СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Мен және менің денсаулығым»

Нажмите, чтобы узнать подробности

ашық оқу қызыметі балабақшадағы дене шынықтырудан

Просмотр содержимого документа
««Мен және менің денсаулығым»»

Ұйымдасқан ашық оқу іс - әрекеті

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас»,«Шығармашылық»

Бөлімі: Дене шынықтыру,Тіл дамыту,Музыка.

Тақырыбы: «Мен және менің денсаулығым»

Мақсаты: 1. Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру.

2. Әуенмен жаттығу орындауға қызығушылығын арттыру.

3. Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап жүруді,Гимнастикалық орындыққа ішпен жатып жылжуға, еденде жатқан шығыршықтың үстінен қос аяқпен секіруді, үйрету.

Қажетті құралдар: Әр балаға екі жалаушадан, степ, гимнастикалық орындық,шығыршық,ойынға қажетті заттар,слайд т.б

Әдіс-тәсілдері: слайдтан суреттерді көрсете отырып түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,тақпақ,мақал-мәтелдер,мадақтау.

 

Ұйымдастыру кезеңі

Бір қатар сапқа тұрады

Сәлемдесу

 Біздің бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Мен және менің денсаулығым» -деп аталады.

-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?

-Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет?

-Денсаулық

-Дұрыс айтасыңдар.

Олай болса көгілдір экранға назар аударайық.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Ерте тұру керек.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Шынығу керек.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Күнде жаттығу жасау керек.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Дұрыс тамақтануымыз керек.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Таза ауада көп серуендеп жүру керек.

-Жарайсыңдар балалар ендеше денсаулық туралы тақпағымызды айтып жіберейік.

Денсаулық ол-шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық ол-тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.



Денсаулық ол-күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық ол-жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

 

Ендеше балалар ЖДЖ музыка әуеніне қосылып степпен және жалаушалармен орындаймыз.

  1. Жүру,аяқтың ұшымен,өкшемен

  2. Жүгіру

  3. Тоқтау,степті бір айналу

  4. Аяқты кезек-кезек көтеріп жалаушаны алға созу

  5. Жалауша төмен иықты қозғау

  6. Жалаушамен қолды екі жаққа созып ортаға әкелу.

  7. Жалаушаны степке тигізу

  8. Жалаушаны степке мініп тура созу,жан-жаққа

  9. Тізені көтеріп жалаушаны бір-біріне соғу.

10. Отырып тыныс алу

11.Жалаушаны екі жаққа созу бастан асырып

12.Оңға-солға бұрылу

13 Тыныс алу.

 

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

1.Гимнастикалық орындық үстінде тепе-теңдікті сақтап жүру.

2.Гимнастикалық орындыққа ішпен жатып жылжыу

3. Шығыршықтың ішінен қос аяқпен секіру.

Балалар денсаулық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

1.Денсаулық теңіз, 2.Ұйқы тынықтырады 3.Жарлының байлығы4.Шынықсан,шымыр боласың 5.Денсаулық зор байлық 6.Дені сау ұрпақ-ел болашағы 7.Дені сау адам-дәулетті адам 8.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің

Ойын: «Дұрыс ата»

Шарты: Суреттегі спорт түрлерінің атауларын дұрыс атау керек.

Штангист,бокс,күрес,футбол,волейбол,баскетбол т.б

 

Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап»

 

Ойын шарты:Балаларға екі түсті жалаушалар таратылады,әр бала бір жалаушадан,музыка ойналады,балалар алаңда жүгіреді,музыка тоқтап қалғанда бір түсті жалаушалары бар балалар жұптасып тұра қалады,жеке жұпсыз қалған балаға қарап ойыншылар.

Баланың атын атап , Аузыңды ашып құр қалма,

Серігіңді тез таңда-дейді.

Сұрақ-жауап,өлең шумақ арқылы қортындылау.

Жиналамыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен,кіші жасымыз кәрімізде

Дендеріңіз сау болсын қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап жүріңіздер төрімізде

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жалаушалармен орындалатын жаттығуларды;

Түсінеді: ойынның шарттарын;

Қолданады: гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру,шығыршықтың үстінен қос аяқпен секіру,іздермен жүру дағдыларын