Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | Д дыбысы мен әрпі. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | Шаттық шебері |
Сабақтың ортасы 8 минут | №1 Суреттердегі Д әрпі бар сөздерді тап. Оларға дыбыстық талдау жаса. №2 Әріптер мен сандарды пайдаланып сөз құрастыр. а | н | л | р | о | т | у | ш | с | д | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | №3 Мұғалімнің көмегімен берілген суреттердегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра. Қандай сөз шықты? Оны жаз. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
Сергіту сәті 1 минут | Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз. | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Қызықты тапсырма 8 минут Аяқталуы 16 минут | Оқушылар хормен айтып үйренеді. Ду, ду, ду! Дүк - дүк! Пойыз келеді. Ду, ду, ду! Дүк - дүк! Бәрі жол береді. Ду, ду, ду! Дүк - дүк! Жүгіріп өтпе, Ду, ду, ду! Дүк - дүк! Тұра тұршы шетте. Ду, ду, ду! Дүк - дүк! Пойызды өткіз. Қол бұлғап қалайық «Жолболсын!» - деп біз. | Оқулық, дәптерлер. |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
   | Смайликтер |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |