СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен Шымкент қаласын неліктен көргім келеді?!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Шымкент қаласын неліктен көргім келеді?!

«Шымкент еліміздің  оңтүстігіндегі жаңа әлеуметтік-экономикалық орталықтарының бірі болуға қабілетті»

                                                                  Н.Ә Назарбаев

Просмотр содержимого документа
«Мен Шымкент қаласын неліктен көргім келеді?!»


Мен Шымкент қаласын неліктен көргім келеді?!

«Шымкент еліміздің оңтүстігіндегі жаңа әлеуметтік-экономикалық орталықтарының бірі болуға қабілетті»

Н.Ә Назарбаев

Таңғы шапақ. Көктемнің көгілдір уақыты зымырап, жаздың алғашқы күні келіп жетті. Майда самал жел жып-жылы лебімен даладағы бар тіршілікті үрлеп тұрған кейіп танытса, табиғат ана кең шаһарды баурап тұр. Аспанды ақша бұлттар торлап, шиқылдатып балапандарын артынан ерткен құстар Шымкентке қарап тамсана ұшып жүргендей. Жайқалып өскен гүлдер бұл мекеннің шырайын ашып тірі жанды таңғалдырса, өсіп тұрған ағаш жапырақтары күн сәулесімен шағылысады келіп. Алып кенттің дәл ортасынан Арыс алабындағы Бадам өзені мен Қошқар Ата өзендері жарыса ағып жатыр, бұл сұлулыққа қарасаң көз тоймайды. Қала көркін ерекше ашып, тамсандыра салынған зәулім ғимараттар мен нысандар, кесенелер, спорт кешендері мен мәдени орталықтар Абай саябағындағы, хакім Абайдың ескерткіші өзіне еріксіз тартса Алпамыс батыр мен Бәйдібек бидің алып ескерткіштері көз жауын алып тұр. Көп ұлтты әсем қалада бәрі бір-біріне бауыр басқан. Салт-дәстүрді дәріптеп, үлкенді сыйлап, кішіні құрмейтіндері көрінеді. Кең пейілді, жылы жүзді қала тұрғындарының қонақжайлылығы, бал тілді балалардың ойнауы, оқушылардың білімге құмарлығы, тіпті аталарына немерелерінің еркелеуі кіршіксіз сезім тудырады. Қылқалам шеберінің осы туындысынан шымқалаға бармасам да оған деген құштарлығымды арттыра түсті.

Қылқалам шеберінің талайды тамсандырған бұл көрінісі мені де тебірентіп кетті. Шынайы Шымкентті көрмеген, алыстағы Ақмолалық айтып жеткізе алмайтын бұл сезім шымқаланың тарихын білсек те, қыры мен сырын, тарихи баға жетпес мұраларын, қазына іспеттес табиғатын, жайқалған қызғалдақтарын бір көруге құмартып-ақ отыр. Бірақ, Шымкентті тағы не үшін көргім келеді, тек қылқалам шеберінің суреті үшін бе? Жоқ, әрине, елін сүйетін, оны жан жақты танығысы келетін өмірге құштар жас бүлдіршінннің арманы еді. Ол арманға қол жеткізу үшін алдыма мақсат қойып, Шым қала туралы білетінімді ой елегінен өткіздім.

