СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектептің жаны- мұғалім

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа бағдарламаның көмегімен өзгерген ұстаным. Мектептегі тәжірибе туралы ойтолғау.

Просмотр содержимого документа
«Мектептің жаны- мұғалім»

Копобаева Баян Тулегенкызы,

мұғалім

1 орта мектебі

Балкашин селосы

Сандықтау ауданы

Ақмола облысы











Эссе

Мектептің жаны – мұғалім

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов

Жоғары оқу орынын бітіргеніме көп жылдар өтсе де, әрдайым алдыма қандай да бір мақсат қойып, ізденудемін, жаңашылдыққа жаным әуес, демек өз мамандығымды сүйемін. Ұлы ұстазымыз айтқандай, үнемі әдіс- тәсілдерімді жетілдіре отырып, жас жеткіншектерді заманына сай қалай оқытуым керек, нені оқытуым керек, мектеп қабырғасынан шыққанда өмірге бейімді, құзіретті азамат бола алады ма деген ойлар жиі мазалайтын. Сондықтан осы үш деңгейлік курсқа баруға белімді бекем будым. Қазіргі уақытта «Бетпе- бет» бірінші аудиториялық кезеңін аяқтап, «Мектептегі тәжірибе» кезеңін өтіп жатырмын. Жоспар бойынша жаңаша өткізілген бірінші сабағымды еске түсірсем, бір сәт қуанышқа бөленемін, бір сәт күрсінетін сияқтымын, өйткені өзім үшін де, оқушыларым үшін де жаңалық енгізіп, жылдар бойы қалыптасып қалған әдісті өзгертсем, балалар бірдеңені түсінбесе ше деп күмәндандым, бірақ жоқ, қателескен екенмін! Келесі сабақтарда өзім де, балаларым да шабыттана бастады. Мұғалімдерден сауалнама алғаннан кейін «Кәсіби қоғамдастық тобын құру» мақсатында дөңгелек үстелге шақырып, оқу сапасын арттыруда қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы туралы айтып, коучинг- сабағыма келіп, жақынырақ танысуларын сұрадым. Коучингке қатысқан мұғалімдер қызығушылық танытып, осы бағытта тереңірек жұмыс істесек деген лебіздерін білдірсе, кейбірі үлестірмелеріммен бөлісуді сұрады. Егер мұғалімнің көзқарасын өзгертуге түрткі болсам, еңбегім босқа кетпес дер едім, ал олар өздерінің ұстанымдарын, яғни көзқарастарын өзгертіп,жаңаша шешім қабылдап, оқушыға қалай оқу керектігін үйретуді қалыптастыру үшін іс- әрекет жасайды. «Мұғалім- оқушы,», «оқушы- оқушы» арасындағы қарым- қатынасты жақсартып, сенімдік арттырады.Өзім оқи отырып, басқаны оқытсам- бұл да өнер емес пе?!.

«Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»,- деп ағылшын ағартушысы Уильям Уорд айтқандай, шәкірттерімді шабыттандыра отырып оқытуды алдыма мақсат етіп қойдым. Ол үшін ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының көмегімен өзімнің тәжірибиелік дағдыларымды жетілдіріп, әдіс- тәсілдерді сабақтарымда пайдаланып, оқушыларымды әрқашан ынталандырамын, оларға мейірім және құрмет көрсетемін.