жұмыс жасау барысында келесі бағытта жасалды:
- жылдық перспективтік жоспар құрылды;
- балалармен жеке жұмыс;
- ата аналар үшін кеңестер: «Балаларға арналған музыкалық аспаптар», «балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау».
Ырғақтық сезінуді дамыту жұмысы өзіне мынадай міндеттерді:
-музыкалық таяқшаларда ырғақпен ойнауды;
-ырғақты карточкаларда ұзақтықты ажырату;
-«пауза» ұғымы мен бөлісу;
-ұсынған ырғақты соңына дейін тыңдап және қайталау;
-музыкалық аспапта топпен және жеке ырғақпен ойнау;
Мен басында балалардың музыкалық аспапта жеке, ал содан соң топпен ойнау тілектерін дамытуға тырысамын. Жаңа аспаппен таныстыру кезінде балаларға таныс әнмен бастаймын. Мен үшін, жаңа аспаппен танысқан кезде балалар аспаптың мәнерлі мүмкіндігін сезінулері тиіс, әр түрлі тембрлік суреттеуін орындаға үйрену. Мектепке дейінгі жастағы ересек тобындағы балалар, аспаптың көмегімен, белгілі бір көңіл күй жеткізе алатынын ұғынады.
Балаларға арналған музыкалық аспаптардағы ойындарды тематикалық сабақтарға және мерекелерге де қосамын. Балалар ертеңгіліктерде музыкалық шығармаларды шын көңілмен орындады, өздерін оркестр мүшелері ретінде сезінді.
Бірақ, мен осымен тоқтамадам, жеке жұмыс барысында, балаларды, ұлттық аспаптармен таныстырдым. Балалар үшін домбыра аспабы жаңалық болмады, ал прима – домра үлкен қызығушылық арттырды.
Болашақта осы тақырыпты дамыта отыра, балабақшада балалар аспаптары мен ұлттық аспапты қосып оркестр ашсам деген жоспарым бар. Оркестрге балаларды ортаңғы және ересек тобының балаларымен құрғым келеді. Әр балаға өзі жақсы ойнай алатын аспап бекітіледі.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық аспапта ырғақтық сезіммен ойнауды дамыту баланың білімінің сапасы арттады. Ол бала жай ғана ақпарат жинаушы емес, керісінше, тікелей оқиға қатысушысы бола алады.