Мендельдің заңдылықтарына есептер шыгару
Мақсаты:
Білімдік: Тұқымқуалаушылықтың гибридологиялық үдісі, гибрдтердің бірнеше ұрпақтарға біркекілік ережесі мен екінші ұрпақтағы белгілердің ажырау заңы туралы білім қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушы бойында ұжымдасып жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көзқарсын дәлелдеп қорғай білу біліктігін дамыту және генетикалық терминалогия мен символика ұғымдарын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: сыныптық, жұптық, жеке.
Әдіс - тәсілдері: көрнекілік, ой - толғау, интервью
Оқыту технологиясы: ұжымдық ойлау
Сабақ жоспары: Ұйымдастыру
І. «Білім» жүесі
1. Жаңа ғасыр - генетика ғылмының ғасыры.
2. Гентика ғылымының даму кезеңі
3. Гентетиклық инженерия, биотехнология.
ІІ. «Түсіну» жүйесі. Гентикалық терминология және символика /топтық жұмыс/
Терминдер мен оған сәйкес келетін терминдер мазмұнын табаыңдар.
І - топ тапсырмасы:
Терминдер - Терминдердің мазмұны
Генетика - Тұқым қуалайтын ақпараттық құрылымдық бірлік
Тұқым қулаушылық - Гетерезигота куйінде көріне алмайтын тұқым қуалайтын белгі
Ген - Тұқым қуалайтын белгілердің сырты көрінісі
Аллельді гендер - Әр түрлі аллельді гендері бар зигота
Гамета - Жыныс хромосомаларынан басқа хромосомалар
Гетерзигота - Тірі организмдердің табиғи қасиеттерінің ұрпаққа берілуі
Фенотип - Өз түріне тән жасушадағы тақ хромосома жиынтығы
Рецессивті - Жыныс жасушасы
Аутосомды - Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді.
Гаплоидты - Бір жұп белгілердің дамуын анықтайтын гендер
2 - топ тапсырмасы
Терминдер - Терминдердің мазмұны
Өзгергіштік - Тұқым қуалайтын ақпараттық құрылымдық бірлік
Хромосома - Гетерезигота куйінде көріне алмайтын тұқым қуалайтын белгі
Зигота - Тұқым қуалайтын белгілердің сырты көрінісі
Гомозигота - әр түрлі аллельді гендері бар зигота
Гамета - Жыныс хромосомаларынан басқа хромосомалар
Гетерзигота - Тірі организмдердің табиғи қасиеттерінің ұрпаққа берілуі
Фенотип - Өз түріне тән жасушадағы тақ хромосома жиынтығы
Рецессивті - Жыныс жасушасы
Аутосомды - Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді.
Гаплоидты - Бір жұп белгілердің дамуын анықтайтын гендер
3 - топ тапсырмасы: генетикалық символдарды анықта
P Ата - ана /латынша -‘parents’/
Ғ Будан /латынша «филий»/балалар
Аталық /марстың қалқаны мен найзасы/
Аналық /венераның айнасы/
Х будандастыру
АА, Аа Доминантты гомозигота, гетерезигота
аа Рецессивті белгі
ІІІ. «Қолдану» жұйесі: Мендель заңдары бойынша есептер шыгару.
1 - есеп: Сұр дрозофила шыбыны қара түсті шыбындармен бундастырған ұрпағы тегіс сұр денелі болған. Осы белгілердің қайсысы рецессивті, сұр шыбынның генотипі қандай?
Шешуі: сұр - АА х қара - аа сұр Аа/сұр түс доминантты, қара түс рецессиві/
Мендельді ажырау заңы бойынша алынған ұрпақ фенотипі жағынан сұр түсті, генотипі гетерозиготалы.
2 - есеп: сұр - Аа х сұр - Аa____АА, Аа, Аа, аа
Мендельді ажырау заңы бойынша алынған ұрпақ фенотипі 3: 1, гинотипі 1: 2: 1 қатынасында.
3 - есеп: сұр - Аа х қара - аа Аа, Аа, аа, аа кері айтара будандыстыру нәтижесінде алынған ұрпақтың фенотипі де, генотипі де 2: 2 қатынасында.
4 - есеп: Қызыл гүлді түнсұлуы өсімдігін, ақ гүлді түнсұлу өзімдігімен буындастырғанда қызғылт гүлді өсімдіктер шыққан, яғни аралық белгі байқалған. Төмендегі буындастырудың нәтижесінде алынатын ұрпақтардың гүлдерінің түстерін анықтау керек. Аа х Аа; АА х Аа; аа х Аа; Қандай ұрпақ қызыл болады?
Шешуі: Аа х Аа........ 1АА: 2Аа: 1аа. ф - 3: 1,
АА х Аа........ АА, Аа, АА Аа генотипі: 2: 2, фенотипі 4: 1
Аа х Аа......... Аа, аа, Аа, аа генотипі де, фенотипі де 2: 2
5 - есеп: Юраның және оның туған ағасы Сергейдің көзінің түсі сұр, ал қарындасы Марияның көзі көк. Шешесінің көзі көк, оның ата - анасынікі сұр болған. Егер белгі бір ген арқылы анықталса, көздің сұр және көк түсі қалай тұқым қуалайды
ҮІ. «Жинақтау» жүйесі: / тест тапсырмасы/
1. Тұқым қуалаушылық пен өзгергішілік зерттейтін ғылым:
А) биология ә) эмбриология
Б) гельминтология г) генетика
2. Тұықм қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашқан кім:
А) Г. Мендель
ә) Морган
Б) Де Фриз
в) Чермак?
3. Бірніші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгіл:
А) ген
ә) доминнантты
Б) аллельді
в) рецесстивті
4. Бірніші ұрпақта көрінбей қалған қарам - қарсы белгі:
А) ген
ә) доминнантты
Б) аллельді
в) рецесстивті
5. Қарам - қарсы белгілердің анықтайтын жұп гендер:
А) ген
ә) доминнантты
Б) аллельді
в) рецесстивті
6. Ата - аналары бір - бірінен бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыру қалай аталады:
А) моногибридті
ә) дигибридті
б) полигибридті?
7. Генотипі АА болатын өсімдіктер қандай гаметалар түзеді:
А) аа
ә) АА
б) Аа
в) аА
8. Бір - бірнен айқын бір жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды шағылыстырса, бірнеше ұрпақта генотипі де, фенотипі де біркелкібуындар алынады. Бұл қай заң:
А) ажырау заңы
ә) Морган заңы
Б) біркелікілік заңы
в) тәуелсіз ажырау заңы?
9. Аллельді гендері бір ғана белгінің дамуына, яғни екеуі де не доминантты (АА), не рецессивті (аа) белгіні анықтайтын организм:
А) гомозиготалы
ә) гетерозиготалы
Б) фенотип
в) генотип
10. Аллельді гендері екі түрлі - біреу доминантты, екіншісі рецессивті (Аа) белгінің дамуын анықтайтын организм:
А) гомозиготалы
ә) гетерозиготалы
Б) фенотип
в) генотип
Уйге тапсырма: Сіздің көзіңіздің, шашыңыздың түсі кімнен тұқым қуалағанын анықтаңыздар (әкеңізден, шешеңізден, атаңыздан, әжеңізден).
Сабақтың тақырыбы: Генетикаға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Өткен сабақпен байланыстырып генетикаға есептер шығару.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Генетика тақырыптарына есеп шығара алу дағдысы қалыптастырылады..
Дамытушылық: Осы тақырыптар арқылы оқушылар логикалық ойлауға , ойын еркін жеткізуге, топен жұмыс істеуге үйретіледі .
Тәрбиелік: Жаңа тақырыптар арқылы оқушылар бірін-бірі
сыйлауға тәрбиеленеді.
Сабақтың типі: Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.(ақпараттық технологияларды қолдану)
Сабақтың әдісі: Әңгіме, түсіндіру, есеп шығару.
Құрал-жабдықтар: Слайд-презентация.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру. 3 мин.
II. Үй жұмысын сұрау.7мин.
III. Есептер шығару .30мин.
ІV. Бағалау. 2 мин.
V. Үй тапсырмасы 3 мин.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгендеу.
3.Сабаққа назар аударту.
II. Үй жұмысын сұрау .(Сұрақ-жауап ретінде)
1. Тұқым қуалаушылықтың теориясының негізгін қалаушы?
2. Морган қандай жәндікке тәжірибелер жүргізді?
3. Тіркесіп тұқым қуу дегеніміз не?
4. Айқасудың өлшем бірлігі ?
5. Цитоплазмадағы генетикалық материал?
6. Хромосомадағы генетикалық материал?
7. Цитоплазмадағы тұқым қуалауды кімдер ашты?
8. Цитоплазмалық тұқым қуалаудың түрлері?
9. Эфрусси жаналығы?
10. Цитоплазмадағы аталық ұрықсыздық деген не ? Кім ашты?
III. Есептер шығару.
Сыныпты 4 топқа бөлеміз. «Ұпай жина» ойыны арқылы, слайдтарда балл бойынша есептерді шығарса, ұпайға ие болады.
Баллдық сұрақтар:
1.Қара көзді (доминантты гомозиготалы белгі) солақай (рецессивті белгі) әйел, көк көзді (рецессивті), оң қолды (доминантты гомозиготалы ) еркекке үйленген. F1 ұрпақты тап?
2.Сұр түсті тышқан – А
Ақ түсті тышқан – а
Сұр және ақ түсті тышқандарды шағылыстырды,Ғ1 тек сұр тышқан, ал Ғ 2-де 198 сұр және72 ақ тышқан пайда болды. Бұл белгілер қалай тұқым қуалайды?
Ж: Моногибридті будандастыру бойынша тұқым қуалайды. Сұр түс доминантты да, ақ түс рецессивті
3. Доминантты аллель көк көзділік –А,ал қара көзділік - а. Мына гаметаларды будандастырғанда фенотиптік ара-қатнас қандай болады?
1. АА х аа Ж: 1.Біркелкі
2. АА х Аа 2.1/1
3. Аа х Аа 3.3/1
4. Доминантты белгі толық байқалмай аралық сипатта болса, ол қалай аталады?
Ж: Толымсыз доминанттылық
5. Гетерозиготалы екі қара итті бір-бірімен шағылыстырғанда ақ иттің дүниеге келу мүмкіндігі қандай?
Ж:
6. Берілгені:
АА – қоңыр құндыз
аа - сұр құндыз
Ғ 2-де 15 сұр және 47 қоңыр құндыз пайда болады.
Есепті шығар.
Ж: Моногибридті будандастыру бойынша тұқым қуалайды.
Фенотипі: 47:15 (3:1);
Генотипі: 1:2:1;
7. Ата-аналары бір-бірінен айқын бір жұп белгі арқылы ажыратылатын дараларды будандастыру?
Ж: Моногибридті будандастыру
8. Қызыл жемісті қойбүлдіргенді бір-бірімен будандастырғанда ұрпақтарының жемісі қызыл, ал ақты бір-бірімен будандастырғанда ұрпақтары ақ болады. Қызыл жемісті қойбүлдіргенді ақпен будандастырғанда, ұрпақтары қызғылт болады.Енді осы қызғылтты өзара будандастырғанда ұрпағында қандай фенотип болады?
Ж: 1 АА (қызыл)/2 Аа (қызғылт)/1аа (ақ)
9. Адамда таскерең ауруы – рецессивті белгі болып тұқым қуалайды.Егер ата-анасы гетерозиготалы болса, отбасында ауру және сау балалардың туу ықтималдығы қанша пайыз?
Ж: 25% (аа) ауру бала тууы мүмкін.
10. Бұршақ өсімдігінің тұқымының қара түсі, ақ түсінен басым. Мынадай будандастырудан алынған өсімдіктердің тұқымының түсі қандай болмақ: а)Аа х Аа; ә) АА х Аа; б) аа х АА; в) Аа х аа ?.
Ж: а) 3:1; ә) біркелкі; б) біркелкі; в) 1:1;
11. Грегор Мендель 2,3 заңдары:
Ж: .2. 3 заңы: Ажырау заңы
Тәуелсіз ажырау заңы
12. Қой бүлдіргенінің екі сорты бар. Бірінің жемісінің түсі қызыл (доминантты гомозиготалы) және мұртшасы (рецессивті) бар, ал екіншісінің жемісінің түсі ақ (рецессивті) және мұртшасы жоқ (доминантты). F1-ы тап?
Ж: F1 – қызыл, мұртшасы жоқ
13. Гомозиготалы қара сиыр қызыл сиырмен шағылыстырылады. Ірі қара малда қара түс (В) қызыл түстен (в) басым екені белгілі. Алынған ұрпақ қандай түсті?
Ж: Бірінші ұрпақ фенотипі бойынша қара, ал генотипі бойынша – гетерозигота.
14. Ірі қара малда Р гені қызыл түсті, Р1 гені ақ түсті анықтайды, ал гетерозигота жағдайында – бурыл түс береді. Ұрпақтарының түсін анықтаңдар:
А) ақ сиырды бурыл бұқамен;
Ә)Бурыл сиыр мен бурыл бұқаны;
Ж: А)1ақ/1бурыл
Ә)1қара/2бурыл/1ақ
15. Генотипі мынадай тышқандар: уу-сұр,Уу- сары,УУ- эмбрионды даму кезеңінде өледі. Мынадай шағылыстыруда ұрпақтары қандай болады: а) сары х сары;
ә)сары х сұр;
Қандай шағылыстыруда ұрпақтары көп болады?
Ж: а) сары х сары; ¼ (25%) эмбрионды дамуда өледі
ә)сары х сұр; ұрпақтары көп болады
16. 2 қара қоянды өзара шағылыстырғанда, ұрпақтарында ақ және қара қояндар пайда болды.
Ата-анасының генотипі қандай?
Ж: Генотипі гетерозиготалы, яғни Аа – қара қояндар
17. Тек бірыңғай доминантты немесе бірыңғай рецессивті аллельдерден тұратын организмді қалай атайды?
Ж: АА, аа - гомозиготалы
18. Қызанақ жемісінің домалақ (В)пішіні алмұрт пішіндіден, ал қызыл түсі (С) сары түсінен басым.Домалақ қызыл қызанақ пен алмұрт пішінді сары қызанақты будандастырса,Ғ1,Ғ2-ні тап
Ж: Ғ1- біркелкі ВвСс; Ғ2 – 9(ВС)/3(Вс)/3(вС)/1(вв)
19. Берілгені:
ААВВ- қара мүйізсіз бұқа
аавв – сары мүйізді сиыр
Ғ1,Ғ2– ні тап?
Ж: Ғ1- біркелкі қара мүйізсіз
Ғ2 – 9(Қара мүйізсіз)/3(қара мүйізді)/3(сары мүйіссіз)/1(сары мүйізді)
ІV. Бағалау.
V. Үй тапсырмасы.
Сабақтың тақырыбы: Генетикалық есептер шығару Сабақтың мақсаты:
Оқыта үйрету ойыны арқылы оқушылардың ізденпаздығын, ойлау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту, генетикалық заңдылықтарды қолдана отырып есептер шығара алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: экспедиция сабақ
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі:слайдтар, сұрақтар, кестелер, деңгейлікесептер,
Венн диаграммасы, үлестірме материалдар.
Сабақ барысы
Кіріспе: ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
Сабақтың барысымен таныстыру
«Ойын жүрісі»- сабақ кезеңдері
Сабақ экспедиция түрінде өткізіледі. Экспедиция арқылы білім шыңына жету. Ойын 2 сатыдан тұрады.
1. Экспедицияға дайындау
А. «Жолға не алу керек ?»
Екі топқа екі жол сөмке ұсынылады онда биологиялық терминдер жазылған қағаздар бар. Екі топтағы оқушылар терминдерді бөліп алып, терминдерге түсінік береді.
1-топқа:
Генетика.Тұқымқуалаушылық. Модификациялық өзгергіштік. Дальтонизм. Доминантты. Гомозиготалы. Фенотип. Кроссинговер.
2-топқа
Цитология. ДНҚ. Мутация. Гемофилия. Рецессивті. Гетерозиготалы. Генотип.Конъюгация
Ә. «Метеоболжам»
Интербелсенді тақтада бірнеше бұлттардың, күннің суреттерін таңдап онда жасырылған 1-деңгейдің тапсырмасын орындайды.
1. Генетикалық символ арқылы белгіле:
а) ата-ана
ә) ұрпақ
б) аналық
в) аталық
г) доминантты
ғ) рецесивті
д) гомозиготалы
е) гетерезиготалы
ж) дигетерозиготалы
з) дигомозиготалы
и) дені сау қыз бала
к) дені сау ер бала
қ) тасымалдаушы қыз
л) ауру ұл бала
м) ауру қыз бала
Бұл сұрақтарға толық жауап берген топ 2-ойынға өтеді.
2-«Шыңға жету». Шыңға жету үшін екі аудан асу керек
Мұнда 2-деңгейлік тапсырмалар орындайды.
Моногибридті будандастыруға есептер шығару.
1. Қызанақтың қызыл түстісі сары түстіден басым. Қызыл гетерозиготалы мен сары дарақта қандай ұрпақ күтуге болады ? Олардың барлық генатипі
мен фенотипін сипаттап жазыңдар.
2. Адамда солақайлық басылыңқы белгі, оң қолды жақсы меңгеру – басымдық. Оңқай гомозиготалы әйел мен солақай еркектің ұрпағы қандай болады ? Барлық генотиптер мен фенотиптерді сипаттаңдар.
3. Теңіз шошқасының кара түсі ақ түстен басымырақ болады. Қара және ақ гомозиготалылардан қандай ұрпақ күтуге болады ? Барлық дарақтардың генотиптері мен фенотиптерін сипаттап жазыңдар.
4. Адамда көгілдір көз басылыңқы белгі, қой көздік басым белгі. Қой көзді гетерозиготалы әйел мен көгілдір көзді еркектен қандай ұрпақ болады ? Барлық дарақтардың генотеитері мен фенотиптерін сипаттап жазыңдар.
Дигибридті будандастыруға арналған есептер.
1. Мынадай генотиптері бар өсімдіктер қандай гометалар түзе алады: ААВВ,
АаВВ, ааВВ, ААВв, ААвв, АаВв ?
2. Бұршақ тұқымының сары түсі-А, жасыл түсіне-а ға қарағанда доминантты.
Ал, тегіс пішінді В бұдыр пішінді-в дан басым. Мына генотиптердің, тұқымдарының түстері мен пішіндерін анықтаңдар:
ааВВ, Аавв, , АаВВ, ааВВ, ААВВ, ААвв.
3. Екі белгісі бойынша гомозиготалы сабалақ жүнді қара қоянды тегіс жүнді ақ қоянмен будандастырған. Егер жүннің сабалқақ қара түсті болуы доминантты қасиет көрсетсе, бірінші ұрпақтағы будандардың генотиптені мен фенотиптері қандай болуы мүмкін ?
4. Алманың қызыл түсті және домалақ пішінді болуы доминантты, ал сары түсті сопақ пішінді болуы рецесивті гендермен анықталады. Аталған екі жұп белгі бойынша гомозиготалы қызыл домалақ жемісті дигетерозиготалықызыл домалақ жемісті мен будандастырғанда олардың ұрпақтарынан генотип және фенотип бойынша қандай ажырауды күтуге болады ?
2 – асу: « Тасты жартас»
Бұл асуда ІІІ деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
Жыныс пен тіркес тұқым қуалау заңдылығына сүйеніп есептер шығару.
1. Дені сау ерлі-зайыптылардың отбасында дальтонизмнің белгісі бар бір ер бала және дені сау қыз бала дүниеге келген. Осы аталған адамдардың барлық генотипін анықтаңдар.
2. Гемофилиямен ауыратын ер адам әкесі гемофилик дені сау әйелге үйленген. Осы отбасында дені сау балалардың дүниеге келуі мүмкін бе ?
Сабақтың соңында көп ұпай жинаған топ «шынға» жетті деп есептелінеді. Көзге түскен ең озат оқушы « Нағыз альпинист» атанады