Шымқала Республикамыздағы - алманың отаны -Алматы, Еуразияның жүрегі, ерке Есілдің жағалауында орын тепкен бас қаламыз Астанадан кейінгі ең ірі қалалардың бірі.1921 жылы Черняев аты өшіріліп, Шымкент қаласы өз атын қайтарып алды. Ол өз шежіресімен республикамыздағы еш жерге ұқсамайтын дара бәйтерек секілді.. Самарқан, Түркістан, Отырар, Ферғана, Қашқар қалаларымен қатар өмір сүрген Шымкент қаласының тарихы тереңде жатыр. Сайрам шыңы мен Қазығұрт, Қаратау тауларының жүрегі іспеттес шымқаланың көрінісі талайды қызықтырмай қоймас. КСРО уақытының өзінде М.С Горбочевті өз ерекшелігімен тамсандырған қала көркі әлем елдерін таңғалдырары сөзсіз. Шымкент –қазақ елі мен Орта Азия елдерін байланыстырған Ұлы Жібек жолы бойындағы Алтын ордасы. 3-4 мың жыл бұрын пайда болған керуен жолы ары қарай Ташкентке жол тартады.Оңтүстік Қазақстан облысындағы киелі орын қазақ хандығының астанасы болған Түркістанды айтсаңызшы. Осы өлкеге Ақсақ Темір арнайы ұстазына салдырған Ахмет Яссауи кесенесісінің орын алуының өзі үлкен толғаныс тудырады. Кесенедегі өрнектер ғана емес тарихи нышандарының өзі қазақ мәдениетін тайға таңба басқандай көрсетіп тұрады. Арыстан баб кесенесінің пайда болуы да өз тарихымен баяндалады. Арыстан баб Ахмет Яссауидың ұстазы болған кісі. Үш жүздің басын біріктірген ұлы хан Абылайдың да өмірі Түркістан жерімен тығыз байланысты. 1781 жылы қайтыс болған қазақ елінің ұлы ханы Абылайдың сүйегі осы жерде жерленген. Өткенді көзімен көрген қала, рухты батырларымыз бен намысты бабаларымыз өмір сүрген шаһарды өз көзімен тек қана кешегісін ұмытпайтын, бүгінін ұлықтайтын, ертеңіне сенетін жандарды ғана қызықтыратыны айтпаса да белгілі. Міне, менің ең басты арманым , арман емес алға қойған мақсатым кешегіні ұмытпай, өз көзіммен тарихи орындарды кезектеп көріп қайту.

Қазақ халқында киелі шаһарға жыр арнап, оны әлемге танытқан бесаспап таланттарда аз емес. Сол дүлділдердің бірі қала көркін әнге айналдырған Шәмші Қалдаяқов болатын. Оңтүстіктің төрінде киелі домбыраны ала салып бір күй арнап жіберудің өзі арман ғой.

Мизам түciп, күз қызығы қалған кезде азайып,
Түркiстанда бip ескерткiш бой көтердi ғажайып.
Күннен-күнге келбеттенiп, күннен-күнге сән құрып,
Нән ескерткiш бой көтердi жұртты өзiне таң қылып.

-деп Түркістанды Мұхтар Шаханов ағамыздың өзі жырға бөлеген. Шымкент ақындар үшін шабыт шақыратын орын дейді. Ақын атамыздай менде қаланы көру мүмкіндігі туғанда өзімнің киелі орынға деген ыстық сезімімді өлең шумақтары арқылы жеткізсем бе деймін.

Шымкент қаласының тіпті бүкіл Қазақстанның атын әлемге таратып алтын алқа иеленген Бекзат Саттарханов сынды спорт дүлділдері мақтан тұтарлық жандар. Осындай тұлғалардың жас ұрпаққа беретіні де аз емес. Ғылым мен білімге аса көңіл бөліп қазақ үшін аттары алтын әріппен жазылған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы, әйгілі ақын Әбділдә Тәжібаев сынды шәкірт даярлаған баһадүрлер мен таланттар қаласы. Осындай сегіз қырлы, бір сырлы саналы ұрпақ тәрбиелейтін білім ордаларын көру келесі жылы түлек атанатын оқушылардың мақсаты екені белгілі. Шымкентке сапардың биыл 10 сынып бітіріп, алда 11 сыныпқа аяқ басатындықтан Қазақстанның осы өңірінен де білім ордасын қарауда үлкен мүмкіндік.

Оңтүстікті сөз еткенде Отырарды қоспау мүмкін емес. Әлемнің Аристотельден кейінгі екінші ойшыл кемеңгері Әбу Насыр әл- Фарабидің Отырар медресесінде білім алуы, әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі Отырар кітапханасының осында орналасқандығы құнды тарих.Бірден-бір өкініштісі білім қазынасы жиналған мекеннің жоғалып кетуі. Менің ойымша әрбір Қазақстандық кітап сүйер қауымның ортақ бір арманы бар. Ол: әлемде жоқ кітап нысанының ең ірі, өте құнды деректерге толы, елдердің барлық кітабы жинақталған дүние жүзінде жоқ кітапхананың қазақ жерінде пайда болуы.

Міне, Шымкентке неліктен барғым келетіні осы. Шымқаланың суреттегідей әсем табиғаты мен нысандарын көру арман ғой! Шымқала жасай бер, жайнай бер!

Алмас Жангүл