Қазақ әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» хикаяты.
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік – танымал балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаев туралы түсінік беру, өмір жолы мен шығармашылығы туралы айту. Жазушының «Менің атым - Қожа»хикаятынан алынған үзінді мазмұнымен таныстыру.
б) дамытушылық – оқушылардың тілін, ойлау қабілетін, дүниетанымын дамыту. Өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын дамытуға,шығармашылыққа баулу.
ә) тәрбиелік – балалардың әдебиетке деген қызығушылыгын оятуға ықпал ету. Жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ-жауап, ой толғау, кейіпкер бейнесін момдау.
Көрнекілігі: Мультимедиялық подиум, жазушы портреті, шығармалары, қосымша материалдар,презинтация.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақтың мақсат- міндеттерін түсіндіру
3.«Менің атым - Қожа» фильмінен презинтация
Презинтация бойынша сұхбаттасу
Мынау кім?

Жазушы туралы не білесіңдер?
Ендеше бүгінгі сабағымыз танымал балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевқа арналады.
Мұгалім жаңа материалды өзі түсіндіреді.

Бұл қай фильмнен үзінді? Қожа бейнесі

Фильмнің басты кейіпкері кім? Фильм қай шығарма бойынша түсірілген?


Оның авторы кім? «Менің атым - Қожа» шығармасынан презинтация бойынша үзінді талдау





Деңгейлік тапсырмалар:
«Қожаның қай сәті бейнеленген, өз пікіріңді қосып, әңгімелеп жаз».
«Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін – ай!».
«Қай сәт бейнеленген?»
«Есікті аша бергенімде тынысым мүлдем бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін».
«Қай сәт бейнеленген?»
«Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығарар ма?»
«Ой тастау» стратегиясы
Қалай ойлайсыңдар, әдепті жолға түсуіне, өз қателігін түсіне білуіне не себепкер болды? Анасын аяу ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың пед. кеңестен шығып бара жатқандағы айтқан сөзі ме?
«Теріп алу» стратегиясы
*алғыр, пысық *әділетті
* өтірікші * мақтаншақ
*ақылды * әзілқой
*сотқар * тапқыр
*мейірімді * арамза
*қу, зымиян *қателіктерін түсінеді
*тиянақсыз * жағымпаз
*шыдамсыз * есті тентек
*ақ көңіл
Сабақты қорыту Қожа мен Жантасқа салыстырмалы
мінездеме беру:
Кейіпкерлер | Қандай адам? (мысал келтір) |
| |
| |
| |
| |
«Тестік сұрақтар»
Шығарманың тақырыбы не?
А) соғыстан бүлінген елді қалпына келтіру.
Ә) ауылдағы ауыр еңбек тақырыбы.
Б) соғыстан кейінгі кеңес оқушыларының өмірі.
2. Қожаның арманыныдағы өз бейнесі
3. Қожаның сыныптасы кім?
А) Дәулет.
Ә) Сұлтан.
Б) Жантас
4. Әкесі майданға кеткенде Қожа нешеде еді?
5. Сынып жиналысында Қожаны мектептен шығару туралы ұсыныс айтқан кім?
6.Қожаны ұната қоймайтын қарт кісі?
А) Тәуіп шал.
Ә) күзетші шал.
Б) Жанардың әкесі.
7. Дойбы ойыны қалай аяқталады?
А) тең аяқталады.
Ә) Жанардың жеңісімен.
Б) Қожа жеңісімен.
8. Қожа ұрлығы ашылып, қай жерде масқара болады?
А) сыныпта. Ә) тойда. Б) лагерьде.
9. Қожа күресіп, сыйлыққа не алады?
А) ақша. Ә) кітап. Б) доп.
10. Қожаның әкесіне борышты адам кім?
А) Қаратай.
Ә) Сәйдібек қарт.
Б) Ахметов.
11. Сұлтанның әкесі кім?
А) Сүгір.
Ә) Жұмагүл.
Б) Оспанов.
12. Хикаятта неше тарау бар?
--- Сабақты қорытындылау , оқушы білімін бағалау.
Үй тапсырмасы:
Жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты Блиц – турнир сұрақтарына жауап беру:
Бердібек Соқпақпаев ... ... ...
... ... оқыған.
... .... ... ... жұмыс істеген.
Жазушы атын ерекше танытқан шығарма ... ... ...
... ... жеңіп алды.
«Он алты жасар чемпион» ... ... ...
Б.Соқпақбаев - … … …
Рефлексия
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Неліктен? Ұнамады ма? Неліктен?